Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет54/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Әдiстемелiк жұмыс – педагогикалық кадрлердiң идеялық, ғылыми-теориялық, кәсiби, әдiстемелiк және мәдени деңгейiн көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке-дара жүйелiк жұмысынан құралған күрделi шығармашылық. Ол оқу-тәрбие процесiн басқарудың, педагогтарды жоғары әдiстемелiк мәдениет пен өз еңбегiнiң сапасы мен нәтижесiне талабы негiзiнде тәрбиелеудiң маңызды амал-тәсiлi болып табылады. Оның стратегиялық бағыттарының бiрi – бiлiм беру тәжiрибесiндегi оқушылардың танымдық, ойлау әрекетiн белсендiретiн, терең бiлiм, бiлiк және дағдыларды қалыптастыратын ұтымды және нәтижелi әдiстердi шығармашылық түрде меңгеру.
Мектептегi әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру формалары динамикалық. Олар көптеген факторларға байланысты өзгерiп, жаңарады, олардың негiзгiлерi: мемлекеттiң бiлiм беру саласындағы саясаты, заң актiлерi мен құжаттары; мұғалiмдердiң педагогикалық мәдениетiнiң деңгейi, оларды жеке тұлғалық және кәсiби-қызмет көрсеткiштерініњ диагностикалық өлшеуімен анықталған әдiстемелiк сауаттылығы; мектеп ұжымындағы моралдыќ-психологиялық жағдай, әдiстемелiк жұмысты ұйымдастырудың материалдық-технологиялық мүмкiндiктерi; мектеп iшiндегi педагогикалық тәжiрибенi зерттеу, мұғалiмдердiң жаңашылдық ашықтығы мен белсендiлiгi, мектеп басшыларының әдiстемелiк жұмысты орындауға кәсiби дайындығының деңгейi; мектеп ұжымындағы нақты моральдыќ жағдай (мұғалiмдер арасындағы, мұғалiмдер мен оқушылар арасындағы, мұғалiмдер мен басшылық арасындағы қатынастар).


Лекция № 13


Тақырыбы: Педагогиканы оқытудағы білім беру технологиялары.


Лекция жоспары:
1 Білім беру технологиясы - бірізді ғылыми негізделген педагогикалық әрекеттер.
2. Педагогиканы оқытуда қолданылатын технологиялар.


Лекция мақсаты: Педагогиканы оқытудағы білім беру технологияларының құрылымымен білім алушыларды таныстыру, білім білік , дағдыларын қалыптастыру.


Лекция мазмұны:
Білім беруге инновациялық технологиялардың енуін үздіксіз үрдіс, күнделікті білім беру қызметінің компоненті ретінде қарастыру қажет. Технология дегеніміз өнім алу үшін оған керекті материалдарды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі үрдіс. Кез-келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі – түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған қалай да жету.
Білім беру жүйесінің дамуы, оның жұмысының жекелеген жақтарындағы жетістіктер тек инновациялық процесс ретінде жүзеге асырылады, яғни ескірген және тиімді емес құралдарды сол жағдайда жаңа және тиімдіректерімен ауыстырып, жаңа идеяларды, технологияларды қолдану.
Осыған орай, «технология», «білім беру технологиясы» ұғымдарын қарастыру қажет.
Шет тілі сөздігінде технологияға мынадай анықтама берілді. Грек тілінен аударғанда Techne – шеберлік, іскерлік және – логия – объектінің жиынтығы. Бұл термин түсіндірме сөздікте қандай да бір істе, шеберлікте қолданылатын тәсілдердің жиынтығы деп анықталынады.
Т.И.Шамованың пікірінше, білім беру технологиясы – қатыстырушыларға комфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін білім алушыудағы, ұйымдастырудағы, бағалаудағы және корреляциялаудағы педагогтар мен білім алушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі.
Кез келген білім беру технологиясының құрылымы:

    • Мақсатқа бағытталуы;

    • Сүйенетін ғылыми идеялары;

    • Педагогтар мен білім алушылардың бірлескен іс-әрекетінің жүйесі;

    • Нәтижені бағалаудың өлшемдері;

    • Нәтижесі;

    • Қолданудағы шектеуліктер.

Білім беру технологиясы мен оқыту әдістемесінің арақатынасы қандай деген сұраққа Г.К. Селевко педагогикалық технологияда процессуалдық, сандық және есептегіш компонент берілсе, әдістемеде мақсаттық, мазмұндық, сапалық және вариативтілік – бағдарлаушылық көбірек берілген деп жауап береді. Технология өзінің қайталанғыштығымен, нәтижесінің көптеген «егер» (егер талантты Педагог, егер қабілетті білім алушылар т.б.) дегендердің болмауымен айрықшыланады. Кейбір жағдайларда екеуі араласып, бірде әдістеме технология құрамына кірсе, енді берде технологиялар оның әдістемесінің құрамына кіреді.
Білім беру практикасында «педагогикалық технология» ұғымы үш өзара бағынышты деңгейде қолданылады:

  1. Жалпы педагогикалық (дидактикалық) деңгей: жалпыпедагогикалық (жалпы дидактикалық, жалпы тәрбиелік). Технология белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы, оқытудың білім деңгейіндегі тұтас білім беру үрдісін сипаттайды.

Мұнда педагогикалық технология педагогикалық жүйе ұғымымен мағыналас: оған оқытудың мақсаты, мазмұны, құрал,ғ әдістер жиынтығы, үрдістің объект, субъектісінің іс-әрекеттік алгоритмі енеді.

  1. Жеке әдістемелік (пәндік) деңгей: бұл «жеке әдістеме», яғни бір пән, сынып, шеберхана аясында оқыту мен тәрбиенің белгілі бір мазмұнын жүзеге асыру да қолданылатын әдіс, құралдар жиынтығы (мысалы, оқу пәндерін оқыту әдістемесі және т.б.)

  2. Модульдік деңгей: бұл оқу-тәрбие үрдісінің кейбір бөліктерінің технологиясы, жеке дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешу (іс-әрекеттің бір түрінің технологиясы, ұғымдарды қалыптастыру, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру, сабақ технологиясы, жаңа білімді меңгеру технологиясы және т.б.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет