Лекция №1. Тақырып: Кіріспе. Картография пәнінің мақсаты мен міндеті. Географиялық карта туралы жалпы түсінік. Кіріспе


Географиялық карталардың жіктелуі



бет17/34
Дата19.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#75467
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Байланысты:
Лекция қосындысы

2. Географиялық карталардың жіктелуі.
Барлық географиялық карталар көптеген белгілері бойынша жіктеуге болады, соның ішінде негізгі белгілері: бейнеленген территорияның қамтылуы бойынша, масштабы бойынша, мазмұны бойынша, бейнеленген құбылыстардың көрсеткіштерінің жалпыластыру дәрежесі бойынша, мақсаты бойынша, пайдалану тәсіліне қарай.
Бейнеленген территорияның қамтылуы бойынша географиялық карталардың төмендегідей топтарын ажыратады: 1) жер бетінің немесе дүние жүзінің карталары; 2) Жарты шарлар карталары (батыс және шығыс жарты шарлар, солтүстік және оңтүстік жарты шарлар, мұхиттық және құрлықттық жарты шарлар карталары); 3) материктер мен мұхиттардың карталары, олардың ірі бөліктерінің карталары; 4) мемлекеттердің және оның бөліктерінің карталары.
Масштаб бойынша географиялық карталардың төмендегідей топтарын ажыратады: 1) ірі масштабты немесе топографиялық карталар – масштабы 1:200 000 дейін; 2) орта масштабты немесе шолу топографиялық карталар – масштабы 1:200 000-тан – 1:1 000 000 дейін; 3) ұсақ масштабты шолу географиялық карталар – масштабы 1:1 000 000 және одан да ұсақ.
Мазмұны бойынша барлық географиялық карталар 1) жалпы географиялық және 2) тақырыптық топтарға бөлінеді. Жалпы географиялық картада территорияның жалпы көрінісі бейнеленеді: табиғи жағдайы, елді мекендер, көлік жолдары, саяси-әкімшілік бөлінуі т.б. шаруашылық және мәдени объектілер. Табиғат жағдайынан картада өзендер, көлдер, теңіз жаға бойы, жер бедері және өсімдік пен топырақ жамылғысының кейбір белгілері, сонымен қатар, аталған элементтері ерекше ажыратылмайды. Топографиялық карталар жалпы географиялық карталарға жатады.
Бір немесе бірнеше табиғи немесе әлеуметтік-экономикалық элементтер жоғары толықтылығымен бейнеленген карталарды тақырыптық деп атайды, себебі осы элементтер картаның тақырыбы болып келеді. Тақырыптық карталар жалпы географиялық картаның мазмұнына жататын бір немесе бірнеше элементтердің ерекше қасиеттерін ашып көрсетеді. Тақырыптық карталарда жалпы географиялық картада көрсетілмейтін элементтерді де бейнелейді, мысалы, климаттық көрсеткіштер, территорияның геологиялық құрылысы, тұрғындардың мамандығы бойынша, ұлттық тағы басқа да белгілері бойынша бөлістірілу карталары т.с.с.
Тақырыптық карталардың аталуы картаның тақырыбы болып келеді, мысалы, ҚР отын-энергетикасы, ҚР топырақ картасы, Алматы облысының физикалық картасы, Солтүстік-Қазақстан облысының өсімдік жамылғысының картасы. Ал жалпы географиялық картаның аты бейнеленген территорияның аты болып келеді, Алматы облысы, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Бельгия, Австралия т.с.с.
Тақырыптық карталарда бейнеленетін құбылыстардың ерекшеліктерін ашып көрсету тереңдігі, оларды сипаттайтын мөлшерлі көрсеткіштерінің жалпыластыру дәрежесі әр түрлі болып келеді.
Көрсеткіштердің жалпыластыру дәрежесі бойынша тақырыптық карталарды шартты түрде аналитикалық (талдау) және синтетикалық карталарға бөледі. Аналитикалық карталарға деректі (конкретного, часто единичного измерения) кейбір жағдайда бір өлшеу негізінде құбылыстың шамасы бейнеленген карталар жатады. Мысалы, метеорологиялық жеке элементтерінің карталары, кейбір жағдайда оларды бақылау карталары деп атайды.
Аналитикалық карталар негізінде, құбылысты біртұтастық ретінде сипаттайтын бір қатар көрсеткіштері бейнеленетін синтетикалық карталар құрастырылады. Мысалы, климаттық облыстарының карталары.
Мазмұны бойынша тақырыптық карталар физикалық-географиялық және әлеуметтік-экономикалық карталары болып бөлінеді. Физикалық-географиялық карталарда табиғат компоненттерін және олардың элементтерін көрсетеді. Мысалы, тектоникалық, геологиялық, геоморфологиялық т.б.
Әлеуметтік-экономикалық карталарды төмендегідей түрлерге бөлуге болады: 1) тұрғындар карталары, 2) саяси және саяси-әкімшілік, 3) экономикалық, 4) мәдениет карталары, және 5) тарихи карталар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет