Лекция 13. Салық жүйесі >13. 1


 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата09.05.2022
өлшемі256,11 Kb.
#33249
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
13.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні 

13.2 Салықтар: типтері және эволюциясы  

13.3 Салық салудың принциптері мен түрлері  

13.4  Салық алуды ұйымдастыру 

13.5 Қазақстан Республикасындағы салық түрлері  


Салық  төлеуші  салық  заңнамасына  сәйкес  салықтың  міндеттемелерін  толық 

көлемінде  және  белгіленген  мерзімдерде  орындауға  міндетті.  Салықтар  және  бюджетке 

төленетін  басқа  да  міндетті  төламдер  айқын  болуға  тиіс.  Салық  салудың  айқындығы 

салық  төлеушінің  салықтың  міндеттемелері  туындауының,  орындалуынынң  және 

тоқтатылуының  барлық  негіздері  мен  тәртібін  салық  заңнамасында  белгілеу  мүмкіндігін 

білдіреді. 

Салық  салу  мәселелерін  реттейтін  нормативтік-құқықтық  актілер  ресми 

басылымдарды міндетті түрде жариялануға жатады. 

Салықтардың  әлеуметтік-  экономикалық  мәні  мен  мазмұны  олар  атқаратын 

функцияларда  толық  ашыла  түседі.  Жалпы  қаржы  категориясы  тұрғысынан  салықтар 

қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты 

салықтардың  функцияларын  қаржының  бөлгіштік  функциясының  құрамдас  қосалқы 

функциясы  ретінде  қарастырған  жөн.  Қазіргі  кезде  салықтар  фискалдық,  реттеуші  және 

қайта  бөлу  сияқты  негізгі  үш  функция  орындайды.  Бұлардың  әрқайсысы  осы  қаржы 

категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерешеліктерін білдіреді. 

Фискалдық  функция-  барлық  мемлекеттерге  тән  негізгі  функция.  Оның  көмегімен 

бюджеттің  кірістерін  толтыра  отырып,  экономиканы,  әлеуметтік-  мәдени  шараларды 

жүзеге асыруды қамтамассыз етеді. 

Салықтардың  реттеуші  функциясы  мемлекеттің  экономикалық  қызметінің 

ұлғаюымен  байланысты  пайда  болады.  Ол  ұлттық  шаруашылықтың  дамуына 

қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын 

таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер 

пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесісіміне, 

қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді. 

Қайта  бөлу  функциясы  арқылы  түрлі  субъектілер  табысының  бір  бөлігі 

мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс- әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімде 

салықтардың  алатын  үлесі  арқылы  анықталады;  ол  ұлттық  табыстың  мемлекеттендірілу 

дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы - 19,7%, 1998 жылы – 16,6%,1999 жылы-17,4%, 

2000 жылы- 22,6%, 2001 жылы-22,2% болды (салыстыру үшін: Украйнада-29%, Ресейде -

33 %).            (Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев // Қаржы //  Алматы, 2003, бет 214). 

Мемлекет  салық  саясатын  –  салық  саласындағы шаралар  жүйесін  қоғамның оның 

нақтылы  кезеңіндегі  әлеуметтік-экономикалық  мақсаттар  мен  міндеттеріне  қарай 

әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.  

Нарықтық  қатынастардың  қалыптасу  жағдайындағы  салық  саясатының  негізгі 

бағыты  тұтынудың  орталықтандырылған  қоғамдық  қорлары  арқылы  халықтың  нақты 

табыстарының  едәуір  бөлігін  қалыптастырудың  өзін  ақтамаған  қағидатынан  бас  тарту 

болып  табылады.  Бұл  еңбек  белсенділігінің  күшеюіндегі  экономикалық  ынталылықтың 

уәждемелік  механизмі  арқылы  халықтың  еңбекке  жарамды  бөлігінің  табыстарын 

айтарлықтай  арттыруға  мүмкіндік  жасайды.  Салық  жүйесі  арқылы  қоғамның  еңбекке 

жарамсыз  мүшелерінің  неғұрлым  тиімді  және  берік  әлеуметтік  қорғалуы  қамтамасыз 

етіледі.     



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет