Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет2/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Білім беру білім алушылардың білімдер жүйесін қалыптастырудағы білім, іскерлік пен дағдыларын меңгертудің үдерісі, олардың негізінде дүниетанымдық, адамгершілік және т.б. тұлға қасиеттері, адамға тән көзқарастардың қалыптасуы, шығармашылық күш пен қабілеттерінің дамуы.
Тәрбие – тұлғаның дамуына және қалыптасуына негізгі жағдайларды жасауға бағытталған мақсатты үдеріс.
Оқыту – арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бағытталған үдеріс, оның жүргізілу барысында білім алушылар белгілі бір көлемде білім, іскерлік пен дағдылар жүйесін игеріп, табиғи қабілеттері дамиды, әлеуметтік және тұлғалық мәнге ие қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асады.
Педагогикалық үдеріс – тұлғаның білім алуы мен дамуы, оқуы мен тәрбиеленуі туралы міндеттер шешілетін арнайы ұйымдастырылған педагогтар мен білім алушылардың өзара әрекеттестігі.
«Білім беру» мен «тәрбие» ұғымдарынан «өздігінен білім алу» және «өзін-өзі тәрбиелеу» деген сөздер туындайды.
Өздігінен білім алу – білімді іздеу мен игеру жолындағы адамның мақсатты әрекеті мен нысаналы бағытталған жұмысы.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өзіне қажетті мінез-құлық сапаларын қалыптастыру үшін мақсатты бағытталған саналы жұмыс түрі.
Кез келген ғылым теория және фундаментальді білім жүйесінен тұрады.
Педагогикалық теориясипаттау, түсіндіру, болжалдау және сәйкес келетін педагогикалық шынайылықты қайта құрайтын педагогикалық нысандардың обьективті және заңнамалық қасиеттері мен байланыстары туралы ретке келтірілген білімдер жүйесі.
Фундаментальді және жеке педагогикалық теорияларды ажыратқан дұрыс. Фундаментальді теория ретінде оқыту теориясы (дидактика) мен тәрбие теориясы танылып жүр. Жеке педагогикалық теорияға білім алушылардың танымдық іс-әрекетін арттыру теориясы (Г.И. Щукина және т.б.), проблемалық оқыту теориясы (М.И. Махмутов және т.б.), дамыта оқыту теориясы (Л.В. Занков, В.В. Давыдов және т.б.), педагогикалық жүйелерді басқару теориясы (М.М. Поташник және т.б.), тұтас педагогикалық үдеріс теориясы (Н.Д. Хмель және т.б.) жатады.
Теорияны қалыптастыру алдында болжам жасалады. Болжам – теориялық қалыптасқан болжалдар жиынтығы, оның шынайылығы тәжірибе жүзінде тексеріледі.
Педагогикалық болжам – ешбір ғылыми фактілермен, әдістермен, заңдармен түсіндірілмеген және анықтауды қажет ететін педагогикалық шынайылық құбылыстарына қатысты теориялық болжам.
Кез келген педагогикалық болжам белгілі бір тәсілдер мен амалдар жүйесімен тексеріледі, оларды әдістер деп атайды. Әдіс (грек. metohodos – жол, зерттеу жолы) мәселелерді шешу тәсілін білдіреді.
Педагогикалық ғылым әдістері:
-теориялық (интерпретация, түсіну, анализ, синтез, модельдеу, аналогия, индукция, дедукция, салыстыру, талдап қорыту, рангілеу, жіктеу, монографиялық әдіс және т.б.);
-эмпирикалық (бақылау, контент-анализ, тәжірибемен танысу, эксперимент, сауалнама және т.б.);
-социометрикалық (рейтинг, шәкілдеу (шкалирование), полярлық сала әдісі, тестер және т.б.).
Кез келген ғылым шынайылыққа, практикаға нақты сәйкес келетін білім элементі болып саналатын фактілерді зерттейді. «Факт» термині қарапайым түсініктемеде болған, орындалған жайт дегенді білдіреді.
Педагогикалық теориялар негізінде эмпирикалық материал ретінде қаралатын фактілер жатыр.
Педагогикалық факт – педагогикалық қатынас. Оның негізінде көбінесе адамды өзгертуге деген құлшыныс жатады, оның ішкі позициясын, іс-әрекеті мен мінез-құлқын, сонымен қатар тұлғаны қалыптастыруға жетекшілік жасайды.
Педагогикалық практика көп мөлшердегі педагогикалық фактілерді туындатады. Педагогикалық фактілердің формалары бойынша сапалық және сапалық-сандық, жай және күрделі, жағдай фактісі, жағдаят фактісі (үдерістері) болып бөлінеді. Педагогикалық фактілер талдап қорыту деңгейіне қарай жекелік және көпшілік, бірлікті және жалпы деп жіктеледі. Фактілер тіркелген байланыстардың қайталануларына қарай динамикалық және статистикалық деп бөлінуі мүмкін.
Фактілер ғылыми бақылаулардың мәліметтері болып табылады. Олар педагогикалық құбылыстардың мәнін және олардың арасындағы заңдылық байланыстарын анықтау үшін қажет. Әрбір педагогикалық факт бақыланып зерттеледі, оның басқа фактілермен байланысы анықталады. Содан кейін олар талдап қорытылады, жүйеленеді, белгілі бір теория тұрғысынан дәлелденеді, содан кейін ғана ғылыми білімнің құрамдас бөлігі болып қалыптасады.
Педагогика ғылым ретінде мынандай сапалық қасиеттерге ие:
-инновациялық (жаңашылдық) – педагогикалық ғылым қажеттіліктерін өтейді, онда барлығы жаңарып отырады, оларға педагогикалық іс-әрекеттің2. Лекцияның 2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері мен міндеттері мен міндеттері, құндылық бағдарлары, оқыту мен тәрбиеге жаңа нұсқаулар, педагогикалық қарым-қатынас формалары мен әдістері жатады. Барлық жаңалықтар білім беру мен тәрбиенің мақсаттарымен байланысты, олар педагогикалық еңбекті жоғары шығармашылық деңгейге көтереді;
-тұлғалық бағыттылық – кез келген педагогикалық жүйенің ортасында тұлғаның МЕН – концепциясы орналасқан;
-әдіснамалық бағыттылық – педагогикалық зерттеулердегі философиялық негіздер үнемі өзгеріске түседі, педагогика әрқашан әлем мен адамның философиялық концепциясына сүйеніп отырады, мысалы: экзистенциализм, прагматизм, диалектикалық материализм және т.б. Оларды біріктіре отырып, педагогика гуманизм мен антропоцентризмнің синтезделген философиялық концепциясына шығады. Бұл тұлғаның белсенділігін жекелейді, оның өзін-өзі таныту, жетілдіру ортасын анықтайды;
-педагогикалық іс-әрекеттің жүйелілігі мен педагогикалық білімнің дамуы зерттеу аппараты мен белгіленген пәнде, зерттеу әдістері мен әдіснамасында, ғылыми концепция мен зерттеу іс-әрекетінің мазмұнында, оны қолдану технологиясында, үйлесімді нәтижеде көрініс береді.
Педагогика ғылым ретінде бірнеше қызмет атқарады. Ғылым өз дамуының алғашқы сатыларында белгілі бір көлемдегі міндеттерді, нақты айтқанда, педагогикалық шындық құбылысын түсіндіруге тырысты. Осыдан келіп, түсіндірмелі қызметі негізгі болып саналды.
Алайда, тәжірибе мен уақыт классикалық дидактикадан бас тарту – тиісті нәтижеге жеткізбейтінін, асығыстық екенін көрсетті, керісінше, оқыту үдерісінің үздік аспектілері жоғалды. Осыған байланысты Коммунистік партияның Орталық Комитеті 1931-1936 жылдары мектеп туралы қаулылар шығарды. Біртіндеп кеңес мектептері төңкеріске дейінгі оқытудың теориясы мен практикасының белгілері мен әдістемелік аппаратын тұтасымен негізге алып, қалпына келтіре бастады, алайда осының барлығын ресми түрде толығымен мойындалған жоқ еді. Сабақ және оқытудың сынып-сабақтық жүйесі де қалпына келтірілді; оқу «тобы», «бригадалары» дегеннің орнына «сынып» деген атау қолданыла бастады. Қайтадан жеке білім бақылаулары мен мектептік бағалар, мектеп бітіргенде және сыныптан сыныпқа ауысқанда тапсыратын емтихандар («сынақ» атымен) енгізілді; қайтадан үй тапсырмасын беру тәжірибеленді; оқытудың дәстүрлі әдістері қолданыла бастады; «жұмыс кітаптары» өзінің орнын тұрақты оқу кітаптарына берді.
Алдымен ғылым дегенiмiз не екендiгiн анықтап алуымыз қажет. Ғылым дегенiмiз табиғаттың, қоғамның, ойлаушы жан иесi ретiнде адамның мәнi, қасиеттерi, өзiндiк ерекшелiктерi мен даму процестерi жөнiндегi бiлiмдер жүйесi болып табылады. Сол сияқты ғылым осы объективтiк қасиеттер мен процестердi бiлiмге, ойлау әрекетiне сәйкес әртүрлi формада және бағытта қолдануды қамтиды. Ғылымның бұл түсiнiгi объектiнiң ауқымы бойынша да (табиғат, қоғам, адам), әрi тереңдiгi мен оның практикада қолданылу бағыттары бойынша да алынады.
«Ғылым» ұғымы бірнеше негізгі мағынаны білдіреді. Біріншіден – табиғат, қоғам, қоршаған ортаны тану турасында жаңа білімдерді жүйелеуге бағытталған адам қызметінің саласын түсінеміз. Екінші мағынасында - ғылым, осы әрекеттің нәтижесі - алған ғылыми білім жүйесі ретінде көрінеді. Үшіншіден - ғылым, қоғамдық сананың бір формасы, әлеуметтік институт. Соңғы мағынасында, ғылыми ұйымдар мен ғылыми қоғам мүшелерінің бір-бірімен байланысы, сонымен бірге, ғылыми ақпараттары, ғылымның нормалары және құндылықтары және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет