Лекция 1 Тақырыбы: «Математикадан есеп шығару практикумы»



бет3/16
Дата22.09.2023
өлшемі387,77 Kb.
#109682
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Лекция әдіс. нұсқау МЕШП 2022-2023

Бақылау сұрақтары:


1.Математикадан есеп шығару практикумы пәнінің міндеттерін ата
2. Математикадан есеп шығару практикумы пәнінің мақсаты қандай
3.Есеп шығарудың жалпы мәселелерін ата.
4.Бастауыш математика курсындағы есеп түрлері қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Негізгі әдебиеттер
1.Кененбаева М.А. Математиканы оқыту теориясы және технологиясы. Оқу құралы.- Павлодар: ПМПИ,
2.Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: Оқулық:Алматы 2011. Бөрібекова, Ф.Б.
3.www.cep.kz – Білім беру бағдарламалары орталығы
Лекция 3

Тақырыбы Есептер шығару барысындағы оқушылардың ойлау іс-әрекеттері


Жоспар
1. Есептер шығарудағы таным әдістері.
2. Есеп шығаруда оқушылардың ойлау іс-әрекеттері.


1. Қазіргі заманда ғылыми–техникалық дамудың деңгейіне баланысты қоғамның мектепке талабы күнен – күнге арттып келеді. Бұл ғалымдарға пәндердің оқыту, мазмұндарын құрастыру жаңа жолдарын іздеструге мәжбүр етуде, яғни білім мен тәрбие беруде жоғары нәтижелерге жету үшін ғылыми таным әдістерін қалай пайдалану керектігі жөніндегі мәселені Қосанов Б.М ұсынды.
Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрәкетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұлар: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады, оқыту әдістері шындықты табуға әрәкет жасайды, идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады.
Мектеп математикасы курсын оқытудағы ғылыми таным әдістеріне: бақылау және эксперимент, салыстыру, анализ және синтез, жалпылау және нақтылау, аналогия және модельдеу,индукция және дедукция, абстракциялау жатады. Қандай ғылым болсада қарастырып отырған объектілерінің мәнін ашып, олардың қандай заңдылықтарға бағынатынын зерттейді. Объектілерді танып білу, оларды ғылыми таным әдістерін сипаттау жұмыстарынан басталады.
Математиканы оқыту процесінде мұғалім оқушыларға математикалық ғылыми таным әдістерінің қандай ерекшелшіктері болатынын және олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіріп отыру керек. Сонымен қатар, математиканы оқып үйренуде ғылыми таным әдістерін қалай жүзеге асырылатынын көрсете отырып, мұғалім оқушылардың қабілетін дамытады,ол әдісті нақтылы жағдайларда қолдана білуін қалыптастырады.
Таным әдістерінің ішінде ең кең тараған әдістердің бірі-анализ бен синтез. Анализ бен синтез таным теориясының, психологияның, математиканы оқыту әдістемесінің негізгі мәселелерінің бірі.
Анализ грек сөзінен шыққан,яғни жіктеу, бөлшектеу, талдауды білдіреді. Математикалық объектілер мен заңдылақтырды оқып үйрену процесінде ғылыми танудың әдісі болып табылатын анализ және синтез әдістерін пайдаланбау мүмкін емес. Анализ деп бүтінді ойша немесе практикалық түрде құрамды бөліктерге бөліп, ол бөліктерді және олардың қасиеттері мен арақатынастарын жеке-жеке қарастыру арқылы зерттейтін әдіс түсініледі.
Оқып үйренілетін объект туралы айқын түсінік пайда болуы үшін құрамды бөліктердің арасындағы өзара байланысты анықтау керек, сол себепті анализ жеткіліксіз. Сондықтан синтез қажет. Синтезді анализ арқылы бөлінген бөліктерді ойша немесе практикалық түрде біріктіру деп түсінеміз. Синтез грек сөзінен шыққан, яғни біріктіру, құрастыру, теруді білдіреді.
Анализ процесінде күрделіден қарапайымға, бір түрден көп түрге, нақты абстрактілікке, белгісізден белгіліге, салдардан салдарды туғызатын себепке қарай қозғалу жүзеге асырылса, синтезде бұл үрдістер керісінше жүреді. Міне, осыдан анализ бен синтездің қарама-қайшылығы көрінеді. Бірақ анализ бен синтезді тану процесін бір-бірінен тәуелсіз тәсілдер деп түсінуге болмайды. Олардың арасына шартты ғана шекара қойылады. Себебі, өте қарапайым ойлау процесінің өзінде анализ синтездің жетегінде, ал синтез анализдің жетегінде болады. Сондықтан оқыту процесінде олар бірегейліктегі аналитикалық-синтетикалық әдіс ретінде қоланылады.
Математикада элементтер анализ бүтінді құрамды бөліктерге ажырату, ал элементтер синтез сол құрамды бөліктерді қайтадан бүтінге жинақтау ретінде қолданылады.Мысалы:
Есеп. Велосипедші 5 сағатта 60 км, ал мотоциклші 4 сағатта 144 км жол жүрді. Мотоциклші велосипедшіге қарағанда қанша есе жылдам жүрді?
Бұл есепті шығаруды «Мотоциклші велосипедшіге қарағанда қанша есе жылдам жүрді?» деген сұрақтан бастаймыз.
Ол үшін мұғалім мен оқушылар арасындағы диалогты көрсетейік.
Мұғалім: есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?
Оқушы: Болмайды. Біз мотоциклші мен велосипедшінің сағатына қанша километрден жүргенін білмейміз. (Егерде оқушы қойылған сұраққа осындай етіп дұрыс жауап бермесе, онда қосымша сұрақтар қою арқылы бағыт беріп, осы жауапқа келтіреміз).
Мұғалім: Велосипедші сағатына қанша километр жүргенін анықтау үшін есеп шартынан нені білуіміз керек?
Оқушы: Велосипедшінің қандай жолды қанша сағатта жүргенін білуіміз керек.
Мұғалім: Есеп шартында велосипедші туралы не айтылған?
Оқушы: Велосипедші 5 сағатта 60 км жол жүрді.
Мұғалім: Енді велосипедшінің сағатына қанша километр жүргенін білуге бола ма?
Оқушы: Болады. Жүрген жолды (60 уақытқа 5 сағ) бөлеміз.
Мұғалім: Есеп шартында мотоциклші туралы не айтылған.
Оқушы: Мотоциклші 4 сағатта 144 км жол жүрді.
Мұғалім: Мотоциклшінің сағатына қанша жүргенін білуге бола ма?
Оқушы: Оны анықтауға болады.
Мұғалім: Есепті шығару жоспары қандай болады?
Оқушы: Алдымен мотоциклшінің сағатына қанша километр жүргенін анықтаймыз. Ол үшін 144 км: 4 = 36 км. Одан кейін велосипедшінің сағатына қанша километр жүргенін табамыз, яғни 60 км: 5 = 12 км. Ең соңында мотоциклшінің велосипедшіге қарағанда қанша есе жылдам жүргенін білмеіз. Ол үшін: 36 км: 12 км = 3 есе.

Мотоциклші велосипедшіге қарағанда қанша есе жылдам жүреді?

Оқушының есеп шығару жолын ойлаудағы бұл логикалық процесті схемалық түрде 1-ші суреттегідей етіп көрсетуге болады.

Велосипедші сағатына қанша километр жүрді






Мотоциклші сағатына қанша километр жүреді









Мотоциклші қанша жол жүрді?

Қанша уақытта жүрді?

Велосипедші қанша жол жүрді?

Қанша уақытта жүрді?









144




4

5

60

1-сурет
Анализ әдісі оқушыларды есептің негізгі сұрағының жауабына саналы түрде келуді қамтамасыз етеді. Есеп шартының әрбір элементін жете ұғынып, берілгендердің ішінен тек қана қажеттілерін бөліп шығарып, ондағы шамалардың арасындағы байланыстарды ажырата білуге үйретеді. Анализ методымен есептер шығарғанда оқушылар есеп шығару процесінде орындалатын әрбір амал мен түрлендірудің орындалу мақсатын, неге солай болу керектігін жақсы түсіне білуіне жағдай жасалады. Бірақ сол мақсатқа жету үшін олар барлық зейінін есеп шығару процесіне аударуы қажет-деді Виленкин Н.Я .
Синтез әдісімен есеп шығарғанда әуелі есептегі берілгендерден бастайды. Берілгендермен амалдарды орындап, аралық белгісіздер табылады. Содан кейін «оларды білу нәтижесінде не білуге болады?» деп іздей отырып, ақырында есептің сұрағына жауап беріледі.
Жоғарыда қарастырылған есепті синтез методымен шығарайық. Есепте мынадай берілгендер бар: 5 сағ, 60 км, 4 сағ, 144 км.
Оқушы мағынасы бойынша өзара байланысы бар берілгендерді бөліп шығара білгені жөн. Ол есеп шартынан берілгендердің қандайын алғанда қажетті жаңа белгілілер шығады, соны білуі тиіс. Біз қарастырып отырған есепте ондай берілгендер мотоциклші мен велосипедшінің жүрген жолдары мен оған жүрген уақыттары. Оқушы бұл берілгендерді бір-бірімен сәйкес байланыстарда отырып жаңа белгілерді, яғни мотоциклші мен велосипедшінің жылдамдықтарын табады. Осы әдіспен есепті талдауды қарастырайық.
Мұғалім: Мотоциклші туралы не айтылған?
Оқушы: Мотоциклші 4 сағатта 144 км жол жүрді.
Мұғалім: Бұл берілгендері бойынша нені таубға болады?
Оқушы: Мотоциклші сағатына қанша километр жүргенін.
Мұғалім: Оны қалай таубға болады?
Оқушы: 144 км-ді 3-ке бөлеміз, себебі бір сағатта жүрген жолы 4 сағатта жүрген жолынан 4 есе кем.
Мұғалім: Велосипедші жайлы есепте не айтылған?
Оқушы: Велосипедші 5 сағатта 60 км жол жүрді.
Мұғалім: Осы берілгендері бойынша нені таубға болады?
Оқушы: Велосипедшінің сағатына қанша километр жүргенін.
Мұғалім: Оны қалай білуге болады?
Оқушы: 60 км-ді 5-ке бөлу керек, себебі 1 сағатта жүрген жолы 5 сағатта жүрген жолынан 5 есе аз.
Мұғалім: Мотоциклші сағатына қана километр жүрді?
Оқушы: Мотоциклші сағатына 36 км жол жүрді.
Мұғалім: Велосипедші сағатына қанша километр жүрді?
Оқушы: Велосипедші сағатына 12 км жол жүрді.
Мұғалім: Бұл табылғандар бойынша нені анықтауға болады?
Оқушы: Мотоциклшінің велосипедшіге қарағанда қанша есе жылдам жүргенін.
Мұғалім: Қалай білуге болады?
Оқушы: 36 км-ді 12 км-ге бөлеміз, сонда 36 км =3.
Әрине, мұндай сұрақтар бұл түрдегі есептерді шығаруды оқушылар әлі толық меңгермеген кезде беріледі. Кейін оқушылар мұндай есептерді шығаруға төселген соң, жоғарыдағы сияқты шұбалаңқы сұрақтарды қоюдың қажеті жоқ, олар есеп шығару процесін ұзартып жіберді. Бұл кезде мұғалім қысқа түрдегі «нені білу керек?» «оны қалай білеміз?» «неліктен?» сияқты сұрақтармен шектелгені жөн.
Мұндай сұрақтар оқушының ойлауына, пайымдауына бағы беріп, жөн сілейді.
Есепті синтездеу жолымен талдау есептің шартында айқын көрінетін берілгендері арқылы құрылған сұрақтан басталады, ал анализ тәсілі бойынша керісінше, есепті жай есептерге жіткеу арқылы аламыз. Құрама есептерді жай есептерге жіктеу, оларды біртіндеп анықтау – анализ тәсілінің басты қиыншылығы. Бірақ анализ тәсілі оқушылардың білім алуында маңызды мәнге ие болады: ол оқушыларды қатаң түрде біртіндеп ойлауға үйретеді, сондықтан, төмендегі сыныптарда тиісті есептерді шығару кезінде осы тәсілді мүмкіндігінше жиі қолданған жөн. Талдау кезіндегі “синтез және анализ” тәсілдерінің қайсысының басымдылығына байланысты тексті есептерді шығарудың сәйкес синтездік және анализдік әдістері айқындалды.
Төмендегі сынып оқушылары үшін есепті анализдік жолмен талдау қиын болғандықтан оны алдын ала болжау мүмкіндігіне қарай қолдану қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет