Лекция №11 Тұндыру әдістерінің титрлеу қисықтары. Аргентометрия


Аргентометрия ( өздік жұмыс)



бет2/2
Дата04.05.2023
өлшемі39,96 Kb.
#89714
түріЛекция
1   2
2. Аргентометрия ( өздік жұмыс)
Көлемдiк анализдiң аргентометриялық әдiсi тұндырғыш ретiнде күмiс нитратының титрленген ерiтiндiсiн қолдануға негiзделген.
Аргентометриялық титрлеу галогенсутек қышқылдарының тұздарын – хлоридтердi, бромидтердi, иодидтердi анализдеуге қолданады. Керi титрлеу тәсiлдерiн пайдаланып, қоспадан күмiс иондарының мөлшерiн анықтауға болады , мұнда жұмысшы ерiтiндiсi ретiнде натрий хлоридiнiң стандартты ерiтiндiсi қолданады.
Аргентометриялық әдiсте бiр-бiрiнен қолданатын индикаторлардың типiне байланысты бөлiнетiн титрлеудiң екi вариантын қолдануға болады: Мор әдiсi – индикатор ретiнде калий хроматы, Фаянс әдiсi- адсорбциялық индикаторлар- флюоресцеин немесе эозин қолданады. Титрлеудi бейтарап немесе әлсiзсiлтiлi ортада (6.5рН10.5) жүргiзедi.
Күмiс нитратының ерiтiндiсiн дайындау үшiн АgNO3 химиялық таза, кристалды тұзы алынады. Қажеттi концентрациясы мен көлемiне сәйкес есептелген тұздың массасы дистилденген суда ерiтiледi. Күмiс нитратының ерiтiндiсi кей жағдайда таза күмiстi х.т. азот қышқылында ерiту арқылы дайындалады.
Құрамында бөтен қоспа болуы мүмкiн күмiс нитратының ерiтiндiсiнiң концентрациясы натрий хлоридiнiң стандартты ерiтiндiсiмен анықталады. ұзақ сақталу барысында AgNO3 ерiтiндiнiң концентрациясы өзгередi. Жарықтың әсерiнен ыдырауы жылдамдайды, сондықтан AgNO3 ерiтiндiсi қара-қоңыр ыдыста сақталады.
Күмiс нитратының эквиваленттiк факторы 1-ге тең болғандықтан күмiс нитратының эквивалентiнiң молярлы массасы 169.875 г. 1000 см3 0,02 моль/л ерiтiндiсiн дайындауға қажеттi массасы:
m(AgNO3)=C(AgNO3) ˝V(AgNO3) ˝M(AgNO3) / 1000 =
=0.1˝0.5˝169.875=8.4937г
Алдын- ала салмағы белгiлi бюкске AgNO3 –тiң жоғарыда есептелген массасы алынып, техникалық таразыда өлшенедi.
Құрғақ воронка көмегiмен қара-қоңыр 0,5 л химиялық ыдысқа салынып, дистилденген сумен шайылады, сонсоң ерiтiледi. Толық ерiп болған соң , белгiсiне дейiн сумен сұйытылады, араластырылады. Дайын болған ерiтiндiден титрлеуге қажеттi күмiс нитратының 0,02 моль/л 1000 мл ерiтiндiсi сұйылту арқылы дайындалады. Галогенидтерді анықтауға қолданады.


Тапсырма:
1. Әртүрлі концентрацияға натрий хлориді мен күміс нитраты тұндыру реакцияларының титрлеу қисығын бір тұрғызу, салыстыру


2. Калий хлориді мен күміс нитраты тұндыру реакцияларының титрлеу қисығын бір тұрғызу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет