Лекция 13. Жоғарғы оқу орындары оқыту процесін ұйымдастыру жүйелері


V.Жаратылыстану-ғылыми, және жалпы-кәсіби пәндер циклы бойынша бітірушіге қойылатын талаптар



бет4/8
Дата31.12.2021
өлшемі27,59 Kb.
#23869
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция 13. Мамандыққа кіріспе

V.Жаратылыстану-ғылыми, және жалпы-кәсіби пәндер циклы бойынша бітірушіге қойылатын талаптар

Бітіруші:

А)Жоғары математика және физика саласында:

-классикалық математикалық талдау негіздерін жеткілікті дәрежеде білуі; нақты іс-әрекетте математикалық әдістерді қолдана білуі тиіс;

-физикалық процестердің сипатын, табиғаттағы құбылыстарды көрсететін білімнің квитэссенциясын құрайтын физика бөлімдерінің іргелі теориялық заңдылықтарын білуі: осы заңдылықтарды іс жүзінде және арнаулы жалпы техникалық пәндерді зерделеу кезінде қолдану туралы түсінігі болуы;

Ә)Экология, жас ерекшелік физиологиясы және мектеп, өндірістік гигиенасы, еңбекті қорғаудың құқықтық мәселелері саласында:

-өсімдік және жануарлар дүниесінің бір-бірімен, қоршаған ортамен өзара қатынас заңдылықтарын білуі; табиғатты қастерлей білу, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында оқушылардың санасы мен іс-әрекетіне жоспарлы түрде әсер ете білуі тиіс;

-балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерін, олардың тамақтануы, және зат алмасу ерекшеліктерін, сыртқы ортамен қарым-қатынасын білуі тиіс;

-денсаулықты сақтау және нығайту шаралары мен шешімдерін, балалар мен жасөспірімдердің жұмыс қабілеттілігін арттыру, оқушылардың еңбек түрлерін ұйымдастыру және өткізу мүмкіндіктерін білуі тиіс.

Б) информатика, бағдарламалау, есептеу техникасы және техникалық оқыту құралдары саласында:

-ЭЕМ-дың, компьютерлік желілер мен перифериялық жабдықтардың ақпараттық және бағдарламалық құралдарының жұмысы мен құрастыру приципін білуі; компьютерді кәсіби –педагогикалықіс-әрекетте қолдана білуі;

-техникалық ақпараттар мен оқу мақсатында қолданылатын басқа да құралдардың жұмыс істеу принциптері мен құрылысын білуі, оларды іс жүзінде қолдана алуы.

В) Жалпы кәсіби пәндер саласында:

-алғашқы кәсіби-білім теориясының негіздерін және профиль бойынша кәсіби білім берудің оқу-ғылыми негізі болып табылатын теориялық оқу материалының мазмұнын білуі;

-жаратылыстану және техникалық ғылымдардың өзара байланысын, іргелі білімнің қолданбалы ғылымдар мен өндірісті дамытудағы рөлін білуі;

-аймақтағы қазіргі заманғы өндірістің, техника мен технологияның мүмкіндіктері мен міндеттерін білуі;

-өндірісті ұйымдастырудың, кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық аспекттерін, оларды ғылыми –техникалық прогрестің өндірістік және ақпараттық технологиялардың жетістіктерін қолдану арқылы интенсивтендіру құралдарын білуі;

-салада қолданылатын құжаттарды жүргізуді ұйымдастыру, технологиялық, нормативтік, есеп беру жүйесін білуі;

-төмендегідей мүмкіндіктер беретін, теориялық және практикалық оқу материалын игеру;

А) оқу процесін ұйымдастыру үшін аспап, станок, машина мен жабдықтарды қолдану, технологиялық операцияларды орындау;

Ә) кәсіби-оқытудың базалық пәндері бойынша оқу материалының мазмұнын жобалау, оқыту жабдықтары кешенін жұмысқа жарамды жағдайда ұстап, оларды жүйелі түрде жетілдіру жұмыстарын жүргізу;

Б) жаңа кәсіби –біліктіліктерді, дағдыларды, түсініктер мен іс-әрекет әдістерін қалыптастыратын оқыту мен тәрбиелеу технологиясын игеру;

В) оқу-өндірістік жұмыстардың құрылымы мен мазмұнын, сабақты дидактикалық тұрғыда жабдықтауды; кәсіби-біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру процесін, оларды қалыптастыру барысын оқушылардың оқу материалын игерудегі ағымдағы және қорытынды нәтижелерін, үлгерімін бақылау және бағалау;

Г) оқытылатын адамдардың шығармашылық қабілеттерін зерттеу, оларды қолдау және жетілдіруге көмектесу;

Д) оқушылардың бірігіп жұмыс істеу дағдыларын, орындалған жұмысқа және жауапкершілігін, оқитын пәндеріне қызығушылығын және таңдаған кәсібіне ынтасының тұрақтылығын қалыптастыра білуі;

Е) жастарды кәсіби оқыту және тәрбиелеудің психология-педагогикалық проблемалары бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет