Лекция № 14
Тұтас қырлы қабатаралық жабынды үйлестіру. Тұтас қырлы қабатаралық жабындардың арқалықты плитасын есептеу.
Тұтас қырлы қабатаралық жабын конструкциясының құрамында плита, қосалқы және бас аралықтар кіреді. Плита қосалқы аралықтарға, ал қосалқы аралықтар бас аралыққа тіреледі. Бас аралықтардың тіректері ретінде ұстындар және шеткі қатардағы қабырғалар алынады.
Тұтас қырлы қабатаралық жабынды жобалаған кезде созылған аймақтағы бетонның ауданы мүмкіншілік болғанша азайтылады және созылған әсерді қабылдайтын қырларда негізгі жұмыстық арматура орналастырылады. Тұтас қабатаралық жабынды жобалауға келесі жұмыстар жатады:
- қабатаралық жабынды үйлестіру;
- плитаны есептеу және арматуралау;
- қосалқы арқалықты есептеу және арматуралау;
- бас арқалықты есептеу және арматуралау;
Қабатаралық жабынды үйлестіру жұмыстары ғимараттың арналуына, көлемдік-жоспарлау шешімдеріне және техника экономикалық көрсеткіштеріне байланысты болады.
Қабатаралық жабынды үйлестіру жұмыстарын орандаған кезде:
- ұстындардың адымын және ұя аралығын қабылдайды;
- қосалқы арқалықтардың орналастыру бағытың және адымың анықтайды;
- бас арқалықтардың орналастыру бағытын және қадымынң анықтайды;
а – көлденең қимасы; б – үйлердің көлденең ригелдері; в – үйдің бойлық ригелдері; 1 - ригелдер; 2 - ұстындар
Сурет -1. Арқалықты аралық жабындардың ұсынылатын қабырғалық аралық жабын плиталарының конструкциялық сұлбасы
Бас арқалықтың аралығы м тең болып қабылданады және ғимараттың көлденең немесе ұзына-бойлық бағытты бойынша орналастырады.
Қосалқы арқалықтың аралығы м тең болады және оларды бас арқалықтарға перпендикулярды бағытта орналастырылады. Қосалқы арқалықтардың қадымы қабатаралық жабынға әсер ететін мөлшерлік уақытша күшсалмақтардың шамасына байланысты қабылданады:
м, егер кн/м ;
м, егер кн/м ;
Плитаның ең төмен қалыңдығы 50-60 мм тең депа қабылданады, сондай-ақ азаматтық ғимараттарға – 50мм, ал өндірістік ғимараттарға 60мм төмен болмауы керек.
Қосалқы және бас арқалықтардың өлшемдері конструктивтік талаптарға сәйкес болады:
- қосалқы ақалықтар үшін ;
- бас арқалықтар үшін ;
Тұтас қабатаралық жабындар үшін қолданатын бетонның класы В15 төмен болмау керек. Плиталар 8478-81- МЕСТ бойынша торлармен арматураланады. Арқалықтар А-ІІ, А- ІІІ класты стерженьдік арматурамен құрастырған қанқалармен арматураланады.
Тұтас қырлы қабатаралық жабындардың арқалықты плитасын есептеу
Тұтас қабатаралық жабындардың плитасы есептік схемасы бойынша 2 түрлі болуы мүмкін: арқалықты плиталар және контур бойынша тірелген плиталар. Арқалықты плиталар үшін , ал контур бойынша тірелген плиталар үшін , мұндағы - плитаның қысқа бағыттағы ұзындығы, - плитаның ұзын бағыттағы ұзындығы;
Арқалықтар плиталар қысқа бағытта иілуге жұмыс істейді және осы бағыттағы июші моменттер бойынша есептеледі. Ал контур бойынша тірелген плиталар екі бағытта иілуге жұмыс істейді және екі бағыттағы июші моменттер есептеулерге ескеріледі.
Арқалықты плитаны есептеу үшін ені 1м тең плитаны белгілеп және оны көпаралық қиылмаған арқалық ретінде қарастырады. Плитаның тіреу ретінде қосалқы арқалықтар және сыртқы қабырға жұмыс істейді. Арқалықты плитаның еспетік схемасы суретте келтірілген.
(2 сурет)
Плитаның есептік ұзындығы :
- шеткі аралық үшін
- орталық аралық үшін
мұндағы: в- қосалқы арқалықтын ені; - қосалқы арқалықтың адымы; с- плитаның қабырғаға тірелген ұзындығы; а- питаның тұрақты және уақытша күшсалмақтар әсер етеді.
(1)
(2)
мұндағы: - қабатаралық жабынға әсер ететін мөлшерлік тұрақты күшсалмақтар; - қабатаралық жабынға әсер ететін мөлшерлік уақытша күшсалмақтар.;
Қиылмаған арқалықты плитаның күшсалмақтар бірқалыпты таралған кезде орталық аралықтардың тіректерінде бір-біріне тең моменттер пайда болады .
Орталық аралықта негізгі тепе-теңдік теңдеу келесі түрде жазылады.
; (3)
мұндағы, - орталық аралықтағы июші момент; - орталық аралықтарын тіректеріндегі июші момент;
; (4)
Тіректен х = 0,425 тең арақашықтақта шеткі аралықтағы момент максимальдық шамада болады
; (5)
Шеткі аралықта негізгі тепе-теңдік теңдеу келесі түрде жазылады.
(6)
мұндағы, - шеткі аралықтағы июші момент; - шеткі аралықтардың тіректеріндегі июші моменттер;
(7)
Егер шеткі аралықта және тіректі бір-біріне тең моменттер болған жаңдайда
(8)
Осы бөлшектегі бөлімді дөңгелектеген кезде
(9)
Анықталған моменттер бойынша шеткі және орталық аралықтағы плитада арматураның көлденең қимасының ауданың анықтайды және 8478-81 МЕСТ бойынша торлар қабылданады.
Плитаны екі вариант бойынша арматуралайды:
- үздіксіз арматуралау схемасы;
- жеке (бөлек) араматуралау схемасы;
(3 cурет)
1-Т, 2-Т торлардың жұмыстық стерженьдері ұзына бойлық бағытта орналасады және осы торларды қосалқы арқалықтарына перпендикулярды жазылады. Бірнеше тормен бас арқалықтардың арасындағы арақашықты жабу керек.
(4 сурет)
3-Т, 4-Т, 5-Т,6-Т торлардың жұмыстық стерженьдері көлденең бағытта орналасады және осы торларды қосалқы арқалықтардың бойы бойынша төселінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |