Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет47/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Талас бәрпісі (Aconitum talassicum) Сарғалдақтар тұқымдасы — Қазақстанда сирек кездесетін, саны қысқарып бара жатқан түр. Тек Батыс Тянь-Шаньда (Талас және Угам жоталары, Қырғыз Алатауының батыс бөлігі) кездеседі. Өзен жағалауында, аршалы ормандарда және шалғынды аланқайларда, көбіне субальпі белдеуінде өседі. Үш-төрт біріккен түйнек тізбегінен тұратын кішілеу томырсабағы мен биік сабағындағы көптеген көгілдір гүлдермен ерекшеленеді.Туыстың басқа өкілдері сияқты құрамында улы заттар - алколойдтар бар. Ирекгүл, каллиантемум (Callianthemum) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда Алтайдың, Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларының, Тарбағатайдың, Батыс Тянь-Шаньның альпілік шалғындарында, тау беткейлері мен мореналық шөгінділерінде, жылғалардың жағасында кездесетін 3 түрі (алатау Ирекгүл, саян Ирекгүл және тасжапырақ Ирекгүл) бар. Бұлардың биіктігі 4 – 35 см, жуан тамырлары бар. Сабақтары жіңішке, 1 – 2 гүлді, жапырақтарынан ұзын келеді. Тамыр түбі жапырақтары жұмыртқа тәрізді, қауырсынды, жалпақ сағақты. Тостағанша жапырақтары 5, күлтелерінің саны 5 – 15. Гүлдері ірі, ақ немесе қызғылт, күлгін түсті, аталығының саны көп. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі шар тәрізді, сырты қыртысты, кейде қысқа мұртшасы болады. Ирекгүлдің гүлдері әдемі болғандықтан сәндік үшін өсіріледі.
Уқорғасындар (Aconitum) — сарғалдақтар тұқымдастарына жататын биік бойлап өсетін көпжылдық шөп өсімдіктерінің бір туысы. Бұған жататын түрлер 80-ге жуық. Мұның көпшілігі ы келеді. Олар: бәрпе, уқорғасын. Туыстың құрамында 60 – тай түрі бар. Олар солтүстік ендікте, әсіресе таудың күн түсетін беткейлеріндегі шалғын – дарда, бұталардың араларында жиі куездеседі. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 50 – дей, ал Қазақстанда 14 түрі кездеседі. Бұлар көпжылдық шөптесін өсімдіктер, тамыры жалпақ тор секілді. Гүлі зигоморфты шашақ гүл шоғырына жиналған. Тостағаншасының саны 5, олар ашық көк түске боялған күлтежапырақшылар тәрізді болады, оның үстіңгісі ұлғайып өсіп, бүркіттің томағасы тәрізді формаға келеді, ал астыңғы екеуі көп жағдайда тең болмайды. Күлте жапырақшалардың саны 5 – 8, бірақ оның тек жоғарғы екеуі ғана жетіледі және олар үлкен тәтті шырынға айналады. Тәтті шырындар тостағанша жапырақшаның үстіңгі томаға тәрізді ұлғайған бөлігінің ішінде орналасады, ал қалғандары азды – көпті редукцияға ұшыраған. Аталықтарының саны көп, аналықтарының саны 3 – 7 ге дейін болады.
Сарғалдақтар тұқымдасы (Ranunculaceae) қоңыржай облыстарда және суық климатты Солтүстік жартышарда басым тараған 2 мыңнан астам түрлерді (66 туыс) біріктіреді. Түрлердің көпшілігі – көп жылдық шөптесін, кейде біржылдық және біренсаран жартылай бұта және лианалар (ломонос-Glematis). Жапырақтары жай, әр түрлі дәрежеде тілімделген, бөбе жапырағы жоқ. Алкалодтарды, кейде гликозидтер жинау тән, өсідіктер улы болып келеді де, жас күйінде малдар жемейді. Гүлдері әртүрлі гүлшоғырлы, дара, энтомофильді, қосжарнақты, ациклді және циклді, актиноморфты немесе зигоморфты. Гүлсерігі әртүрлі, қарапайым немесе қосарлы, көп жағдайда морфологиялық жағынан салыстырмалы, бұларға стаминоидтар тән – стаминодиялар мен жапырақтарының арасында кезектескен шірнеліктер және мүшелер. Аналығы көп немесе бірнешеу, олардың саны белгісіз, кейде 3-2 (1). Ұзарған осінде бос тұрған аталықтары өте көп. Түйіні 1-ұялы жоғарғы. Жемістері бірнеше жапырақшалардан және жаңғақшалардан тұрады. Тұқымдары эндосперммен және ұсақ ұрықтарымен болады. Алғашқы археспориальды клеткалары бірнешеу. Өткізгіш шоқтары сирек жағдайда – бірнеше шеңберлі. Түйіндері 3 – немесе көплаккунды.
Сарғалдақтар - өте кең тараған және гүлінің құрылысы бойынша әр түрлі тұқымдас. Тұқымдасты әлдеқайда тура етіп көрсететін актиноморфты гүлдер есептеледі, олар белгісіз санды бөліктен тұратын қарапайым гүлсерікті, шығыңқы осте орналасқан көп санды аталықтар мен аналықтар. Бұған анық-сары түсті гүлдері бар, саусақ-салалы жапырақты европалық купальница (Trollius europaeus) мысал бола алады.
Сарғалдақтар гүліне әдетте мынадай формула тән: K5 CN5 A∞ G∞ Мұндағы гүлсерік мүшелерінің саны бекітілген, ал жапырақтарында шірнелік ұяшықтары бар. Олар арнайы қабыршақтармен жабылған. Жапырақтары ешқандай да ноготок пен пластинкаға бөлінбеген, ал шірнеліктерінің құрылымы өзінше ерекшеленеді. Шірнелік - жапырақшалары шеңбер бойымен, ал гүлдің қалған бөлігі спираль бойымен орналасқан. Сарғалдақтар қосқанаттылар мен қоңыздар отрядының көптеген түрлерімен тозаңдана береді, яғни біз олардың тозаңдануларын онша қалыптастырылмаған деп айтуға болады, алайда сарғалдақтардың кейбір топтары апомиксиске ауысып кеткен, бұл сөзсіз екінші ретті немесе қайталанбалы құбылыс болып саналады. Айқын гетеробатмия аконит немесе бәрпі-борец, және тегеурінгүл-живокость сияқты түрлерге тән, себебі олар тек жарғаққанаттылармен тозаңданады. Сарғалдақтардың көбі өте ерте гүлдейді, тіпті «қар астынан», тауда еріп жатқан қарлардың астынан да байқауға болады. Аздаған өкілдері ғана жазды күні гүлдейді. Тұқымдастың көптеген түрлері декоротивті. Бақтардан акониттерді, бәрпілерді, шөмішгүл-водосборларды, немесе аквилегияларды, желайдарларды жиі кездестіруге болады.
Сарғалдақтар сонымен қатар бірнеше қатар маңызды дәрілік өсімдіктерді де береді. Мұнда ең басты айтып өтетін көктемдік адонис (Adonis vernalis) – жүрек-қантамырларының тарылуына жақсы көмек болып табылады. Қазіргі таңда бұл далалық өсімдіктің табиғи қоры өте азайған. Сондықтан оны қолдан өсіру тәжірибесі бар. Сарғалдақтардың барлығы алколоидтарға өте бай, сол себепті тұқымдас қатарында көптеген улы өсімдіктер бар. Кейбір акониттердің таулы орта азиялық түрлері өте улы өсімдіктер қатарына жатқызылады. Сарғалдақ туысы (лютик - Ranunculus) 600-дей түрі бар. Бұлардың көпшілігі өте кең таралған және ылғалы мол жерлердің өсімдіктер жабынында, ылғалы мол жайылымдарда, батпақтарда және т.б. жерлерде доминант болып саналады. Сарғалдақтың түрлері барлық континенттнрде кездеседі. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 180-дей, ал Қазақстанда 57 түрі бар. Оладрдың ішіндегі ең кең таралғандары күйдіргі сарғалдақ (лютик едкий – r. acris) сарғылт сарғалдақ (лютик золотистый – R. auricomus), улы сарғалдақ (лютик ядовитый – R. sceleratus) және басқалар. Барлық түрлері негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу біржылдық , барлық уақытта дерлік улы деп айтуға болады.
Гүлінің формуласы: *Ca5 CO5 A∞ G∞. Сарғалдақ тұқымдас өсімдітерді бұрынан ақ жаралар,ойы жарларды, күйген жерлерді, бұлшық еттер мен буындардың ревматикалық қабынуларын, сыздауықты және көптеген басқа да ауруларды емдеу үшін қолданып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет