Лекция 1 Тақырыбы: «Математикадан есеп шығару практикумы»



бет14/16
Дата22.09.2023
өлшемі387,77 Kb.
#109682
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Лекция әдіс. нұсқау МЕШП 2022-2023

Бақылау сұрақтары:
1.Геометриялық мазмұнды есеп дегеніміз не?
2. .Геометриялық мазмұнды есеп түрлерін ата. .


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Негізгі әдебиеттер
1.Кененбаева М.А. Математиканы оқыту теориясы және технологиясы. Оқу құралы.- Павлодар: ПМПИ, 2012.- 156б.
2.Қаңлыбаев Қ.И., О.С. Сатыбалдиев, С.А. Джанабердиева. Математиканы оқыту әдістемесі. Оқулық. -Алматы:Дәуір, 2013.-368б
3.Қасқатаева Б.Р. Математиканы оқытудың әдістемесі мен технологиясы [Мәтін]: оқу құралы / Б.Р. Қасқатаева.- Алматы: Отан, 2016.- 304б. 
4.С. Елубаев. Математика есептерін шығару практикумы. Оқулық .- Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2010.- 160 б. 
5.Алиева. К.С., Байдыбекова Е. И., Есназар А. Ж. Математика оқыту әдістемесі пәнінен лекциялар кешені.- Шымкент: ОҚМПИ, 2013.- 84б.- (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі). 
6.Алиева К.С. Бастауышта математиканы оқыту әдістемесі [Электрондық ресурс]: лекция жинағы / К.С. Алиева [ж.б.].- 757 Кб.- Шымкент, 2013.- 1 эл. опт. диск (CD-ROM). 
7.Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: Оқулық:Алматы 2011. Бөрібекова, Ф.Б.
8.Бастауышта математика курсының есептер жинағы [Мәтін]: оқу құралы / Шымкент, 2011.- 80б.Байдыбекова, Е.И
Лекция 14
Тақырыбы: Қызықты есептерді шығару
Жоспар
1.Логикалық есептер шығаруға үйрету
2. Шығармашылық іс-әрекетті көздейтін және танымдық және қызықты есептер


. 1. Математиканы оқытуда есеп шығарудың үлкен маңызы бар. Оқушылардың математиканы оқып білудегі жетістігі олардың есепті шығаруға шаншалықты төселгендігіне қарай бағаланады.
Кез – келген сабақтың нәтижесі, оқушының білім сапасымен өлшенеді.
Бастауыш сыныпта қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептерді пайдалану оқушылардың жас шамасына шақталып, оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіретін, математикалық инициативасын арттыратындай түсіндірілуі жеңіл, тұжырымдалуы қысқа болғаны жөн. Есеп зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа, есепті шешу тәсілдердің меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы керек.
Логикалық есептер – кеңірек ойлауды қажет етеді. Есеп жауабы бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Есептің бұл түрі мұғалімнен де, оқушыда да аңғарымпаздықты талап етеді. Логикалық есепті шешу қатаң дәлелге сүйенеді. Сондықтан мұнда қысқа есептей салу, көрнекілікпен астарластыру болуы мүмкін. Мұндай есептер логикалық ойлауға, қиялдауға, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.
Оқушының алған білімін есіне сақтап қалу үшін көбінесе өлең және тақпақ есептердің маңызы зор.
Есеп оқушылардың логикалық ойлауын, кеңістікті елестету, жеке бас қабілеттерін дамытуға бірден-бір сепепші болатын басты құрал болып табылады. Есеп шығару-ерекше жұмыс, дәлірек айтсақ ой жұмысы. Логикалық есептерді ойлап шығарудың әдіс-тәсілдері оқушының ақыл ойын тәртіпке келтіреді. Логикалық ойлауға үйретеді. Әсіресе, логикалық есептерді шығару — баланың ой-өрісін дамытатын негізгі құрал.
Логикалық есептерді шығарудың басты мақсаттарының бірі – оқушының тереңнен ойлауын , жан-жақты ізденуін дамытады және қазіргі халықаралық талаптар деңгейінде күнделікті өмірде математиканы еркін пайдалана алуға бастауыш сыныптан бастап үйренеді.
Оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысты дамып, оқушы дүниетанымы арта түсуі анық.
Логикалық есептерді ойлап шығарудағы мақсат – логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл – ойын , қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың ең ұтымды тәсілі.
Сонымен бірге, қазақтың ұлттық ойындарын математикада пайдаланудағы мақсат – оқушылардың бойына ибалық, байсалдылық, шыншылдықң т.б. қасиеттерді сіңіру, қалаптастыру.
Логикалық есептер оқушылардың танымдық қасиетін дамытып, математикаға қызығушылығын арттырады. Логикалық есептерді шешу үшін бағдарламалардан да басқа кітаптардан көп іздену керек.
Әрбір есепті шғару үшін мынаны есте сақтау керек.

  • Әрбір есепті шығарған кезде уақытпен санаспай оған барлық мүмкіндік пен күшін салу.

  • Есептерді шығарған кезде оның шығару жолдарына жете зер салып, оларды шешудің тәсілдері мен әдістері ерекшеліктеріне, есептерді талдаудың жолдарына, дәлелдеуге тырысу.

  • Есепті шығару үшін өз біліміңе, барлық күш – жігеріңе сену керек

  • Шығара алмаған есепті шыдамдылық пен қажырлық көрсетіп, есепті қайта-қайта шығарудан тайынбау керек.

Қызықты есептерді , логикалық есептерді шығару .
Өлең есепте өлеңді жазу заңдылығын пайдалана отырып, математикалық есеп құрастырылады. Онда не белгілі, не белгісіз екендігі айтылады. Олар есепті шешуге байланыстырады. Табылған жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Кейде есепті өлең түрінде тұжырымдау оқушыны әдеттегіден тыс күйде түсіріп, өзіне баурап алды. Өлең есеп ұжымшылдыққа, адамгершілік қасиеттерге, математикалық заңдылықты байқауға, тыңдай білуге, негізгіні қосымшадан ажырата білуге тәрбиелейді. Өйткені математикалық ұғымның өлеңде тұрмыстық мағынасы кеңірек ашылады. Енді бастауыш математика сабағында іс-тәжірибеде пайдаланылған өлең және логикалық есептерді көрсетейік .
1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
2. Үш ағайынды.
Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі класта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
3. Қай ауылдың баласы?
Әділет, Еркін, Ерлік үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Қосқұдықтан, екіншісі – Үштөбеден, үшіншісі – Көктөбеден келген.
Әділетпен пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Үштөбеде болып көрмегендігі белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген?
4. Әкелерінің атын тап.
Мұрат, Жандос, Асхат бір класта оқиды. Олар: Ораз, Ахмет және үсен деген кісілердің балалары. Егер Мұрат, Ораздың, Жандос Ахметтің, Асхат Үсеннің баласы еместігі, Асхат пен Ахметтің бір үйде тұратыны белгілі болса, баланың әкесі кім?
2.Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Осындай ерекше мәнге ие болып отырған кезде бүгінгі мектеп алдында оқушыларға білім берумен қатар, олардың ақыл-ой белсенділігін, шығармашылық іс-әрекетін дамыту мәселесі тұр.
Математика пәнінің қарастыратын обьектісінің табиғат заңдарымен, байланыста болуы, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың зор мүмкіндіктерін туғызып, олардың жоғарғы деңгейдегі іс-әрекеттерін қажет етеді. Осы жерде оқушының танымдық сұранысын туғызатын, оның с-әрекетінің шығармашылық сипатқа ие болуын қамтамасыз ететін математикалық есептерді шығарудың мәні зор.
Математикалық есептерді мазмұнына, шығару тәсіліне, функциясына қиындық дәрежесіне қарай классификациялау мәселенің негізгі жағын – есепті шығарушы оқушының іс-әрекетінің сипатын ескермейді. Барлық математикалық есептер есепті шығарушы оқушы іс-әрекетінің сипатына қарай шығармашылық және жаттығу есептері болып бөлінеді.
Есеп шығару балаларда математикалық ұғымдарды қалыптастыруда олардың бағдарлама анықтап берген теориялық білімді игеруі де маңызды.
Ал, шығармашылық есептердің мәнінде жасырын жатқан заңдылықтарды ұғыну мақсатындағы оқушының танымдық ізденістегі іс-әрекеті оны қарапайым өзгеше шығармашылық сипатымен ерекшеленеді. Шығармашылық есептер оқушы санасында білімнің логикалық құрылымын ғана емес,ақыл-ой қызметінің эвристикалық тәсілдерін де қалыптастырады.
Оқушының шығармашылық есепті шығару мен оның мүмкін нәтижелерін алудағы сұранысы оның шығармашылық іс-әрекет талпынысын туғызады. Математикалық есептерді шығаруда оқушының сұранысы есепті шығаруға қойылатын талаптар арқылы тудырылады. Мұнда шығармашылық есептердің қарапайым есептерден айырмашылығы – оқушының есепті шығарудағы іс-әрекеттің тек сыртқы талаптармен ғана шектеліп қалмауын ескеру қажет. Басқаша айтқанда, оқушының тек есепті шығаруға бағытталған іс-әрекеті шығармашылық есептердің мазмұнында жасырын жатқан заңдылықтарды ұғынуға ұмтылдыратын іс-әрекетке айналуы жүзеге асуы керек.
Шығармашылық есептерді шығаруда осындай тұрғыда қарастыру оқушылардың потенциалдық мүмкіндіктерін ашып, оның ой-қызметінің шектеусіз қозғалыста болуына ммүкіндік туғызады.
Логикалық есептер кеңірек ойлануды қажет етеді. Есеп жауабы бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Есептің бұл түрі мұғалімнен де, оқушыдан да аңғарымпаз болуын талап етеді.
1.Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес, математикалық білімнің жаңа мазмұны біртекті емес және әртүрлі екі денгейлі қамтиды. Олар: міндетті және мүмкін деңгейлер.
«Міндетті деңгейге бастауыш мектеп көлеминдегі берік игерілуі тиісті материалдар жатады... осы денгейдегі математикалық дайындыққа жету үшін білімді көрсетілген үлгіге орай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер ұйымдастыру көзделеді.
Ал, мүмкін денгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталатын, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі міндетті денгейдейдің материалын кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып-үйретудің негізін қалайды. Сондай-ақ балалардың дамуыны әсерін тигізеді және негізгі материалды терең менгеріп алуға көмектеседі»
Қалыптан тыс түрде (стандарт емес формада) ұсынылатын және оқушылардың тапқырлық пен зерделілік танытуын, әралуан бағыттағы шығармашылық ізденісті талап ететін арнайы жаттығулар.
Қазіргі оқулықтарда стандартты емес жаттығулардың көптеген түрлері қамтылған. Олар, негізінен, логикалық жаттығулар, қызықты жаттығулар, сиқырлы шаршылар, лабиринттер, жұмбақтар, сөзжұмбақтар, деформацияланған жаттығулар, құрастыру мәселелерімен байланысты жаттығулар, т.с.с. түрінде болып келеді. Алайда, мейлінше алуан түрлі болып келетіндігіне қарамастан, олардың бәрінедерлік тән ортақ ерекшелік бар. Мұндай жаттығулар оқушыны шығармашылық ізденіс күйіне келтіреді, шығармашылық қиялды оятып, қойылып отырған оқу проблемасын шешудің өзіндік жолын іздестіруге түрткі болады. Ал оларды орындаудың нәтижесі оқушы үшін оның ақыл- ойының дамуын жоғарырақ деңгейге көтеруге түседі, азі ашық «кішкене жаңалықтар» болып табылумен сипатталады.
Бастауыш сыныпта стандарт емес жаттығулар және оларды орындау технологиясы
«Математика-1» оқулығындағы стандартты емес жаттығулар

Мақсаты: оқушылардың жыл мезгілдері және олардың реті туралы түсініктерін кеңейте түсу.Нұсқау. Оқушылардың назарын суреттің 3-інші және 4-інші бөліктеріне аударған жөн. Ынғайлылық үшін суреттің 1-інші және 2-інші бөліктерін қағазбен жауып қоюға болады. Мұнан кейін оқушыларға 3-інші мен 4-інші бөліктердегі суреттер өзара салыстыруға усынылады. Осының барысында олардың 3-інші бөлікте екі жапырақ бар екендігін және олардың түстері сары екендігін, ал 4-інші бөлікте жапырақтардың жоқ екендігін және ағаш бұталарында қардың бар екендігін біртіндеп өздері айтуларына қол жеткізеді. Енді оқушыларға мынадай сұрақтар қоюға болады:
-Соңғы бөлікке қараңдар. Бұл жылдың қай мезгіліне сәйкес келеді? Жаз ба, әлде қыс па? (Қыс).
-Неге? (Өйткені, бұтақтың үстінде қар бар).
-3-3інші бөлікке қараңдар. Қай кезде ағаштың жапырақтарысарғаяды? (Күз келгенде ағаш жапырақтаты сарғаяды).
Осылайша суреттің бұл бөліктері күз бен қысқа сәйкес келетендігін анықтап алғаннан кейін, 1-інші және 2-інші бөліктерді ашып, күздің алдында жаз, ал жаздың алдында көктем болатындығын біртіндеп айқындалады. Жаттығуды орындаудың қорытынды нәтижесінде оқушылардың жылдың төрт мезгілі болатындығына және олардың алмасу реті туралы берік түсініктерін қалыптастыруға қол жеткізуі керек.
Жауабы: Көктем, жаз, күз және қыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет