Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет45/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Лекция №22,23


Тақырыбы: Сарғалдақтар тұқымдасы. Қалампырлар тұқымдасы


Мақсаты: Студенттерге сарғалдақтар тұқымдасы және қалампырлар тұқымдасы өсімдіктерінің морфологиялық құрылысы және классификациясымен таныстыру.


Жоспары:

  1. Сарғалдақтар тұқымдасының жалпы сипаттамасы

  2. Туыстарға жіктелуі.

  3. Қалампырлар тұқымдасы



Лекция мәтіні: Сарғалдақтар тұқымдасы (Ranunculaceae) - қос жарнақтыларға жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Кейде бұта және шырмауық түрінде де кездеседі. Жер шарында кең тараған 50-ден астам туысы, 500-ге жуық түрі негізінен қоңыржай белдеулерде, салқын жерлерде және суда өседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 29 туысы, 185 түрі бар. Ішінде жиі кездесетіндері: сарғалдақ, бәрпі, тегеурінгүл, жанаргүл, т.б. Жапырақтары бүтін жиекті не тілімденген, жапырақ серіктері болмайды. Гүлі қос жынысты (сирек жағдайда дара жынысты) болады. Аталығы өте көп, гинецейі апокарпты (гүлдегі өзара тұтаспаған аналықтар жиынтығы). Жемісі — көп тұқымды жапырақша немесе көп жаңғақша. Тұқымы майлы. Көп жылдық Сарғалдақтар тұқымдасының құрамында алкалоид және глюкозид болғандықтан улы келеді. Сарғалдақтар тұқымдасының көпшілік түрі дәрілік өсімдіктер (жанаргүл, бәрпі, т.б.); әсемдік үшін де өсіріледі (шөмісгүл, тегеурінгүл, жібілген, т.б.).
Бұл тұқымдаста 2 мыңдай түр бар. Олардың көпшілігі қоңыржай және салқын климатты аймақтарда кеңінен таралған өсімдіктер, кейбір түрлері тропикада өседі. Сарғалдақгүлділер көпжағдайда, әсіресе ылғалы мол шалғындарда және ормандарда өсімдіктер жабының негізгі компоненттерінің бірі. Негізгі өмірлік формасы - көпжылдық шөптесін өсімдіктер, олар тамырсабақ және түйнек түрінде жердің астында қыстап шығад, сиректеу ішігірім бұталар немесе лианалар.
Жапырақтарының жапырақ серігі болмайды, олар қарапайым тілімделген немесе қалақша тәрізді тілімделген болып келеді, сабаққа кезектесіп немесе қарама – қарсы орналасады. Гүлдері алуан түрлі - ациклді, гемициклді, циклді; актиноморфты және зигоморфты, гүл серігі қарапайым немесе қосарланған; гинецейі апокарпты немесе ценокарпты. Гүлдерінің алуан түрлілігі осы тұқымдасқа біріктірілген туыстардың, эволюциялық дамудың әртүрлі сатысында тұрғандығымен тікелей байланысты. Сонымен бір туыстарының гүлдерінің құрылысы көп жемістілерге тән қарапайым: гүл серігі қарапайым. Гүлінің компонеттерінің саны өлшеусіз көп, спиральдың бойымен орнласқан, тәтті шырындығы (нектарнигі) жоқ (сарғалдақ – Trollios, Желайдар - Anemone, қалтагүл - Caltha); екінші біреулерінің гүлдерінің құрылысында насекомдармен тозаңдануға бейімделуіне байланысты жоғарғы деңгейде маманданғандықтан белгілері байқалады. Мысалы, гүл тепкісі бар шөмішгүл (водасбор - Aquilegia, тегеурін гүл (живокость -Delphinim), гүл серігі зигоморфты у қорғасын (борец – Aconitum), кейбір туыстары желмен тозаңдануға маманданған, гүл серігі редукцияға ұшыраған.
Жемістері көп жағдайда құрама – таптамалардың жиынтығынан, жаңғақшалардың жиынтығы немесе қарапайым жидектәрізді болып келеді. Сарғалдақгүлділердің бойында көп жағдайда улы алколоидтар болады, сондықтанда оларды мал жемейді. Пішінге орылатын шалғындарда және жайылымдарда олар қажет емес компоненттернің бірі болып табылады. Бұлар негізінен сәндік және дәрілік өсімдіктер.
Желайдар (Anemone) — сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Желайдардың бұрынғы КСРО аумағында 46 түрі өседі, олардың көпшілігі
улы келеді. Негізгілері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет