Тақырыбы: «Логопедия негіздері және логопедия технологиясы» 1. Дефектология – педагогикалық ғылым саласы Дефектология (лат. Defectus - кемістік, грек. logos - сөз, ілім педагогикалық ғылымдарға жатады. Кемістігі бар балалардың психо-физиологиялық ерекшеліктерін, оларды тәрбиелеудің және оқытудың ерекшеліктерін зерттейді.
Ғылым таным саласы – ретінде дефектология денесінде және психикасында кемістігі бар балаларды және оларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесімен шұғылданады.
Дефектология бірқатар дербес салаларды біріктіреді, олар есіту қабілетінің кемістігі бар балаларды оқытып, тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданатын - сурдопедагогика; көру кемістіп бар балаларды окыту және тәрбиелеу - тифлопедагогика; ақыл кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу - олигофренопедагогика; тіл мүкісін зерттеу және түзету мәселесімен айналысатын - логопедия. Дефектологияның құрамына кемістіп бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арңайы психология да кіреді.
Дефектология ғылыми зерттеудін түрлі әдістерін пайдалана отырып, кемістігі бар балалардын өсу заңдылықтарын зерттеп оларды тәрбиелеу және оқыту жүйесін негіздейді және жетілдіреді.
Даму кемістігі, яғни баланьың қалыпты өсуін тежейтін дене немесе психикалық кемістігі тек кері әсермен шектеліп қалмайды. Ондай кемістігі бар баланың тәрбиелеуін қоршаған ортаға бейімделуіне байланысты бір ерекшеліктерінің дамуын теріске шығармайды. Көрмейтін баланың кеңістікті бағдарлауға көмектесін есту, иіс сезіну, дене түйсігі мен жылу сезіну қабілеттері шарықталады. Естімейтін бала қозғалысты, музыканы тербеліс сезімдерін шегіне жеткізе жетілдіре отырып қабылдай алады.
Кемістікпен дамуды таза мөлшерлік шектеуге әкеліп тіреуге болмайды. Бұндай даму сақталып қалған мүмкіншіліктерге сүленстін сапалық ерекшеліктерімен машықтанады. Арнайы оқыту мен тарбиелеу жағдайында кемістігі бар балалардың биологиялық нетіенеушілік кедергілері тегістеліп, атап өтіледі. Дефектологияның методологиялық концепциясы осыған несізделген. Бұл концепция кемістікті дамтуға сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Кемістікпен дамудың сапалық ерекшеліктерін танудыңь принциптері мен әдістері дефектологияның зерттеу пәні болып табылады.