дамыту әрекеттері, сөз образы мен көркем кейіпкер образына талдау жұмыстары,
шығарманың тілдік ерекшеліктерін ажыратып тану, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін
ажырату, шығарманың кӛтерген басты мәселесі, қосалқы тарырыптар, шығарма өзегіндегі
авторлық көзқарас, автор поэтикасы, шығарма идеясын таныту жұмыстары 7-9 сыныптарда
белсенді жүргізіледі. Оқушылардың сӛйлеу
мәдениеті, ойлау мәдениеті және, авторға,
көркем шығарма кейіпкеріне эмпатиялық қарым-қатынас, эмоционалды қайырымдылық, өз
басынан кешкендей сезіну қабілеттері де осы орта буын сыныптарда қалыптасады. 5-9
сыныптардағы әдебиет пәні бағдарламалары қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын
шоғырландыру ұстанымы және хронологиялық жүйе бойынша құрылған. Сонымен қатар
әлем әдебиеті үлгілері де ұсынылған. Әдетте орта буын сыныптарда қаламгердің
өмірбаяндық деректері беріледі. Орта буын (5-9) сыныптарда қаламгер өмірбаянын дербес
сағат кӛлемінде оқыту жоспарланбаған. Өмірбаяндық деректер
оқылатын мәтін мазмұнын
ашуға қызмет жасайды. Әдеби-теориялық білім мен әдебиеттің тарихи курсын оқуға
даярлық та орта буында жүргізіледі. Ал автор өмірбаянын жеке сағат көлемінде оқыту
әдебиеттің тарихи курсын, автор шығармашылығын монографиялы түрде оқитын 10-11
сыныптарға тән.
Достарыңызбен бөлісу: