Лекция 13. Салық жүйесі >13. 1



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата09.05.2022
өлшемі256,11 Kb.
#33249
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
 

 

13.5  Қазақстан  Республикасының  салықтары  екі  түрге  бөлінеді.  Олар:  жергілікті 

және мемлекеттік.  Салықтар:  жанама  салығы, корпорациялық  табыс  салығы, жеке  табыс 



салығы,  жер  қойнауын  пайдаланушылардың  салықтары  мен  арнаулы  төлемдері, 

әлеуметтік салық, меншікке салынатын салық, жер салығы, мүлікке салынатын салықтар,.     



     Жанама салықтар – жоғарыда атап өткеніміздей, бағаға немесе тарифке үстеме 

түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей 

байланысты  емес.  Жанама  салықтар мемлекттің  фискалды  мүдделерін  білдіреді.  Оларды 

саналы  пайдалану  баға  белгілеу  процесіне  оңтайлы  ықпал  жасауы  және  тұтыну 

құрылымына әсер етуі мүмкін. 

Жанама  салықтың  ішіндегі  ең  маңыздысы  1992  жылы  енгізілген  қосылған  құнға 



салынатын  салық  -  ҚҚС    болып  табылады.  Салық  төлеуші  мемлекетке  оны  төлеу 

нәтижесінде  шеккен  шығысының  орнын  бағаны  көтеру  жолымен  толықтырады  және 

салықты  төлеуді  сатып  алушыға  аударады.  Салық  салу  объектісі  материалдық 

шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған 

өнімге  кешенді  шығыстар,  мысалы,  жарнамаға  жұмсалатын  және  басқа  бірқатар 

шығындар  қамтылуы  мүмкін.  ҚҚС  дүние  жүзінің  40-тан  астам  елдерінде,  соның  ішінде 

Еуропа  экономикалық одағының  17  елінде  пайдаланылады.  ҚҚС  қазіргі  кезде  Қазақстан 

Республикасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып саналады. 2001 

жылы мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасына бұл төлемнің үлес салмағы 21,8 

пайызын құрады. 

Салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер  туралы  Қазақстан 

Республикасының кодексі (Салық кодексі) бойынша қосылған құнға салынатын салық деп 

тауарларды  (жұмыстарды,  қызметтер  көрсетуді)  өндіру  және  лоардың  айналасы 

процесінде  қосылған,  оларды  өткізу  бойынша  салық  салынатын  айналым  құнның  бір 

бөлігін  бюджетке  аударуды,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы 

тауарлар  импорты  кезіндегі  аударымды  айтады.  Қазақстан  Республикасының  кеден 

заңнамасына  сәйкес  мағлұмдамануға  тиісті,  Қазақстан  аумағына  әкелінетін  немесе 

әкелінген  тауарлар  қосылған  құн  салығынан  босатылғандарын  қоспағанда  салық 

салынатын  импорт  болып  табылады.  Салық  салынатын  импорт  мөлшеріне  кеден 

заңнамасына  сәйкес  белгіленген  импортталатын  тауардың  кедендік  құны,  сондай-ақ 

қосылған  құнға  салынатын  салықты  қоспағанда,  Қазақстан  Республикасына  тауарлар 

импорты  кезінде  салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер  сомалары 

қосылады. 

Корпорациялық  табыс  салығы    бюджет  түсімдерінде  едәуір  орын  алады.(23,2%) 

Бұл  салықты  Ұлттық  банк  пен  мемлекттік  мекемелерді  қоспағанда    Қазақстан 

Республикасы  резидент-заңды  тұлғалары,  сондай-ақ  Қазақстанда  қызметін  тұрақты 

мекеме  арқылы  жүзеге  асыратын  немесе  республикадағы  көздерден  табыс  алатын 

бейрезидент-заңды тұлғалар төлейді.  

Корпорациялық  табыс  салығын  салу  механизмі  заңды  тұлғалар  салықты  есептеу, 

төлеу  тәртібін,  алу  шарттарын,  жеңілдіктер  мен  санкйияларды,  төлеу  уақытын 

айқындайды.  Салық  салынатын  табыс,  төлем  көзінен  салық  салынатын  табыс  және 

Қазақстан  Республикасында  қызметін  тұрақты  мекеме  арқылы  жүзеге  асыратын 

бейрезидент-заңды  тұлғаның  таза  табысы  корпорациялық  табыс  салығы  салынатын 

объектілер болып табылады.  

Резидент-заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысы салық кезеңі ішінде Қазақстан 

Республикасы  мен  одан  тыс  жерлерден  алынуға  тиіс  табымтардан  тұрады.  Қазақстан 

Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды 

тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық заңнамасына сәйкес анықталады, оған тұрақты 

мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрлері жатады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет