Лекция №11 р ухани жаңғыру және қоғамдық -саяси дамудың келешегі


Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері



бет5/6
Дата22.04.2022
өлшемі49,72 Kb.
#31958
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері. Тәуелсіздік жылдары мемлекеттік денгейде еліміз азаматтарының мәдениетін, тілдері мен рухани дәстүрлерін сақтау және қорғау конфессияаралық келісімнің бірегей қазақстандық моделін қалыптастырды.

Қазақстандық бірегей тәжірибе жаһандық деңгейде қолдау тапты, сондықтан Елордамыз қоғамдастық дін көшбасшыларының кездесетін орнына және диалог алаңына айналды. Қазіргі күні Қазақстан жаһандық деңгейдегі діндер мен өркениеттер диалогы ұстанымын бекіту туралы мәселені көтере отырып, Шығыс пен Батыс арасындағы көпірге айналып отыр. Елде қалыптасқан этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісі әлемдік бағаға ие болды.



Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезі 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Съезге дайындық барысында біздің Президент Қасиетті Рим папасы Иоанн ІІ Павелмен кездесті. Форумның жұмысына Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Африканың 13 елінен ислам,христиан, буддизм, иудаизм, синтоизм, даосизм және басқа да конфессиялардың 17 діни ұйымдардың өкілдері қатысты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу туралы Н.Назарбаевтың бастамасы әлемдік қауымдастықта үлкен қызығушылық туғызды. Бұл идеяға АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Египет сияқты ірі державалардың басшылары, белгілі саясаткерлер, көптеген діни конфессиялардың көшбасышалары қолдау білдірді.

Съез алуан түрлі дін өкілдерінің бүкіл ғалам халқының бейбіт және лайықты өмір сүруі жолында ынтымақтастық пен бірлік идеяларының өзектілігін және оны іске асырудың қажеттілігін талқылады. Оның шешімдері Декларацияда көрініс тапты, атап айтқанда, әділдік, ақиқат, имандылық, төзімділік сияқты мәңгілік құндылықтарды уағыздау әрбір діннің мақсаты болуға тиіс деп атап көрсетілді. Діннің атын жамылып жасалатын экстремизм, лаңкестік және күш көрсету мен қаскүнемдіктің басқа да түрлерінің шынайы дінге еш қатысы жоқ деп мәлімденді.

Съездің үлкен жетістігі – Қазақстанның бүкіл әлем алдында шынайы қоғамдық және дінаралық келісім мен бірлікке қол жеткен ел ретінде танылған. І съезд барысында қатысушылар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін ұдайы түрде өткізу және оның жұмыс органы – әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Хатшылығын құру туралы шешім қабылдады.



2006 жылы 12-13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында, Қазақстанның Елордасында арнайы салынған Бейбітшілік пен келісім сарайында әлемнің 26 елінен 29 діни делегация қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезі өтті. Съез «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» деген жалпы тақырыпта өтті. Жиынға қатысушылар адамзаттың алдында тұрған ең өзекті мәселелер: діни сенім бостандығы, басқа дін өкілдеріне құрмет және қазіргі қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулерді ескере отырып, дін көшбасшыларының халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі туралы мәселелерді талқылады. Съез нәтижесінде «Үнқатысу қағидаттары» деген бірлескен құжат қабылданды.

2009 жылдың 1-2 шілде күндері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ съезіне әлемнің 35 елінен 77 делегация қатысты. Форумның 300-ден астам қатысушыларының арасында барлық негізгі діни конфессиялардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ қауіпсіз және тұрақты әлем құру мақсатымен мәдениеттер мен діндер арасында ашық үнқатысу мәселелерімен шұғылданып жүрген саясаткерлер, көрнекті қайраткерлер мен сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері болды.

Съездің жалпы отырысы «Дін басшыларының толеранттылыққа, төзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген әлемді құрудағы рөлі» атты тақырыпта өткізіліп, дінаралық үлесімді жетілдіру, өзара құрмет, діни негізде туындайтын қақтығыстардың алдын алу және болдырмау қажеттілігіне байланысты қазіргі заманғы маңызды мәселелер талқыланды.

Алдарына қойған мақсатқа жету жолында діни басшылар 2012 жылғы 30-31 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті ІVсъезінің басты тақырыбы ретінде «Бейбітшілік және келісім – адамзат таңдауы» тақырыбын анықтады.

IV съез шеңберінде Елбасының өткен съездегі бастамасы бойынша құрылған Діни басшыларының Кеңесі жұмысын бастады. Форум қызметін жетілдіру мақсатында Әлемдік және дәстүрлі діндердің басқарушы органы ретінде Кеңеске зор үміт жүктелген. Одан кейінгі съездер әр үш жыл сайын өтіп тұрды.



2015 жылғы 10 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Vсъезі ашылды. Форум тақырыбы «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы үн қатысу» деген тақырыпта өтті. Съез аясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және Иордания Королі ІІ Абдалламен кездесті. Форумға әлемнің 40-тан аса мемлекетінің 80 делегация қатысты. Қазақстан ислам, христиан және буддизм әлемдік діндерді байланыстыратын өркениетке бастар жол екенін тағы да дәлелдеді. Бұл шараға христиан, ислам, иудаизм, буддизм, даосизм, индуизм, зороастризм және синтоизм өкілдері, сонымен қатар қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Съездердің жұмысы барысында адамзаттың маңызды мәселелері: «Діни және саяси басшылардың адамзат алдындағы жауапкершілік»; «Діннің жастарға әсер-ықпалы»; «Дін және саясаттың өзара әсерінің жаңа үрдістері мен перспективалары»; «Бейбітшілік, қауіпсіздік пен үйлесімділік үшін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасында өзара құрмет пен түсіністікке негізделген үнқатысуы» деген тақырыптар төңірегінде жан-жақты пікір алмасты.

Әлемдік деңгейдегі діни кайраткерлердің басқосуларында әлемдегі ең маңызды діни мәселелер талқыға салып, соларды күн тәртібіне шығарады.

Съездер шеңберінде өркениетаралық және дінаралық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері мен діни басшыларының бейбітшілік және келісім орнату жолдары талқыланды және аталған мәселелер болашақта әрі қарай қарастырылмақ. Сонымен қатар, съездер басқа да көптеген ынтымақтасу және сұхбаттасу бағытындағы халықаралық ұйымдар мен форумдармен, соның ішінде БҰҰ, Өркениеттер Альянсымен өзара әрекеттеседі.

Ұлт Көшбасшысы бастамасы бойынша шақырылған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерінің тарихи маңызы зор. Қазақстан Еуразияның географиялық орталығы ғана емес, жаһандық рухани-конфессионалды орталығына айналды. 2008 жылы АҚШ конгрессмені Дана Рорабахер: «Қазақстан қазіргі таңда тек Азия орталығы емес, әлем орталығына айналды» деп жоғары бағасын берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет