Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет55/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Оқыту технологияларының жіктелуі.
Педагогикалық технологияларды жіктеу мәселесі В.Г.Гульчевская, В.П.Беспалько, В.Т.Фоменко, Г.К.Селевко және т.б. еңбектерінде кең қарастырылған. Олар:

  1. Қолдану деңгейі бойынша: жалпыпедагогикалық, жеке әдістемелік (пәндік) және модульдік технологиялар.

  2. Философиялық негізі бойынша: материалистік, идеалистік, диалектикалық, метафизикалық, ғылыми (сциентикалық), діни; ізгілікті, ізгілікті емес; антропософиялық, теософтық; прагматикалық экзистенциалистік, еркін тәрбиелеу және зорлау; және т.б.

  3. Психикалық дамудың басым факторы бойынша: биогенді, социогенді, психогенді және идеалистік технология. Тұлға - бұл биогенді, социогенді, психогенді факторлар әсерінен туындайтын нәтиже, нақты технология олардың тек біреуін есепке алып, оны негізгісі ретінде көрсетуі мүмкін.

  4. Тәжірибені меңгерудің ғылыми тұжырымдамасы бойынша: ассоциативті-рефлекторлы; бихевиористік, гештальттехнологиялар, интериоризаторлық, дамытушы, нейролингвистикалық бағдарламалау және суггестивті.

  5. Тұлғалық құрылымдарға бағытталуы бойынша: ақпараттық технология (пәндер бойынша білім, білік, дағдыны қалыптастыру); операциялық (ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру); эмоционалдық-көркем және эмоционалдық құлықтық (эстетикалық және құлықтық сапаларда қарым-қатынастарды қалыптастыру); өзін-өзі дамыту технологиялары (тұлғаның өзін-өзі басқару механизмін қалыптастыру(; эвристикалық (шығармашылық қабілеттерді дамыту) және қолданбалы (іс-әрекеттік, практикалық саланы қалыптастыру).

  6. Мазмұн мен құрылым сипаты бойынша: оқыту және тәрбиелеу; зайырлы және діни, жалпы білім беретін және кәсіби-бағдарлы, гуманитарлық және технократтық, политехнологиялар және аралас технологиялар. Монотехнологияларда оқу-тәрбие үрдісі бір басым идея, ұқстаным, тұжырымдамаға негізделсе, политехнологияда – бірнеше технологиялардың бірігуі. Басқа технологияларға жиі енгізілетін технологиялар, олардың элементтері аралас технологиялар деп аталады. Олардың рөлі – үдеткіш (катализатор), белсендендіргіш.

  7. Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және басқару бойынша ажыратылған (білім алушылардың іс-әрекеті бақыланбайды, нақтыланбайды), циклді (бақылау, өзін-өзі бақылау, өзара бақылау), бейтарап (фронтальды), бағытталған (жеке), қолмен жұмыс (вербальді(, автоматтандырылған (оқу құралдарының көмегімен).

Аталған қасиеттерге сәйкес технологиялардың мына түрлері ажыратылады (В.П.Беспалько):
1 – дәстүрлі дәрістік оқыту;
2 – аудиовизуальды техникалық құралдар көмегімен оқыту;
3 – «кеңесші» жүйесі;
4 – оқулық көмегімен оқыту;
5 – «шағын топтар» жүйесі;
6 – компьютерлік оқыту.
Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – білім алушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Қазіргі кезде әдебиеттерден осы заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 60-тан астам білім беру технологиялары қолданылып жүргендігі мәлім.
Г.К.Селевконың, Т.Шамованың, т.б. оқу құралдарын пайдаланып мынадай оқыту технологияларын көрсетелік:

  • дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы /П.М.Эрдниев/;

  • тиімді сабақтар жүйесі негізінде технология /А.Окунев, Н.Палтышев/;

  • дамыта оқыту технологиясы /Л.С.Выготский, В.В.Занков, В.Давыдов/;

  • оқытудың модульдік технологиясы /В.Монахов/;

  • проблемалық оқыту технологиясы /М.Махмутов/;

  • тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы /В.Шаталов/;

  • түсіндіре басқарып – оза оқыту технологиясы /С.Лысенкова/;

  • деңгейлік саралап оқыту технологиясы /Н.Гузик/;

  • ойындық оқыту технологиясы;

  • жекелеп оқытудың технологиялары /И.Унт, В.Шадриков/;

  • түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту технологиясы;

  • дәрістік-семинарлық-сынақтық оқыту технологиясы;

  • М.Монтессори технологиясы;

  • еркін еңбек технологиясы /С.Френе/;

  • Вальдорф педагогикасы;

  • тұлғалық бағдарлы технология;

  • оқытудың компьютерлік технологиясы.

Осы педагогикалық технологиялардың ішінен қазіргі қоғам талабына етене жауап беретін тұлғалық бағдарлы технологияны атауға болады. Педагогика тарихы мен теориясында және практикасындағы тұлғалық бағдарлы оқытудың негізі ретіндегі жекелеп оқыту танылған. «Тұлғалық бағдарлы білім беру» ұғымы педагогика ғылымына ХХ ғасырдың 90-шы жылдары енгізілгенмен оның толық мағынасы нақты белгіленбеген. «Тұлғалық бағдарлы педагогика», «тұлғалық бағдарлы білім беру», «тұлғалық бағдарлы технологиялар» терминдері педагогикада ХХ ғ. 80-шы жылдардың аяғында пайда болған. Соңғы жылдары ғана берілген білім беру парадигмасын практикаға енгізу үшін педагогикалық технологиялар жасалуда. Білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде жаңа технологиялар енгізіліп, оқытудың мазмұны тұлғаны дамытуға, білім алушының тұлғалық ерекшеліктерін, өзіндік қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін жетілдіруге бағыт алып отыр. Сондықтан педагогика ғылымы мен практикасын дамытуда тұлғалық бағдарлы педагогикалық технологиясын енгізу өзекті мәселе болып табылады.
Оқытудың кез келген жаңа технологиясының алдына қоятын мақсаты – студенттің жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуіне мүмкіндік беріп, шығармашылығын арттыру.
Модульдік технология дамыта окыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсаты – студенттің өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудін жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету. Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі: акпараттардың аяқталған блогынан; бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген оқытушының нұсқауларынан; - студент ic-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан турады.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеруді, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша окытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Пәндердің модульдік құрылымы мынадай түрде болады:

  • Модуль аты

  • Теориялық сабақ

  • Практикалық сабақ

  • Лабораториялық практикум

  • Бағдарламамен қамтамасыз ету

  • СӨЖ

  • Оқу қорытындысы

  • Теориялық сабақ

  • Практикалық дағдылар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет