Пәндік лексика және терминдер: Қауіпсіздік ережелері, үзіліс.
Диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестер.
Құндылықтарды дарыту
Қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйренеді, сақтық шараларын ұстануды үйренеді.
АКТ қолдану дағдылары
Интербелсенді тақта.
Көрнекі құралдар
Суреттер, ақ парақтар, түрлі-түсті қағаздар, оқулық, жұмыс дәптер
Сабақты өту кезеңдері
Мұғалімнің әрекеті
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, қал-жағдайларын сұрау.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Қалдарың қалай?
Көңіл-күйлерің жақсы ма?
(оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі)
Балалар, бүгінгі көңіл-күйлеріңді білдіру үшін алдарыңа таратылып берілген «көңіл-күй смайликтерін» алып, бүгінгі көңіл-күйлерің қалай екенін көрсетіңдер.
(оқушылар смайликтер арқылы көңіл-күйлерін көрсетіңдер)
Балалар, ендеше осындай керемет көңіл-күйімізбен сабақтың тақырыбымен таныс болайық.
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы өздеріңмен тікелей байланысты «Мектептегі өмірім» деп аталады. Бүгінгі күн ретін және тақырыпты дәптерге жазып аламыз.
( оқушылар күн ретін, тақырыпты жазып алады)
Смайликтер, слайд, тақта, интерактивті тақта
Үй тапсырмасын тексеру
Балалар, жаңа сабағымызға көшпес бұрын ең алдымен, өткен сабақты есімізге түсірейікші. Біз өткен сабақта қандай тақырып өттік?
(оқушылар жауап береді)
Дұрыс айтасыңдар балалар. Біз өткен сабақта «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері» тақырыбы өтілді..
Олай болса, «Талдау – сауал» әдісі арқылы өткен тақырыпты есімізге түсіріп алайық.
ҚР Мемлекеттік Рәміздерін атаңдаршы.
(Ту, Елтаңба, Гимн) Біздің Туымыздың түсі қандай және не бейнеленген?
( Көк түсті. Күн, ашық аспан, алтын қыран бейнеленген.) Қазақстан Республикасының елбасы кім?
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» арқылы бағалайды.
Интерактивті тақта, бағалау парағы.
Жаңа білімдерді меңгеру
Балалар, мектеп деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Мектеп сендерге не үшін керек?
Мектеп өмірі сендерге ұнайды ма?
(Ұ) Суретпен жұмыс Мектеп ережелері болады ма?
Мектептің қандай ережелерін білесің?
Оқушыларға үзіліс не үшін беріледі?
Үзіліс кезінде өзіңді қалай ұстау керек деп ойлайсыңдар?
Мектеп – бұл сенің білім мен тәрбие алатын оқу орның.
Мектеп өмірі тәртіп пен күнделікті ережелердің сақталуына бағынады. Мектептегі барлық тәртіптің сақталуына, оқушылардың қауіпсіздігіне мектеп басшысы жауапты. Оған мұғалімдер, дәрігерлер, күзекшілер және басқа да адамдар көмектеседі. Олардың атқаратын өз міндеті бар.
Ал, балалар, тапсырма орындау үшін мен сендерді қатарларың бойынша 3 ке бөлемін.
1 – қатар: «Алғырлар» тобы;
2 – қатар: «Талаптылар» тобы;
3 – қатар: «Білгірлер» тобы.
Жарайсыңдар, топқа бөлініп болсақ, бәріміз бірге тапсырма орындайық.
Сабақ соңында қай топ тапсырмаларды жақсы орындайды, сол топқа сыйлық беремін.
Ендеше, сендерге 1 – тапсырма «Пайдалы ережелер» деп аталады.
2 – топ: Үзілісте сақталу керекті қауіпсіздік ережелерін құрастырады;
3 – топ. Асханада сақталу керекті қауіпсіздік ережелерін құрастырады.
Қане, кеттік...
Өте жақсы, жарайсыңдар!
(топтар бір – бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды)
Балалар, сендерге үзіліс не үшін беріледі?
Оны қалай тиімді пайдалануға болады?
Сендер үзілістеріңді қалай пайдаланасыңдар?
Жарайсыңдар, өте дұрыс!
Әр қайсысың жеке «Менің үзілістегі уақытым» тақырыбындағы топ бойынша шағын әңгіме құрастырыңдар.
(өз еріктерімен жазған шағын әңгімелерін баяндап береді)
Жарайсыңдар, балалар, барлық топтар өте жақсы жұмыс жасады. Барлық топтарға менен сыйлық (шоколадтар).
Оқулық
Оқулық, интербелсенді тақта,
Ынталандыру.
Интербелсенді тақта.
Сабақты қорытындылау
«Бумеранг» әдісі бойынша бүгінгі өтілген материалдар бойынша оқушыларға сұрақ қояды.
(Әр топ мүшелері тақырып бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын келесі топқа береді. Олар сол сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың барлығы да қатысады).
Топтарды мұғалім «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Топтарды бағалау суреті
Рефлексия және бағалау
Балалар, сабақ аяқталуға жақын. Олай болса, тақтада көрсетілген «Білім сандығына» бүгінгі сабақтан не үйренгендеріңді және білгендеріңді алдарыңа таратылып берілген стикерге жазып, іліңдер.
(оқушылар стикерге жазып, «білім сандығына» іледі)
Стикер, «білім сандығы»
Үйге тапсырма
Балалар, үйден «Менің мектептегі парталасым» тақырыбында шағын әңгіме жазып, сурет салып келіңдер.
Балалар, үй тапсырмасы түсінікті болды ма?
(балалар жауап береді)
Балалар, бүгінгі сабақ сендерге түсінікті болды деп ойлаймын.