Лекция №11 саяси сана және мәдениет



бет2/4
Дата25.11.2023
өлшемі107,5 Kb.
#127459
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция № 11

Танымдық қызметі - қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып –білуге, субъектті саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс – тәсілдерімен қаруландыру.
Реттеушілік қызметі – саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік – таптық, ұлттық қатынастарды реттеу.
Тәрбиелік қызметі - әркімді қоғамдық – саяси қызметке әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кемшілікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу.
Біріктірушілік қызметі – қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, талаптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыру.
Қорғау қызметі – қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.
Сабақтастық қызметі – саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процесті тоқтауыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық.
Саяси мәдениет өмір сүріп отырған қоғамның тұрпатына сай қалыптасқан саяси түсінік, құндылық бағыттар, тәртіптер және саяси мінез- құлықтар көріністерінің жиынтығы болып табылады. Саяси мәдениет қоғамның тұрақтылығының кепілі. Ол мәдениеттің барлық саласын реттейді.
Саяси мәдениет қоғамның саяси өмірінде үлкен қызмет атқарады. Оның реттеуші рөлі өмір сүріп отырған саяси жүйені, оның қайраткерлерін, олардың іс- әрекеттерін, саяси оқиғаларды халық бұқарасының дұрыс қабылдауына әсерін тигізеді.
Саяси мәдениеттің тәрбиелік маңызы зор. Ол жеке адамның интеллектуалдық дамуына, бұрыннан бар және жаңадан алынған саяси білім негізінде, оның саяси ой-өрісін кеңейтуге жәрдемдеседі. Егер білімнің саяси өмірге мүдделілігі артса, қоғамдық-саяси қызметтің бағыты тұрақтанса, жеке адамның саяси белсенділігі арта түссе саяси мәдениеттің де тәрбиелік маңызы артады.
Саяси мәдениет, қоғамдық сана және практика арасындағы байланыс саяси дәстүр арқылы жүргізіледі. Саяси мәдениет өмір сүріп отырған саяси жүйесінің тірегі болып табылады, халықтың барлық жіктерін біріктіреді, сөйтіп үстем таптың әлеуметтік негізін кеңейтеді. Саяси мәдениет азаматтық мәдениетпен тығыз байланыста болады. Олар бірін-бірі толықтырады.
Американ саясаттанушылары Г.Алмонд пен С.Вербаның “Азаматтық мәдениет” деп аталатын кітабындағы (1963) мәдениет тұрпаттары туралы ойлары ірі сынға ұшырады. Кейін 1893 жылы шыққан кітабында олар саяси мәдениеттің таза үш тұрпатын белгілейді.
Олар: Саяси жүйе мен өмірге ешқандай қызықпауға негізделген патриархалдық саяси мәдениет.
Оның шамамен айтқандағы үлгісі африкалық тайпалардың трибальдық ұйымы болып табылады.
Бодандық саяси мәдениет. Мұнда азаматтар саяси өмірге, саяси жүйеге немқұрайды көзқараста болады.
Активтік (белсенді) саяси мәдениет. Бұл жағдайда азаматтар саяси жүйенің өмір сүруіне мүдделі, саяси қызметке белсенді түрде қатысады. Олар азаматтық мәдениетті саяси мәдениеттің жалғасы деп есептейді.
Саяси мәдениет туралы ұғым ертеден бастап Платон, Аристотель, Токвиль, Маркс, Мангеймнің еңбектерінде айтылады. Бірақ саяси мәдениет туралы мәселе біздің ғасырымыздың 50- жылдарынан бері жеке ұғым бола бастады. Шет елдерде оның негізін қалаушы Г.Альмонд пен Г.Пауелль деп есептеді.
Саяси мәдениет-тарихи көрініс. Тарих барысында саяси мәденеттің құрамды бөлімдері өзгеріп отырады. Саяси мәдениет ұлттық сипатта болады. Ол тарихи- мәдени дәстүрлерді, қоғамдық – саяси практиканы, ойлаудың жеке бейнесін қамтиды.
Саяси қатынасына байланысты жеке адамдардың тұрпаты мынандай болдады: автомат адам – барлық саясатты ойланбай қабылдайды; жалған консервативтік - тек қана консервативтік көзқарасты қабылдайды; саяси үгітші- әсерлі сезім тудыратын саяси лидер; саяси әкім - істі айла - амалмен жүргізетін адамдар, саяси теоретик, бюрократ.
Осы замандағы қоғамда саяси мәдениеттің үш жағы бар. Олар – жалпы мәдениет, ұлттық мәдениет, таптық мәдениет. Бұлар өзара байланысты. Қоғамның саяси өмірін ұйымдастыру және мәдениетін дамыту осы үшеуін үйлестіру арқылы жүргізіледі.
Жеке адам дамыған идеологиялық мазмұнда кездеспейді, бұл дәрежеге ол топқа қатысуымен жетеді. Топ мінез-құлықтың жалпы нормасын белгілейді, принциптік жағынан реттейді.
Саяси білім саяси мәдениеттің құрамдас бөлімінің бірі. Саяси мәдениет қоғамның кәмелеттілігінің дәрежесі. Ол жалпы азаматтық мүдделерді, келісілген іс-әрекетті жүзеге асырудың формалары мен механизмдерін,
қайшылықтарды жеңу қабілетін көрсетеді. Азаматтық мәдениетсіз ешқандай саяси мәдениет жеңіске жете алмайды. Германиядағы 30 жылдардағы фашизм елді апатқа ұшыратты.
Саяси өмірдің ерекшеліктерін тану саясаттың мазмұнын білуді керек етеді. Марксизм – ленинизм классиктері саясатты былық пен алдаудан, жалғаннан ғылымға айналдырды, оның жүйелі теориясын жасады, оның генезисін, таптық мәнін және әлеуметтік қызметін көрсетіп берді, саяси көріністерді ғылыми жолмен түсіндірді, әр түрлі әлеуметтік – экономикалық формациялардағы саясаттың тұрпатты қасиетін және ерекшеліктерін анықтады.
Идеология таптың мүддесін көрсететін теориялық форма болса, саясат оны жүзеге асырудағы практикалық өріс болып табылады. Әрбір әлеуметтік
қажеттілік мемлекеттік, саяси тұрғыдан қаралуға тиісті. Саясатқа субъектизм, декреттендіру, асығыстық, ойланбаған шешімдер қабылдау, волюнтаризм сай келмейді. Саяси шешімдер дұрыс болу үшін азаматтық қоғамға дұрыс талдау жасалуы тиіс.
Қоғамның саяси өмірін зерттеуде толық табысқа жету үшін оның саяси мідениетін білу қажет. Онсыз нақтылы саяси жүйенің тарихын, сипатын, ерекшеліктерін, саяси режимін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен мінез-құлқын, саяси процестерді дамуы мен бағытын білу мүмкін емес.
Саяси мәдениет адамдар мен әр түрлі ұйымдардың мінез – құлқы мен қызметіне, олардың ішкі және халықаралық саясатты қабылдауына, үстем таптар мен жеке саяси көсемдерге, саяси жүйе мен режимдерді бағалауға, қоғам өміріндегі адамның орнын белгілеуге мүмкіндік береді. Ол саяси бағдарлауға, саяси бағытты белгілеуге, саяси басқарудың нақтылы шешімдерін қабылдауға және жүзеге асыруға кең жол ашады.
Халықтың саяси бағытты қабылдауы, оны өзінің мұң-мұқтажын ескереді деп есептеуі, сөйтіп оны қолдауы саяси мәдениеттің дәрежесі мен жағдайына байланысты. Саяси мәдениеттің дәрежесі қоғамның тұрақтылығын сақтауға жағдай туғызады.
Осы күнгі саяси ғылымда саяси мәдениет туралы әр түрлі пікірлер бар, оның 30-дан астам анықтамасы айтылып жүр. Бұл осы түсініктің өте күрделі екендігін көрсетеді. Ол анықтамалардың сипатты кемшіліктері бар. Олардың бірінде анықтамаға тән емес мәселелер қосылған, мысалы, еңбектегі белсенділік. Кейбір анықтамаларда саяси мәдениет саясаттанудың басқа категорияларынан бөлек қаралады. Кейде саяси мәдениетті рухани мәдениеттің бір бөлімі деп қарайды. Тағы басқа да кемшіліктер бар.
Саяси мәдениет материалдық және рухани мәдениетпен қатар өз алдына мәдениеттің дербес түрі болып табылады. Оның өзгешелігі қимыл өрісінің ерекшеліктеріне, саяси өкіметтің өмір сүруі және мәдениеттің осы түрін
сипаттайтын элементтердің ерекшеліктері – саяси түсінік пен құндылыққа, саяси тапсырмаға және мінез-құлқына байланысты. Бұл арада қоғамның саяси өмірі мен саяси мәдениетінің арақатынасын, саяси мәдениеттің құрылымын анықтау керек. Бұл жөнінде біздің елдің және шет елдердегі саясаттану мамандарының арасында түсініктер әр түрлі болып отыр.
Америка саясаттану мамандары Г.Альмонд пен С.Верба саяси мәдениетті адамдардың саяси объектіге психологиялық қатынасының жиынтығы деп атайды. Ол- табиғат, құндылық, діни сезім, тапсырма т.б. жиынтығы. Бұл пікірді саясаттану мамандарының көпшілігі жақтайды. Сонымен қатар Р. Карр және М.Бернстайн саяси мәдениет саяси идеялар мен әлеуметтік практикадан тұрады дейді. Р.Такер саяси мәдениетке санамен қатар мінез- құлықты қосады.
Бұрынғы кеңес ғалымдары Ф.М.Бурлацкий мен А.А.Галкин саяси мәдениетке мінез – құлықты қосуға қарсы болады. Мұнымен М.Х.Фарукшин келіспейді. Ол саяси мінез-құлықтан саяси мәдениет кең дейтіндерге қарсы.
Саяси мінез-құлықты саяси мәдениеттің бір бөлімі, бүкіл саяси мәдениеттің сапалы сипаты деп есептейді. Саяси мәдениет тек қана адамдар қабылдаған, тұрмыста әдетке айналған сана мен мінез – құлық болып табылады. Сонымен саяси мәдениет белгілі бір саяси қауымның саяси санасы мен мінез – құлқының жиынтығы.
Саяси мәдениеттің ажырамас бөлімі қоғамда әлеуметтік үстемдік ететін саяси сана, саясат және оның жеке институттары жайындағы, саяси тәртіп, биліктің механизмі және басқару туралы, шешім қабылдау және оны жүзеге асыру туралы, билік басындағылар туралы, олардың саяси өмірдегі орны туралы, саяси қызметке қатысудың тиімділігі туралы түсінік болып табылады.
Саяси практикада салыстырмалы түрде нақтылы түсінік қалыптасады, олар үлгі немесе стереотип түрін қабылдайды. Ол түсінік рас па әлде жалған ба саяси мідениеттің адамдары оны шындық деп қабылдайды. Тұрақты саяси түсінік сяаси санаға, қоғамның бағытына үлкен әсерін тигізеді. Мысалы, патша самодержавиесінің кезінде шаруалар патшаға сенді, жағымсыз патша болған кезде жақсы патша үшін күресті. Англияда жұмысшы-торилер консервативтік партияның үстемдігін дұрыс деп есептейді.
Көптеген шет ел зерттеушілері американдардың саясатқа, саяси қызметке қызықпайтындығын, саяси өмірдегі самарқаулығын көрсетеді. Кейбір саясаттану мамандарының айтуынша, көптеген американдар өзінің азаматтық белсенділігін дауыс беруде ғана көрсетеді. АҚШ, Англиядағы саяси партиялардың мүшелерінің саны аз, белсенділігі төмен, олар тек қана парламентке сайлау кезінде жұмыс істейді. Ол жағдай басқа да еуропалық елдерге тән. Жаңа өкімет билігі біздегі партиялардан да осыны талап етеді. Голландиядағы зерттеулерге қарағанда, халықтың он проценті саясатқа
қызығады, Австрияда 25 процент. Бұл ол елдердегі саяси көріністің халықты қызықтырмайтындығын, халықтың саясаттан оқшауландырылғандығын көрсетеді.
Саяси мәдениеттің бір көрінісі қоғам немесе топ үшін саяси бағыт болып табылады; Ол саяси ұғым мен құндылықты іс- жүзінде асыруға мүмкіндік береді. Саяси бағыт- субъектінің саяси көріністерге қатынасы. Ол қатынас саяси білім алуға ынталылық немесе оған қарсылық, саяси қызметке белсенді немесе самарқау қарау;саяси болмыстың әр түрлі жағына араласуы болуы мүмкін.
Мысалы, Англиядағы саяси мәдениеттің бір көрінісі заңды бұлжытпай орындау. Англияда саяси лидерді жақтамай, саяси партияны жақтайды. Сайлау кезінде Англия сайлаушылары партия үшін дауыс береді. Ал АҚШ та сайлау кезінде жеке адам, президентке кандидатқа дауыс береді. Олар адам есебінде кандидатқа қарсы болғанмен оның қызметін құрметтейді.
Жеке адамды құрметтеу-Үндістанда да тән көрініс. Ол жерде партия өзінің күшті міндет лидеріне байланысты ғана беделді бола алады. Сондықтан Үндітанда партиялар кандидат етіп беделді адамдарды ұсынуға тырысады.
Саяси мәдениет тек қана саяси сана емес, сонымен қатар мінез- құлық. Оның көрінісі әр түрлі. Мысалы, Жапонияда екі адам кездессе, біріне-бірі иіліп сәлем береді, соның өзінде бағынышты адам төмен иіледі. Көп жылдар бойы бізідің елімізде мемлекет мүддесі барлығынан жоғары болды. Соның салдарынан мемлекет адамның басқа саяси іске қатысуын шектеді.
Саяси мінез- құлықты қалыптастыруда үлкен орын алатын саяси дәстүр болып табылады. Дәстүрлерде өткендегі саяси тәжірибе жинақталады, оның қоғамның мүддесі мен мақсатына сай келетін жақтары таңдалады.
Қоғамның саяси мәдениеті қоғамның саяси мәдени дамуының қорытындысы есебінде саяси жүйе мен саяси тәртіптен көрінеді.
Саяси ұғым, саяси құндылық, мінез- құлық саяси мәдениеттің мазмұнын анықтайды. Бірақ олар әрқайсысы дербес әрі бір-бірімен байланысты мәселелер. Мысалы, көптеген американдар мен басқа да Батыс Еуропа елдері халықтарының саясатқа енжар қатысуын әр түрлі мағынада түсіндіреді. Оны халықтың саясатқа бірінші дәрежелә мән бермегендігінен немесе оған нашар қатыстырылуынан, әйтпесе саяси мәдениетінің төмендігінен деп есептеуге де болады.
Саяси мәдениеттің белгісі ретінде саяси рәмізді де атайды. Ол адамды сезімге бөлеп, кейде ұйымдастырушылық рөл атқарады. Саяси рәміз саяси сана мен мінеі-құлықтың қалыптасқан белгісі, сол арқылы қоғамдық топтар мен жеке адамдардың санасына мідениеттің үлгілері енгізіледі. Рәмізді кез келген саяси құрылыс, саяси партия пайдаланады. Оларды фашистер де, Британия монархиясы да, басқалары да пайдаланды. КСРО тарағаннан кейін, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рәмізін жасауға кірісті. Бірақ рәміз халықтың саяси мәдениетін толық көрсете алмайды. Кез келген саяси мәдениет сол кезге сәйкес келетін әлеуметтік тұтастықтың мүддесін, қоғамдық жағдайын, тарихи дамуының ерекшелктерін көрсетеді.
Қоғамдағы үстем саяси мәдениет таихы дамудың барысында саяси жүйеде үстем орын алатын әлеуметтік, таптық мүдделерге ыңғайлы өзгерістерге ұшырайды. Әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне орай саяси мәдениет те өзгеріп отырады. Біздің елімізде көп жылдар бойы басқарудың әміршіл-әкімшіл әдісі үстем болған кезде саяси мәдениеттің авторитарлық-социалистік саяси санасы мен мінез-құлқы енгізілді. Енді плюралистік демократиялық саяси жүйеге көшу кезінде олардың барлығы өзгеріле бастады. Қайта құру аяқталғаннан кейін плюрализм шектеле бастады. Осы жағдайда ескі мен жаңаның арасындағы қайшылық күшейе түсуде . Жаңаның бәрі өзіне күрделі қиындықпен жол ашуда. Ол жолда обструкционизм, охлакратия, анархизм көріністері, адамгершілікке жат психология еніп кетіп отыр. Оны жеңу үшін шын мәнісіндегі демократияға жеткізу керек.
Қоғамда саяси мәдениетпен қатар шағын мәдениет орын алды. Ол жеке қоғамдық топтардың саяси мәдениетінің ерекшеліктері. Саяси мәдениет салалық шағын мәдениеттің толық жиынтығы емес. Ол өмір сүріп отырған қоғамдағыхалықтың негізгі бұқарасының саяси санасы мен мінез-құлқын сипаттайтын ең тұрақты, тұрпатты белгілерін жинақтайды. Әрбір шағын салалық мәдениет қоғамда үстем болып отырған саяси мәдениетпен өзінің ерекшеліктерін ұштастырады. Оның ерекшеліктері қоғамдық топтардың қоғамның экономикалық және әлеуметтік құрылымындағы алатын орнына қарай, этникалық, расалық, діни, білім, жыныс-жасы тағы басқа айырмашылықтарына байланысты өзгешеліктерін көрсетеді.
Мысалы, Америка негрлері американ зерттеушілерінің ақпарына қарағанда, Штаттардың үкіметінен гөрі федералдық үкіметке сенеді, бұл үкіметтің әлеуметтік бағдарламасын қолдайды, қарапайым азаматтардың саяси белсенділігіне сенбейді, саясат ақ адамның ісі деп есептейді.
Ал әйелдердің саяси шағын салалық мәдениетінде, әдебиетте көрсетілуіне қарағанда, Батыс елдеріндегі әйелдердің консервативтік партиялар мен ұйымдарды қолдауы күшті. Оның себебі әйелдердің қоғамдағы байланысының аздығы, мінез-құлықтың қалыптасқан дәстүрінен айнымаушылық.
Жастардың саяси мәдениетінің ерекшеліктері бар. 1970-1987 жылдары Батыстың алты елінде жүргізілген социологиялық зерттеулердің нәтижесінде саясаттану мамандары жастар мен егделердің арасында әлеуметтік бағыттар айырмашылығының алшақ екендігін көрсетті. Жастардың саяси мәдениетіне тән жағдай өмірдің сапасы мен адамдардың арасындағы қарым – қатынас, ал егделердің ойы материалдық табыс. Қоғамда әр түрлі мәдниет болуы кейде қоғамдық –саяси өмірдегі тұрақсыздықтан туындауы мүмкін, оның саяси тұрақсыздықтың басты факторына айналуы да ғажап емес.
Сәйкес келмейтін әр түрлі саяси мәдениеттің орын алуы жалпы ұлтық мұраттар мен мақсаттарды жоюы, жегілікті мүдделерді артық санауға ұрындыруы, елдің ыдырау қаупін туғызуы мүмкін. Бұл жағдай Канада өмірінен көрінеді.
Ол бұрынғы кеңес елінде де орын алады. Бұл әлеуметтік – этникалық саяси мәдениеттен көрінді. Мұның өзі барлық уақытта өтпелі кезеңде болып тұрады. Қайта құру жағдайында біздің қоғамымызда көптеген бұрынғы мәдени түсініктер бұзылды, түбірлі өзгерістерге ұшырады, жаңа саяси айқындамалар пайда болды. Сонымен қатар ұрпақтар арасындағы бірігушілік байланыстың жолы үзіле бастады, ол бір жағынан заңды, өйткені жаңа ескімен сыйыса алмайды. Екінші жағынан, бұрынғы мұрадан толық бас тарту, мәдениеттің нормасына айналған құндылықтан бас тарту дұрыс емес. Тарихты жоқ етуге болмайды. Саяси мәдениеттің әр түрлілігі олардың арасында келісім болуын қажет етеді. Біздің қоғамымызда қазір саяси мәдениеттің жаңа бағыты, жалпы адамдық құндылық артып келеді. Жаңа қоғамның жаңа саяси мәдениеті жеңіп, біздің елдің саяси жүйесінің тұрақталуы таяу болашақта жүзеге асатынына сеніміміз зор.
Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толыктырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі-өнегесінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.
"Әлеуметтену" деген ұғымды XIX ғ. аяғында Америка әлеу-меттанушысы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет