Лекция №14 Баламалы энергия көздерін ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолдану мүмкіндіктері Лекцияны оқыту нәтижелері



бет5/9
Дата12.12.2022
өлшемі0,51 Mb.
#56716
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
БЭК 14 лек

Күн фотоэлектр стансасы
Қазіргі заманғы күн фотоэлектрлік стансаларында күннің энергиясы жартылай өткізгішті күн элементтерінің көмегімен тікелей электрлікке түрленеді (фотоэлектрлік элементтер). Олар өз кезегінде фотоэлементтерді бір-бірімен модульдерге жалғап, ірі фотоэлектр станцияларын салуға болады.
Фотоэлектрлік элементтің және модульдің сипаттамасы
Фотоэлектрлік элементтер – жарықтық немесе күн энергиясын электр энергияға тікелей түрлендіретін қондырғы.

60-сурет КФЭ вольтамперлік көрсеткіштері
Жартылай өткізгіштен жасалған, фотоэлемент күн сәулесін тікелей электр энергиясына түрлендіруі күн радиациясы деңгейіне байланысты өзгереді.
Фотоэлектрлік модульдер (ФМ)
ФМ жүйесі жұмыс істеу тәртібіне сәйкес ондағы фотоэлементтер белгі тәсілде жинастырылған тізбектермен жалғастыралады (тізбекті, параллельді қосылыс). Элементтері, жүйелікпен қосылатын және шыңдалған қорғаныс шынысынан, текстолиттен немесе алюминийден жасалған тағандағы ламинация арқылы герметизацияланады. Фотоэлемент бұл кезде герметизациялайтын пленкалардың қос қабатының арасында, ауаның саңылауынсыз орналасады. Бұған вакуумды ламинациялау технологиясын пайдалану арқылы қол жеткізіледі.
ФМ-діңэлектрлік параметрлері стандартты жағдайлардағы вольтамперлі қисық сызық түріндегі жеке күн элементі ретінде де көрінеді, яғни күн радиациясында 1000 Вт/м2, температурада - 25°С және 45°(АМ1,5) ендіктегі күн спектрінде [1,5,33].
Қисық сызықтың кернеу осімен қиылысу нүктесі бос жүріс кернеуі – Uxx деп аталады, тоқтар осімен қиылысу нүктесі – қысқа тұйықталу нүктесі Iқт деп аталады. Максималды қуаттылыққа сәйкес келетін кернеу – максималды қуаттылық кернеуі деп аталады (жұмыстық кернеуі - Uж), ал сәйкес тоқ – максималды қуаттылық тоғы деп аталады (жұмыстық тоғымен – Iж).

Фотоэлектрлік жүйе арқылы энергиямен жабдықтау жүйелері

1. Автономды фотоэлектрлік жүйелер (орталықтандырылған электр жабдықтау желісі жоқ жерлерде қолданылады);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет