Ақпараттық жүйелердің даму кезеңдері Ақпараттық жүйелердің даму тарихы және оларды әртүрлі кезеңдерде қолдану мақсаттары төменгі кестеде ұсынылған.
Алғашқы ақпараттық жүйелер 50-ші жылдарда пайда болды. Осы жылдары олар төлем ақы есептерін есептеу үшін қолданылды да, электромеханикалық бухгалтерлік есептеу машиналарында жүзеге асырылды. Бұл қағаз құжаттарын дайындауда уақыт пен шығынды үнемдеуге әкелді.
60-шы жж. ақпараттық жүйелерге қатынастың өзгеруінің белгісі. Олар арқылы алынған ақпараттар көптеген параметр бойынша мерзімді есеп беру үшін қолданыла бастады. Ол үшін ұйымдарға тек төлем ақыны есептеуге және есептерді өндеуге ғана емес, көптеген функцияны қамтамасыз ете алатын кең міндеті бар компьютерлік құрылғы қажет болды.
70-ші — 80-ші жж. басында АЖ-лер шешімді қабылдау процесін қолдайтын және жеделдететін басқарулық бақылау құралы ретінде кең қолданыла бастады.
80-ші жж. соңында АЖ-лерді қолдану концепциясы тағы да өзгерді. Олар ақпараттың стратегиялық көзі болып және ұйымның кез келген бағдарының барлық деңгейінде қолданылды. Бұл кезеңдегі ақпараттық жүйелер өз уақытында қажет ақпаратты бере отырып, ұйымдарға өз қызметінде табысқа жетуге, жаңа тауарлар мен қызмет көрсетуді құруға, жаңа өтім нарығын табуға, төмен бағамен өнімді шығаруды, ұйымдастыруға және т.с.с. мүмкіндік берді.
Кесте 1. Ақпараттық жүйелерді қолдануда тәсілдің өзгеруі