«Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, оның даму перспективасы. Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері:
Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі;
Білі беру жүйесін дамытудың басымдылығы;
Әрбір азаматтың зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жеткізуі;
Білім бердуң зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты;
Білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
Оқу мен тәрбиенің бірлігі;
Білім беруді басқарудың демократиялық сипаты және білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
Білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
Білім беру ісі басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республика Білім және ғылым министрлігі, оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Білім беру жүйесінің құрылымы ҚР-ның «Білім туралы» заңында берілген. Білім беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады:
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;
бастауыш білім беру;
негізгі білім беру;
орта білім беру;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Педагогикалық қызмет – әлеуметтік қызметтің ерекше түрі. Ол ересек ұрпақтың адамзат мәдениеті мен тәжірибесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлғалық дамуына жағдай тудыруға және оларды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольді орындау үшін дайындауға бағыталған.
Бұл қызметті педагогтармен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп басшылары, өндірістік топтар, бұқаралық ақпарат құралдары да атқарады. Бірақ педагогтар бұнда кәсіби қызмет тақарса, қалғандары – жалпыпедагогикалық қызметке ие. Педагогикалық іс-әрекет кәсіби қызмет ретінде арнайы ұйымдастырылған білім беру орындарында жүргізіледі: мектепке дейінгі орындар, мектеп, кәсіби-техникалық училищелер, арнайы орта және жоғары оқу орындары, қосымша білім беру, біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау орындары.
Педагогикалық қызметтің мәнін түсіну үшін студенттер оның құрылымына талдау жүргізу қажет. Оның құрылымы мақсат, мотив, іс-әрекет, нәтиженің бірлігінен тұрады.
Мұғалім жұмысының мақсатын қоғам анықтайды, яғни оның әрекетінің мақсаты - оқушылардың тұлғасын қоғамдық талаптарға сәйкес тәрбиелеу. Ол тарихи құбылыс. Әлеуметтік даму бағыттарын белгілейтін көрініс ретінде мақсат адамның рухани және табиғи мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, оған белгілі талаптар жиынтығын қояды. Онда, бір жағынан, әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылықтары, екінші жағынан, жеке тұлғаның қажеттіліктері мен қабілеттері жинақталған.
Педагогикалық қызмет мақсатының негізгі объектілері ретінде тәрбиелік ортаны, тәрбиеленушілер әрекетін, тәрбиелеуші ұжымды және тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін белгілейді. Педагогикалық қызмет мақсатын жүзеге асыру тәрбиелік ортаны қалыптастыру, тәрбиеленушілердің әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелеуші ұжымды тудыру, тұлғаның даралығын дамыту сынды міндеттерін шешумен байланысты.
Педагогикалық қызметтің барлық қасиеттері анықталатын негізгі функциональды бірлік ретінде педагогикалық іс-әрекет танылған. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті ең алдымен, танымдық міндет формасында көрінеді. Өзіндегі бар білімге сүйене отырып, ол теория жүзінде өз іс-әрекетінің құралдарын, пәнін және нәтижесін салыстырады. Танымдық міндет психологиялық тұрғыдан өз шешімін тауып, тәжірибелік өзгертуші қимылға айналады. Осылайша, мұғалімнің іс-әрекеті – бұл түрлі деңгейдегі міндеттерді шешу процесі.
Педагогикалық міндеттердің спецификалық ерекшелігі – олардың шешімін табуда.
Педагогикалық іс-әрекеттің обьектісі - адам, оның ақыл-ойы, еркі, сезімдері. Оның мынадай ерекшеліктері бар:
1. Адам - тірі табиғат бөлігі. Оның қайталанбас жеке қасиеттері, қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік түсінушілігі бар белсенді обьект.
2. Мұғалім әрдайым өзгеріп отыратын жеке адаммен жұмыс жасайды.
3. Мұғаліммен бірге жеке адамдарға бүкіл қоршаған орта әсер етеді. Педагогикалық қызмет осы әсерлерді дұрыс бағыттауы тиіс.
Педагог студенттерге Венн диаграммасы арқылы педагогикалық қызметтің екі түрі, яғни оқыту және тәрбиелеу қызметтерінің ерекшелігіне талдау жасай білуге үйретеді.