Лекция №1 Тақырып: Экология ғылымының қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы



бет1/5
Дата10.12.2023
өлшемі89 Kb.
#136647
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
2 лек 2


Лекция №1


Тақырып: Экология ғылымының қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы.


Мақсаты: Экология ғылымының қалыптасуы және дамуының тарихы мен қазіргі кездегі құрылымы туралы білімді қалыптастыру.


Қажетті құрал жабдықтар: Қазіргі кезеңдегі экология ғылымының құрылымы кестесі, экология оқулықтары.


Лекция жоспары:
1. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы.
2. Экологияның бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология.
3. Экологияның басқа іргелі пәндермен байланысы.
*Қазіргі кезде экология бастапқы пәнаралық синтезделген ғылым болып кетті. Қазіргі экологияның адамзатты қоршаған ортаның қарым- қатынасын түсінудегі маңызы өте жоғары. Ғылыми – техникалық үдеудің экологиялық теріс салдары техникалық және экологиялық саяси мәселелерді шешудегі қателіктерден, антропогендік әсерлердің экологиялық салдарын және экономикалық шығынды дұрыс бағаламау себептерінен туады. Табиғат пен қоғамның арақатынасын гармониялық түрде шешу жауаптылығы жоғары білімді мамандарға байланысты. Қоғам мүшелерінің қоршаған орта саласында интеллектуалды деңгейі жоғары болған сайын қазіргі кезде экологиялық мәселелерді шешіп, оны болдырмау жеңілге түседі.
Экологияның көптеген қолданбалы аспектілері /адам экологиясы, химиялық экология, ландшафттық экология, өндірістік экология және т.б./ болғанымен, қазіргі экологияның барлық бағыттары – тірі организмдер мен мекен ету ортасының қарым-қатынасы – іргелі биологиялық идеяларға негізделген. Сонымен қатар, қазіргі экология, биологиялық пәндерден басқа химия, математика, физика, география сияқты жаратылыстану ғылымдары мен философия, экономика, тарих, құқықтану, саясаттану, мәдениеттану және тағы басқа гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты.
Барлық адамзат тарихында болған философиялық мектептер адамның табиғатпен қатысын ондағы адамның орнын түсінуге тырысты. Негізгі философ – этикалық мәселелер – адам табиғатта нені пайдалана алады, неменеге құқығы жоқ екенін білу. Адамның табиғатпен экологиялық дұрыс қатынасы, барлық тірі организмдердің адам сияқты тең планетада өмір сүруге құқығы бар екенін түсінуі, экологиялық этиканың актуальды философиялық элементі.
Э.Геккель экологияны табиғат экономикасы ғылымы деп атаған. Экономикалық пайдалану үшін экологиялық талаптарды ескермеу адамдарды ауыр салдарға, орны толмас экономикалық шығынға әкеледі. Бұл мәселелер экономикалық ғылымның жеке бағыты – табиғатты пайдалану экономикасы. Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық жүйелерін орындау үшін экологтар және табиғатты пайдаланушылар табиғатты пайдалануды басқарудың құқықтық механизмін білулері қажет.

*Экологияның қалыптасуы биология ғылымы негізінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы болып саналады. Экология ғылымының дамуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.


1 кезең: Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең ХVІІІ ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Осы тұста көптеген зерттеуші ғалымдар биологтар, систематиктер, географтар өз еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлесін қосты. Мысалы: Ж.Б.Ламарктың “Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы”, А.Декандольдің “Ботаникалық география”, К.Рульенің “Жануарлар экологиясы”, А.Бекетовтың “Өсімдіктер географиясы”, Ч.Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі” т.б. еңбектер экология ғылымының негізін қалаған еді. Ал неміс зерттеушісі-дарвинист Э.Геккель 1839ж. Экология терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е.Варминг оны 1895 ж ботаникаға енгізді.
2 кезең: Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э.Геккель, Е.Варминг, К.Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілермен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен қатар Қазақстан ғалымдарының есімдерімен байланысты. ХІХ ғ. басы мен ХХ ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды.
3-кезең: Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде.
Соңғы жылдарда экология ғылымының негізгі саласының бірі - экологиялық педагогика (көпшілікке экологиялық білім беру). Бұл бүгінгі өмір талабы. Биосферадағы тіршілік тұрақтылығын сақтау адамның тікелей ақыл ойына байланысты. 1971 ж. Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, айнала қоршаған табиғи орта, табиғат қорғау мәселелері көтерілді. 1972 ж. Стокгольмде “Қоршаған ортаны қорғау” туралы білім беру, 1977 жылы Тибилисиде БҰҰ жанынан ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары “Экологиялық білім беру” туралы 40 астам шешімдер қабылданып, оның ғаламдық, стратегиялық жоспарлары жасалды.

* Экология ғылымының қазіргі заманғы құрылымы өте күрделі. Ол туралы пікірталастар көп. Экология ғылымының қазіргі құрылымы Ю.Одум, П.Наумов, А.Новиков, Ф.Реймерс, А.Радкеевичтің жіктеуі бойынша: биоэкологиялық зерттеулер бағыты бірнеше зерттеу облыстарына бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет