Лекция №11 абайдың басқА Ғылым салаларымен байланысы жаратылыстану ғылымы туралы



бет1/2
Дата27.11.2023
өлшемі34,45 Kb.
#129409
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
Лекция № 11. Абайдың басқа ғылым салаларымен байланысы


Лекция № 11


АБАЙДЫҢ БАСҚА ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ


1. Жаратылыстану ғылымы туралы.
2. Абай танымындағы басқа ғылым салалары.
3. Өзге ғылыммен байланыстырудың өзектілігі.

Абайды басқа ғылым салаларымен байланыстыра оқыту


бүгінгі күнгі өзекті мәселе
(Оразалиев С.)

Уақыт өткен сайын Абайдың ұлылық тұлғасы асқақтап биікке көтерілуінің бір себебі артында қалдырған мұраның молдығында ғана емес, құндылығы мен құнарлылығында. Ақын мұрасы тұңғиық теңіз сияқты, асылы түбінде жатқан жаһұтты алуда «Математикадағы ойлылық, педагогикадағы тәрбиелілік, логикадағы жүйелілік, психологиядағы сезімталдық, философиядағы пайымдылық қажет» (Ф.Бэкон) осы ғылым салалары арқылы қайта оқысаңыз бұрынғы ұғымыңыз бен әсеріңізге жаңадан мән енеді. Абай еңбектерін бір рет оқып, қайта соқпай кеткен кісі, адам болу тұжырымдамасына атүсті қараумен бірдей ғана әсерде қалады. Ал, ұлылықпен ғұмыр бойы сырлас, аралас болғың келсе, (қай маман иесі болмасын) күнде бір шығармасын оқып, ой елегінен өткізіп отырсаң мұратыңа жетесің.


Математика - ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістіктегі көріністері жайлы ғылым. «Сандар ғылымы басқа ғылымдардың бәріне қатысыды» (Әл-Фараби) олай болса, ежелгі замандардан-ақ математикалық біліктілік ғылымның жоғары дәрежесі ретінде қабылданған. Математиканың туу, даму барысы ұзақ мерзімге созылды. Математика ғылымдардың логикалық негізі, күре тамыры ретінде қарастырылады. Бұл ғылым ең алдымен оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастырып дамытады және шыңдай түседі, әлемде болып жатқан құбылыстарды, жаңалықтарды ғылыми негізде түсінуге көмектеседі.
Ұлы Абай өлеңдерінде математикалық терминдер яғни сандар кездеседі. Әрбір матеатикалық фигуралар да кейіптеп, әсемдеп сөз өнері мен әрі қарай дамытқан. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде:
Бес нәрсеге асық бол
Бес нәрседен қашық бол
Адам болам десеңіз. - деп, адам болудың тезисін санамалап «бес» деген математикалық ұғыммен беріп отыр. Осы ұғымды ондап санамалауға болатын еді. Бірақ, Абай қасиетті Құрандағы мұсылман пендесінің бес парызын негізге алып отыр. Шәкірттің білімін беске дейін бағалау исламның бес парызынан туғандығын біреу білсе біреу білмейді.
Единица жақсысы,
Ерген елі бейне көл
Единица нөлсіз-ақ,
Өз басындық болар сол
Единица кеткенде,
Не болады өңкей нөл?
Ақынның бұл өлеңіне өткір көз, зерделі ой, келелі көңіл, күрделі кеңес керек. Абай математика тілімен сөйлей отырып, ел басқарудың келелі сипатын ашады. Математика ғылымындағы натурал бірлік сан мен рационал нөл сандары кездеседі.
Абайдың ойынша қабілетті оқушылардың математикалық даму дәрежесі есеп шығарудан анық байқалады. Кез-келген есепті шығару оқушыдан үлкен еңбекті, ұшқыр ойлылығын, табандылығын, төзімділігін, сенімділігін талап етеді. Математикалық тілде тілдесу сөйлеу мәдениетін дамытады, яғни нағыз математик ақын жанды болу керек екендігін, Қазақстан ҰҒА акедемигі Асқар Жұмаділдаев: «Мені математик еткен - Абай» деген сөзі дәлелдеп берді.
Болашақ физика мамандары Абай танымымен ұшырасқанда:
Бір қайғыны ойласаң,
Жүз қайғыны қозғайды. – деген, физика заңдылығындағы «қозғалыстың» түбірі «қозғау» болса, қозғалыс өзінен-өзі пайда болатын құбылыс емес, басқа бір дененің әсер ету күші. Физикалық заңдылықпен басталатын 20-қара сөзінде. «Дүние бірқалыпты тұрмайды» деген ұлы ақын «біз пендеміз, өзгереміз...» Тағдырдың жасаған өзгерісін ешкім ақылмен жасамайды, ол табиғи құбылыс, оны:
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп. - деген бір шумақ өлеңінің өзінде физикалық құбылыстың бар екендігі «ойлы адамдарға» (Абай) түсінікті. «Желсіз түнде» судың беті дірілдегені несі деген сұрақ туындайды. Оны физикадағы интерференция құбылысы арқылы түсіндіруге болады. Интерференция - өте нәзік құбылыс. Ол (жарық немесе дыбыс) бір-бірімен қабаттасқанда бір нүктеде бірінің күшейуі, екінші нүктеде әлсіреу құбылысы. Оны Абай өлеңіндегі соңғы сөздері «дірілдептен» гөрі «гүрілдеп» күшейіп тұрғанын байқау қиын емес, жоғарыдағы бір шумақ өлеңде кездесетін интерференция құбылысы бірінің әлсіреп екіншісінің күшейуімен ерекшеленіп тұр.
Енді, Абай мен химия ғылым саласының байланысы, Орта ғасырларда пайда болған Ал-химия ұғымы ҮІІІ-ІХ ғасырларда кен, көн өндіру, шиша мен қағаз шығару химия ғылымының дамуына әсері болды. Алғашқысы ылғал, екіншісі құрғақ бу. Ылғалды будан сынап, құрғақ будан күкірт пайда болады. Олардың қосындысынан алтын, күміс, мыс, темір, қалайы, қорғасын, шыны пайда болатындығын анықталған.
Абайдың «Әзім әңгімесіндегі» Мұстафаға бір шалдың көрік арқылы көмірдің қызуын күшейтіп, мысты талқандап ол еріген кезде ұсақ қара дәріні қосу арқылы алтын жасаайды деген ұғым:
Химия ғылымын білуші ем, үйретер ем,
Мысты алтын жасаушы ем, алдамаймын. - дегені осының айғағы. «Бергі таудың басында сол дәрі бар» деп Қап тауының шыңында ғана болатынын оны игеруде аса қиындықпен қол жеткізетінін, ол жолда адамды құрбан етуден тайынбайтынын ұлы ақын жеткізе суреттейді. Жай металды алтынға айналдыруға болады және ол дәрі адам баласын мәңгі жасартады деген түсінік «философиялық тасты» іздеумен шектеледі.
Абай өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогика ғылымына көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал», - дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады.
Абайдың ұлағатты мұрасын педагогика ғылым салаларында ғана емес басқа мамандықтардан да Абай идеяларын табуға болады. Мәселен: экономика, әлеуметтік-қоғам, саясат, ел басқару, Алланы тану, өзін-өзі тану сияқты барлық техника мен жаратылыс ғылым салаларын ұлы Абай «Заһири ғылым» деп атаған.
Қазіргі бизнес мәдениетіне баулу үшін кәсіпкерлікке дұрыс бағыттап, олардың адал болуы жолында, бизнесі бекем болу үшін Абайға жүгіну керек:
Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
Есек көтін жусаң да мал тауып кел,
Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас. – деген Абай бизнестің қас жауы «тәуекелсіз» «талапсыз», «еріншек» сияқты бойкүйездіктен қашып, ерінбей адал еңбек етуге шақырады.
Абайдың заңгерлігі өзінің тікелей әрекетімен орындалған; 1885 жылы Абай жазған 93 бабтан тұратын Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін бекітті. Бұдан былай билер, осы заң аясында билік айтатын болды.
Заң шеңберінде де Абай азғана қызмет етпегені көрініп отырады. 1876-1878 жылдары Қоңыр-Көкше еліне Абай болыс болады. Ар жолындағы Абай ел ішінде әділдік таразысын тең ұстап, қорғансыздарға пана болуға тырысты. Ұрлық жасағандарды ашықтан-ашық әшкере етті. Бір топ шонжарлардың жолын кескен ақын үстінен «Абай барымта алды, ауыл шауып, әйел қорлады» деген жала расталмай Абай ақталып шықты.
Мәселен; Абай өзі тілге алған Шығыс ғұламаларының бірі Ғұламаһи Дауанидің «Ахлақ-э Жалали» еңбегінің 63-бетінде құқықтық ілім шарттары жөнінде айтылған.
1886 жылғы патшалық империя қазақтардың үш жүзге және руларға бөлінетінін бақылай отырып өз арасына іріткі салу мақсатында білімсіз етіп «жаңа өмірге бейімдейміз» деген болып, «Уақытша ереже» - «Жаңа низам» сияқты заңдарды ойлап тауып елубасы, жүзбасы, болыстық билік қазақтар үшін тиімсіз басқару жолдарын ойлап тапқан отаршылдар, шағын елді мекендерде билер санын көбейту арқылы дау жанжалға ерік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет