Әдебиеттер тізімі 1.Әметов Ә.Ә. Ботаника. Алматы, 2005 ж.
2. Агелеуов Е.А. және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы. Алматы, 1998 ж.
3. Хржановский В.Г., Пономоренко С.В. Ботаника. Москва: «Колос», 1982 г.
4. Хржановский В.Г. Курс общей ботаники. Москва: «Высшая школа», 1976г.
5.Тахтаджян А. Систематика магнолияфитов. Ленинград: «Наука», 1987г.
Лекция №24,25
Тақырыбы: Дара жарнақтылар класы. Құртқашаштар және лалагүлдер тұқымдастары
Мақсаты: Студенттерге дара жарнақтылар класының құрылымдық ерекшеліктері, құртқашаштар және лалагүлдер тұқымдастарының құрылысы, систематикасы, жер бетіне таралуы туралы білім беру.
Лекция мәтіні: Жабық тұқымдылар ертеден кос жарнақтылар (Dicotyledoneae) және дара жарнақтылар (Monocotyledoneae) кластары болып екіге бөлінеді. Айтып кеткен жөн, қос жарнақтылар мен дара жарнақтылардың тұқым жарнағындағы негізгі белгілерінен басқа бірқатар ауытқушылықтар болып отырады. Мысалы, кейбір кос жарнақтылардың тұқымжарнағы біреу (фикария - чистяк), жапырағының жүйкеленуі доға тәрізді (бакажапырак — подорожник) болады, ал дара жарнақтылардың сабақтары екінші рет жуандайды (юкка, драцена) және т.б. Бұдан біз жоғарыда келтірілген белгілардің салыстырмалы түрде гана алынғанын байқаймыз. Сондықтан қай класқа жататындығын анықтағанда осы белгілердің тек біреуіне ғана сүйенбей, олардың барлығын түгелімен ескеру қажет.
Жабық тұқымдылардың табиғи топтарын гүлдерінің құрылысына және өмірлік формаларына қарай бөлу (топтастыру) немесе талдау мынаны көрсетеді. Туыстық жақындығы бар қатарлар біршама кысқа болады. Сондықтан жабық тұқымдыларға шолу жасағанда оларды қатарлардың тобына біріктіру тәсілдемесі шыққан. Олардың 8 қос жарнақтылар класына жататын қатарлардың тобы: көп жемістілер (магаолия тәрізділер), раушангүлдер тектес бос желектілер, раушангүлдер тектес бір жабынды өсімдіктер, раушангүлдер тектес біріккен желектілер, орталық дәнді бос желектілер, орталық дөнді бір жабынды өсімдіктер, тұқымдары гүл түйінінің қабырғасына жанаса орналасқан бос желектілер, тұқымдары гүл түйінінің қабырғасына жанаса орналасқан біріюсен желектілер және дара жарнақтылар класына жататын екі қатардың тобы: желекті гүлділер, қабыршақты гүлділер.
Дара жарнақтылардың қос жарақтылардан басты айырмасы бұлардың тұқым жарнағы бiреу болады.Тамыры шашақты немесе пиязшықты. Дара жарнақтылардың сабағының алғашқы құрылысы өсiмдiктiң тiршiлiгiнiң соңына дейiн сақталады. Сабақтың көлденең кесiндiсiнде өткiзгiш шоқтары ретсiз, шашыраңқы орналасады. Жапырақтары параллель немесе доға тәрiздi жүйкеленедi. Дара жарнақтылар класы 4 кластармағынан, 38 қатардан, 104 тұқымдастан және 63000-дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер (бір-, екі-, көп жылдық), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлык құрлықтарында (контииентгерінде) кең таралған. Дара жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маман- данған және ауыспалы формалары арқылы бір-бірімен байла- ныста болады. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан жоғарыда келтірілген айырмашылықтарынан басқа (348-бетті кара), тағыда көптеген қосымша белгілерінің сериясын айтуға болады: дара жарнақтылардың флоэмасында тін паренхимасы болмайды, сондықтанда ол тек сүзгілі түтіктерден және серік- тік клеткалардан тұрады; өткізгіш шоғында ксилема мен флоэ- маньщ арасыңда болатын шекаралық түзу доға тәрізді болады. Ксилемасы флоэманы айнала қоршап тұрады; жапьфактары екі қатар түзіп орналасады; артық қор заттары және метаболизм өнімдері (эфир майы, илік затгар, алколоидтар, глюко- зидтер және т.б.) көп түрлі болмайды, олардың молекула- сыньщ құрылысы біршама қарапайым болып келеді.Дара жарнақтылардың ішінде жоғарғы деңгейде маманданған өсімдіктер көгггеп саналады. Мысалы, геофиттері өмірінің қолайсыз кезендерін жер астында тамырсабақ, бадана (луковица), түйнектер, түйнек пиязшьтқтар түрінде өткізеді; гелофиттері, батпақты жерлерде және ылғалы мол топырақтарда өседі; ксерофиттері шөлді және шөлейт аймақтарға бейімделген; эфемерлері өмірлік циклы кысқа болатын өсімдіктер, ұзаққа созылатын құрғақшылық басталғанға дейін олар гүлдеп және дән бай лап үлгереді.Дара жарнақтылар класының жоғарыда келтірілген 38 қатарын гүлсерігінің құрылысының ерекшеліктеріне қарай екі қатарлардың тобына бөледі.Құртқашаштар тұқымдасы.Құртқашаш (касатик - Iris), гладиолус (шпажник - Gladiolus), бәйшешек (шафран - Crocus) секiлдi сәндiк өсiмдiктердi сендер жақсы бiлесiңдер. Олардың барлығы құртқашаштар тұқымдасына жатады. Сонымен бiрге бұл тұқымдасқа басқа да көптеген сән болып гүлдейтiн өсiмдiктер жатады. Құртқашаштар тұқымдасына 75-80-дей туыс, 1800-дей түр жатады. Қазақстанда 6 туысы, 35 түрi өседi. Бұл тұқымдастың өкiлдерiнiң таралу аймағы аса кең. Олар жершарының салқын, кейбiр шөлдi және ылғалды тропикалық ормандарынан басқа кеңiстiктердiң барлығында кездеседi. Бiрақ құрқашаштардың түрлiк саны мен өсу жилiгi барлық жерде бiрдей емес. Олардың аса қалың өсетiн аймағы Африканың оңтүстiгi, орталық және оңтүстiк Америка.
Құртқашаштардың көпшiлiгi шөптесiн өсiмдiктер. Әсiресе тамырсабақты, пиязшықты, түйнектi пиязшықты формалары көп кездеседi. Тропикалық аймақтарда бұталары да кездеседi. Жапырақтары қылыш немесе таспа тәрiздi болып келедi. Гүлдерi iрi қосжынысты дұрыс, кейде бұрыс гүлдер болады. Мысалы, гладиолустың гүлдерi бiржақты масақ тәрiздi гүлшоғырын түзедi. Гүлдерi бiр түрлерiнде жалғыздан болса, екiншiлерiнде бiрнешеуден жиналып гүлшоғырын түзедi. Гүлсерiгi қарапайым алты күлте жапырақшадан тұрады. Олар үштен шеңбер түзiп орналасады. Сыртқы шеңбердi түзетiн желектердiң, iшкi шеңбердiң желектерiнен айқын айырмасы болады. Аталықтары мен аналықтарының саны үшеуден, төменгi жатынды. Жемiстi үш ұялы қауашақ.
Басты туыстарының бiрi құртқашаш (касатик - Iris). Оның Қазақстанда 21 түрi кездеседi. Құртқашаштың көптеген түрлерiмен бұдандастыру арқылы алынған (гибридний) сорттарын барлық жерде сәндiк өсiмдiк ретiнде отырғызады. Әсiресе герман құртқашашы (касатик германский – Iris germaniana) деген түрдi жұпар иiстi тамырсабағы үшiн үлкен алқапқа отырғызады. Оны парфюмерия өнеркәсiбiнде және қақырық түсiретiн дәрi ретiнде медицинада қолданады. Құртқашаштың 2 түрi: Альберт құртқашашы (ирис Альберта – Iris alberti) және Людвиг құртқашашы (ирис Людвига – Iris ludwigii) сирек кездесетiн және жойылуға жақын өсiмдiктер ретiнде қазақстан қызыл кiтабында тiркелген. Бәйшешек туысы (шафран - Crocus). Бәйшешек түйнектi пиязшықты өсiмдiк. Жасыл таспа тәрiздi жапырақтары жапырақ қынапшасынан топтасып шығады. Гүлдерi үлкен болады. Көп жағдайда жалғыздан немесе қосарланып жапырақ қынапшасын жарып шығады. Гүлдерi қосжынысты, күлте жапырақшалары сары немесе ашық көк түстi болып келедi. Қазақстанда бәйшешектiң мынадай екi түрi кездеседi: Корольков бәйшешегi (шафран королькова – Crocus korolkovii) және Алатау бәйшешегi (шафран Алатавский – Crocus alatavicus). Оның бiрiншiсi сирек кездесетiн, жойылуға жақын өсiмдiк ретiнде қазақстан қызыл кiтабына тiркелген.Гладиолус туысы (шпажник - Gladiolus). Гладиолустар сән болып гүлдейтiн түйнектi пиязшықты өсiмдiктер. Күлте жапырақшалары ашық түске (ақ, қызыл, сары) боялған болады. Дүние жүзi бойынша 250 түрi белгiлi. Ал қазақстанда 2 түрi кезедеседi: қатпар гладиолусы (шпажник черопитчатый – Gladiolus imbricatum) және будан гладиолусы (шпажник гибридный – Gladiolus hibiridus). Оның бiрiншiсi сирек кезедесетiн түр ретiнде Қазақстан қызыл кiтабына енген.
Шиқылдақ туысы (юнона - Juno). Шиқылдақтар биiктiгi 15-20 см шамасында болатын көпжылдық пиязшықты өсiмдiктер. Қысқа сабағын орақ тәрiздi иiлген жапырақтары тұтас жауып тұрады. Гүлдерi бiреуден (сиректеу 2-3-тен) болады. Гүлдерi сарғыштау-көк, ашық-көк немесе көкшiлдеу түстi болып келедi. Сәндiк өсiмдiктер. әсiресе көктемде айналаға ерекше көрiк бередi. Шиқылдақ туысының Қазақстанда 8 түрi өседi. Оның үшеуi сирек кездесетiн өсiмдiк ретiнде қазақстан қызыл кiтабына енген. Олар Алматы шиқылдағы (юнона Алма-Атинская-Juno almatensis), көкшiл шиқылдақ (юнона голубая – Juno coerulea). Кушакевич шиқылдағы (юнона кушаковича – Juno kuschakewiczii). Сонымен бiрге бұл тұқымдасқа Калпаковский придодиктиумы (иридодиктиум Калпаковского – Iridodictyum kalpakowskianum) деп аталынатын түр жатады. Ол биiктiгi 15-20 см болатын, кiшiрек шар тәрiздi түйнектi пиязшықты өсiмдiк. Пиязшығын өткен жылғы жапырақ қынапшасының тор тәрiздi қалдықтары жауып тұрады. Әдетте тор жiңiшке таспа тәрiздi жапырағы болады. Олар гүлсидамы секiлдi жапырақ қынапшасын жарып шығады. Гүлдерi күлгiн-көк түстi. Гүлдерiнiң түп жағында ақ түстi дағы, ал жоғарғы жағында ашық-сары түстi айдары болады. Сәндiк өсiмдiк. Ол сирек кездесетiн өсiмдiк ретiнде Қазақстан қызыл кiтабына тiркелген.