Басылған бейненің көрсетілімі және линиатура түсінігі. Қатты денедегі (қағаз, пленка т.б.), сондай экрандағы растрлық бейне нүктесінің көлемі, түпнұсқаны растрлеу параметрлеріне және қолданылған әдіске байланысты болады. Растр торының жиілігі дюймдегі түзу (lines per inch – lpi) санымен өлшенеді және линиатура деп аталады.
Растр нүктесінің көлемі әрбір элемент үшін есептеледі және аталған ұяшық түсінің интенсивтілігіне байланысты болады. Интенсивтілік неғұрлым жоғары болса, растр элементі соғұрлым тығыз толтырады. Яғни егер бір ұяшыққа таза қара түс кезіксе, растр нүктесінің көлемі, растр элементінің көлемімен сәйкес келеді. Бұл жағдайды 100% толтырылды дейді. Таза ақ түс үшін толтырылу мәні 0%-ды құрайды. Іс жүзінде элементтің толтырылуы 3-тен 98% құрайды. Бұл жағдайда растрдың барлық нүктелері шын мәнінде абсалютті қара түске жақындайтын біркелкі оптикалық тығыздықта болады. Анағұрлым қою түсті иллюзия, нүктелердің көлемін ұлғайту есебінен, растр элементтерінің орталарын біркелкі қашықтықта орналастыру, олардың арасындағы бос орындарды қысқарту арқылы құрылады. Мұндай әдіс амплитудалық модульдеу арқылы растлеу деп аталады. Түстің интенсивтілігі бірдей көлемдегі көршілес нүктелердің арасындағы арақашықтықпен реттелетін жиілікпен модульдеу арқылы растрлеу әдісі де бар. Осылайша жиілікпен-модульденген растрлеуде әр түрлі интенсивті түстегі растр ұяшықтарында нүкте саны әрқилы болып келеді. Жиілікпен-модульдеу әдісімен растрланған бейне анағұрлым сапалы болады, себебі онда нүкте көлемі кіші болады, қалай болғанда да амплитудалық модульдеу арқылы растрлеудеғі нүктенің орташа көлемінен біршама кіші. Оның есесіне бейне сапасын ЖМ-әдісінің әртүрлілігі, атап айтқанда стохастикалық растрлеу арттырады. Бұл жағдайда растр ұяшығындағы түстің интенсивтілігін бейнелеуге қажетті нүкте саны ғана есептеледі. Сонан соң бұл нүктелер ұяшық ішіне квазикездейсоқтық әдіспен есептелген арақашықтықта орналасады (шын мәнінде арнайы математикалық алгоритм қолданылады). Яғни ұяшық ішінде де бейнені тұтас алғанда да растрдың тұрақты құрылымы мүлдем болмайды. Сондықтан да стохастикалық ЖМ арқылы растрлеуде растр линиатурасы түсінігінің мағынасы жоғалады, тек шығару құрылғысының көрсеткіш қабілетінің ғана мәні болады. Мұндай тәсіл полиграфиялық құрал-жабдықтардың жоғары дәлдігі мен есептеуіш ресурстарға қомақты шығын жұмсауды қажет етеді: ол негізінен баспа кезінде бояу саны төртеуден асатын көркемдік жұмыстар үшін қолданылады.
Түстің интенсивтілігін (жарықтығы деп аталады) 256 деңгейге бөліп қарау қабылданған. Адамның көзі саны артық градацияны қабылдамайды, сондықтан да артық болып саналады. Ал аз болуы бейне көрінісін төмендетеді, сапалы жартылай түсті иллюстрация үшін ең аз мөлшер 150 деңгейлік мән болып табылады). Түстің 256 деңгейін көрсету үшін растр ұяшығының көлемі небары 256=16х16 нүкте болу керек екендігін есептеу қиын емес.
Түпнұсқа көрсетілімі, растр жиілігі, деңгейлер градациясы арасында төмендегі формуламен сипатталатын байланыс бар:
мұнда N – түстің деңгейлер градациясының саны, dpi-шығару құрылғысының көрсетілімі (бейне), lpi-растр линиатурасы. Ал формуладағы бірлік растр ұяшығы мүлде толтырылмаған жағдайға, тек ақ түске ғана сәйкес келеді.
Бейне көшірмесін принтерден немесе полиграфиялық құралдан шығаруда растр линиатурасы, баспа материалдарының параметрлері мен аппараттың мүмкіндіктері, талап етілетін сапа арасындағы ортақ пікірге қарай таңдалынады. Лазерлік принтерлер үшін ұсынылатын линиатура 65-100 lpi-ді, газет шығару үшін – 65-85 lpi-ді, кітап-журналдар үшін – 85-133 lpi-ді, көркем және жарнамалық жұмыстар үшін – 133-300 lpi-ді құрайды.
Растрлары қабат орналасқан, мысалы, бірнеше түсті бейнелерді басып шығаруда, әрбір келесі растр қандай да бір бұрышқа бұрылады. Түрлі-түсті баспада әдетте мынадай бұру бұрыштары: көгілдір баспа түрі үшін 105 градус, күлгін түс үшін 75 градус, сары түс үшін 90 градус және қара түс үшін 45 градус қолданылады. Бұл жағдайда растр ұяшығы қисық бұрышқа айналады және 150 lpi линиатуралы 256 түс градациясын шығару (көрсету) үшін 16х150=2400 dpi көрсетілім жеткіліксіз болады. Сондықтан да кәсіби кластағы фото құрылғылар үшін растрдың әр түрлі бұрыштарында сапалы растрлеуді қамтамасыз ететін ең төменгі стандартты көрсетілім болып 2540 dpi қабылданған. Осылайша түрлі-түсті бейнелер үшін растрдың бұрылу бұрышын есепке алу коэффициенті 1,06 құрайды.