Лекция №15 халықаралық Ұйымдар және қазақстан



бет3/3
Дата26.04.2023
өлшемі100,5 Kb.
#87105
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
Лекция № 15

Халықаралық сот Бұұ –ның негізгі сот органы болып келеді. 1945 жылы құрылған. Ол БҰҰ БА сайлайтын 15 судьядан тұрады. БҰҰ Халықаралық сот тек халықаралық құқықтық келіспеушіліктерді қарастырады.
Секретариат Бас хатшы басшылығымен жұмыс істейді. Ол аңымдағы жұмыстардың орындалуына жауап береді, БҰҰ түрлі органдардың жұмыстарын істеп, олар жасаған бағдарламалар мен саясатты жүзеге асырады.
Бас хатшы – БҰҰ – дағы негізгі әкімшілік лауазымды тұлға – ол Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен БА – мен тағайындалады. Бас хатшы БА – ға БҰҰ жұмысы туралы жылдық есеп беріп отырады, БА, Қауіпсіздік Кеңесі, ЭКОСОС; Қамқорлық бойынша комитет отырыстарына қатысады және бұл органдар тапсырған басқа да міндеттерді орындайды.
Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ – ның мүшесі болып кірді. БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің 46 –шы сессиясында біздің елемізді аталмыш аса маңызды әмбебап халықаралық ұйымның мүшесі ретінде бекіткен болатын.
Қазақстан БҰҰ–ның мамандырылған мекемелерімен ынтымақтастығын ерекше айтуға болады. Ең алдымен, ЭСКАТО (Азия мен Тынық мұхит үшін экономикалық және әлеуметтік комиссия) және ЕЭК – пен (Еуропалық экономикалық комиссия) байланысы.
Қазақстан ЭСКАТО мен Азия аймағында жер бетіндегі көлік пен инфрақұрылымын дамыту жобасы бойынша, ауыл шаруашылығы саласында, қоршаған орта, сауда, статистика салаларында қызмет істейді. ЕЭК Қазақстанға еуропалық қаржылық экономикалық институттарға бірігуі және қаржылық, техникалық құралдар тарту, сараптамалық болжамдар мен ұсыныстарға қатысты көмек көрсетіп отыр.
1997 жылдың қазанында ЕЭК атқарушы хатшысы Ива Бертело мен ЭСКАТО атқарушы хатшысы Адриануса Муи Қазақстанға келеді. Олар Н.Назарбаевтың СПЕКА деп аталатын бағдарламаның жобасын жоғары бағалап, бұл бағдарламаны жүзеге асыру кезінде БҰҰ жағынан ғана емес, сонымен қатар қаржылық ұйымдар, жеке меншік сектор жағынан да көмек алатындығын айтты.
Қазақстанда БҰҰ – ның мамандырылған мекемелері өз офистерін құрды:
ЮНЕСКО (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша БҰҰ);
ЮНИСЕФ (БҰҰ – ның Балалар қоры);
ПРООН (БҰҰ – ны дамыту бағдарламасы);
ВОЗ (бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы);
ЮНИДО (Өнеркәсіптік даму бойынша БҰҰ);
УВКБ (Босқындар бойынша БҰҰ Жоғары Комиссарының Басшылығы);
ЮНСПИД (СПИД – пен күрес бойынша Ғаламдық денсаулық сақтау бағдарламасы);
ЮНФПА (Халық саны бойынша БҰҰ – ның қоры).
Юнеско – білі, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша БҰҰ ұйымы өз офисін Қазақстанда 1994 жылы қалап, білімді одан әрі дамыту үшін Азиялық Даму Банкінен 1995 – 1996 жж. несие алу қажеттігін дәлелдеу үшін білім жүйесіне жан – жақты талдау жүргізді. Сонымен қатар Арал мен Каспий теңізі, бұрынғы Семей ядролық плигонының моноторингі жобасы жүзеге асырылды.
Қазақстан ЮНИСЕФ – пен ынтымақтастыққа көп көңіл бөліп отыр. 1995 жылы Қазақстан үкіметі «Бөбек» қорымен бірлесіп, ЮНИСЕФ АСПЕРА бағдарламасын бастады.
Бұл бағдарламаның негізгі міндеттері – кеңейтілген иммунитеттеу, тамақтану, су сапасы мен қоршаған орта жағдайының, оқу – білімнің мониторингі, әлеуметтік жұмылдыру мен ұсыныстар.
Қазіргі кездегі БҰҰ мен Қазақстан арасындағы қарым – қатынасқа келсек, Біріккен Ұлттар Ұйымындағы мүшелік – Қазақстан егемендігінің жарқын нышандарының бірі және оның бейбітшілік, даму және өркендеу мұраттарына қалтқысыз адал екендігінің айғағы.
Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның халықаралық аренадағы алғашқы қадамдарынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымымен өзара ықпалдасу басымдығын атап көрсетті. Өзіне алған халықаралық міндеттемелерді мүлтіксіз орындау біздің елімізді жауапты әріптес ретінде танытты. Қазақстан Алматыда 2003 жылғы тамызда теңізге шығу арнасы жоқ дамушы елдердің проблемалары жөніндегі БҰҰ – ның Бірінші халықаралық министрлік конференциясын өткізуге қатысты бастама көтерді. Халықаралық лаңкетікпен күресте күш – жігерді біріктіру мақсатында 2005 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі лаңкестікке қарсы комитетінің көшпелі мәжілісін өткізді.
БҰҰ қызметінде Қазақстанның сындарлы рөлінің танылуы ретінде еліміз Ұйымның басты органдарының бірі – Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне сайланды. 2006 жылғы 2 қарашада Бас Ассамблеяның пленарлық мәжілісінде Қазақстан 192 мемлекеттің 187-нен қолдау тауып, Орталық Азияда алғаш болып ЭКОСОС – қа мүше 54 мемлекет қатарына сайланды.
ЭКОСОС – тағы мүшелік Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік пен жаппай қырып – жою қаруын таратпау режимін нығайтуға, өркениеттер үнқатысуын дамытуға, мыңжылдық мақсаттарын табысты іске асыруға мүмкіндік береді.
Алматы қаласы 50 мемлекетті біріктіретін, аса ірі өңірлік экономикалық комиссияның – Азия мен Тынық мұхиты үшін БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының 63 – ші сессиясының өту орнына айналады.
Жалпы, өткен он бес жылдың қорытындыларын шығара келе, Біріккен Ұлттар Ұйымының бай тарихы үшін де, тарихи ауқымдағы оқиғаларды сыйғызатын мазмұнды кезең болғанын атап өту қажет. Қазақстан өзінің белсенді және салмақты ұстанымы арқасында, бейбітшілік, қауіпсіздік пен даму ісіне, сондай – ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының функционалдық және құрылымдық жаңартылуына өз үлесін қосты және қосып келеді.
ЕҚЫҰ 1975 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес (ЕҚЫК) болып Хельсинкідегі қорытынды актінің негізінде құрылған. «Қырғи – қабақ соғысы» жылдарында бұл ұйым Батыс пен Шығыс арасындағы көпжақты үнқатысулар мен келіссөздердің орталығы болды. 1990 жылдың қараша айында ЕҚЫК шеңберіндегі келіссөздердің нәтижесіндегі Еуропадағы кәдімгі қарулы күштерге бақылау жасау туралы келісім – шарт (ЕҚКБК) атты қару – жараққа шектеу қою жөніндегі аса маңызды келісімге қол қойылды. Берлин қабырғасының құлауы, КСРО – ның тарауымен ЕҚЫК – ның мүшелері ұйымның өз жұмысын одан әрі жандандырып, тарих алға тартқан жаңа сыбағаларды меңгеруге шақырды. Сөйтіп, Ұйымның тұрақты жұмыс істейтін Хатшылық, институттар мен жергілікті жерлердегі миссиялары секілді құрылымдары пайда болды. 1994 жылы Будапештегі кездесуде қатысушы мемлекеттер Ұйымға ЕҚЫҰ деген жаңа атау берді.
ЕҚЫҰ – Еуропадағы ғана емес, бүкіл әлемдегі беделді, ықпалды ұйымдардың бірі. Оның негізгі мақсаты Еуропадағы түрлі кекілжіңдерді болдырмауға немесе алдын алуға, сондай – ақ аймақтағы дағдарысты жағдайлар мен олардың салдарын реттеуге бағытталған. Сонымен бірге, өзіне мүше болып енген елдерде экономикалық тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз етуге ықпал жасауды, ең бастысы – демократиялық мұраттарды бұлжытпай орындауды қатаң бақылайтын бірден – бір ұйым осы ЕҚЫҰ. Бірақ ЕҚЫҰ өзінің ісінде қазіргі Еуропа аймағымен шектеліп қана қоймай, барша әлемдегі осындай істерге араласа алады. Оның құрамына Еуропа елдерінен басқа КСРО – дан тарап, өздерінің тәуелсіздігін алған азиялық Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменістан, Өзбекстан секілді елдер де енген. Соның ішінде, Қазақстан өз тәуелсіздігін алған алғашқы күндерден, яғни 1992 жылы бірінші айынан – ақ ұйымға мүшелікке өтті. Жас мемлекеттердің түрлі ықпалдарға түсіп кетуінен сақтанған батыстық дипломатия халықаралық құқының субъектісі болған оларды өзінің құрамына, яғни өркениеттің жетілген түрімен дамуына тартуға мүдделі болғандықтан, бізді өз қатарларына кешіктірмей қабылдаған еді. әрине, бұл істің бізге де берері орасан зор болды. өйткені, беделді ұйым арқылы біз әлемдік аренада таныла бастадық, саясат пен экономикада бізбен ынтымақтасуға өзге елдер де әріптестікке сенім алды.
ЕҚЫҰ – ның құрамына азиялық елдер ғана емес, бүкіл әлемде азуын айға билеген АҚШ та мүше болып енген. Солтүстік Америкадан АҚШтан басқа Канада оның мүшесі болып табылады. Бұлардан басқа Азия мен Африка елдері арасында Жапония, Корея Республикасы; Таиланд, Ауғанстан, Израиль, Алжир,Египет және т.б. белгілі мемлекеттер ЕҚЫҰ – ның мүшесі болмай да оның ынтымақтастық жөніндегі әріптестері болып табылады. Әлемде ЕҚЫҰ – ның 3500 – ден артық қызметкерлері бар. Соның ішінде 2800-і ЕҚЫҰ – ның жергілікті жерлерді 19 түрлі миссиялары мен шараларда қызмет атқарады. Орталық Азиядағы миссиялары Астана, Ашғабад, Бішкек, Душанбе қалалардың орталықтарында орналасқан. Мұндағы қызметкерлер ЕҚЫҰ – ның қауіпсіздік, экономикалық және экологиялық проблемалары, сайлау науқандары мен адам құқының сақталуын, сондай – ақ БАҚ бостандығын қадағалайтын демократиялық институттардың өкілдері болып табылады. Ұйымның штаб пәтері Австрияның астанасы Вена қаласында орын тепкен. Онда ЕҚЫҰ – ның тұрақты жұмыс істейтін Хатшылығы мен арнаулы институттары орналасқан. Осы жерде 500 – ден астам адам жұмыс істейді. Хатшылық жұмысына Бас хатшы төрағалық етеді.
Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. Қазақстан - 2010 жылғы төраға болуы туралы шешім Ұйымның 2007 жылғы 29 – 30 қарашаның Мадридте өткен ЕҚЫҰ - ға қатысушымемлекеттер Сыртқы істер министрлігінің кеңесінде қабылданды. Бұл шешімді жақтап ЕҚЫҰ – ға мүше барлық 56 ел дауыс берді. Құрамына мүше болып енген 56 мемлекеттің біреуі қарсы болса, төрағалыққа өткізбейтін, сөйтіп, барлық жақтың да пікірін ескерусіз қалдырмайтын барынша әділетті ұйымға төраға болуымыз Қазақстанның сыртқы саясатының, дипломатиясының, қала берді барша қазақстандықтардың ұлан – ғайыр жеңісі болды.
Осынау беделді ұйымға алдымен Азия мемлекеттерінің арасынан, одан соң КСРО – дан тараған мемлекеттер арасынан, мұсылман мемлекеттердің арасынан бірінші болып Қазақстан төрағалық еткелі отыр. Қазақстанның төрағалық етуі ЕҚЫҰ тарапынан еліміздегі саяси және экономикалық даму бағыты стратегиясының дұрыстығын, сонымен бірге, ЕҚЫҰ – ның басқа да мүшелеріне үлгі болатын тұрақты және үйлесімді даму тәжірибесінің құндылықтарын мойындау болып табылады.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері көптеген беделді халықаралық ұйымдармен тығыз ынтамақтастық қарым – қатынас орната білді. Солардың қатарында Еуропалық Одақ бар. Іргелі бұл ұйыммен берік байланыс орнату еліміз үшін қай жағынан алып қарасақ та тиімді екені сөзсіз. Әсіресе, экономикалық тиімділігі зор. Себебі, Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттермен сауда – экономикалық ынтымақтастықты дамыту Қазақстан тауарлары мен өнімдерін осы елдердің рыногына шығаруға жол ашып қана қоймай, инвестиция тартуға да мүмкіндік туғызады.
Еуропалық Одақ 1948 жылы Маршалл жоспары аясында АҚШ – тың берген көмегімен реттеп отыратын Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы ретінде құрылды. Әуелде құрамында 3 мемлекет – Бельгия, Нидерлданды және Люксембург болған бұл ұйым Бенилюкс одағы деп те аталды. 1949 жылы Еуропа кеңесінің негізі қаланды. Ал 1951 жылы Париж шартына қол қойылып, көмір мен болат жөніндегі еуропалық бірлестігі құрылды. Құрамына алты мемлекет – Бельгия, Италия, Люксембург, Нидерланды, ГФР және Франция кірді.
Уақыт өткен сайын ЕО – ның қызмет ауқымы кеңейіп, оған мүше елдердің саны арта түсті. Мәселен, 1957 жылы наурызда қол қойылған Рим шартына байланысты бірлестік Еуропалық экономикалық кеңістік және Атом энергиясы жөніндегі еуропалық кеңістік деп аталды. Арада 10 жыл өткенде, яғни 1967 жылы Еуропалық Одақтың құрылымында өзгерістер жасалып, оның атқарушы органдары, институттары- ЕУропалық Комиссия, Еуропалық Кеңес, Еуропалық Парламент, Еуропалық Сот дүниге келді.
Арада 6 жыл өткен соң Еуропалық Одаққа Дания, Ұлыбритания, Ирландия, ал 1981 жылы Грекия, 1986 жылы Испания мен Потугалия қосылды. Осылайша Еуроодаққа мүше мемлекеттердің саны 12 – ге жетті. 1987 жылы Еуропалық Парламентінің өкілеттігін нығайтатын және 1992 жылы еуроодаққа мүше елдер арасында еркін тауар айналымына, қызмет көрсетуге, қаржы және адам қозғалысына көшу жөніндегі Біртұтас еуропалық акт, 1993 жылы бірыңғай ішкі рынок құру арқылы экономикалық, валюталық, саяси одақтар және жалпы еуропалық азаматтық мәселелерін шешуге негізделген ЕО туралы шарт күшіне енгізілді. Аталған шарт Еуроодақтың конституциялық негізін қалаған құжат болыпа табылады.
КСРО ыдырағаннан кейін Еуропалық Одақ өз шекарасын шығысқы қарай ұлғайтуға мүмкіндік алды. Соңғы 10 жыл ішінде Еуроодақтың қатары 25 мемлекетке жетті. 1995 жылы Австрия, Финляндия, Швеция, 2004 жылы Венгрия, Кипр, Литва, Латвия, Мальта, Польша, Словения, Словакия, Чехия, Эстония қосылды.
Қазақстан мен ЕО арасындағы дипломатиялық қатынас 1993 жылы екінші ақпанда бастау алады. Байланыс содан бері дамып келеді. Бұған 1995 жылы 23 қаңтарда Брюссельде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев және Еуроодақ кеңесінің төрағасы А.Жюпеннің Қазақстан және Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықтың және әріптестік туралы келісімге қол қойылуы ерекше үлес қосты.
Қазіргі таңда Батыс Еуропаның 15 мемлекеті – Австрия, Бельгия, Дания, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Финляндия, Франция және Швеция Еуропалық Одақты құрайды. 2002 жылы бірінші қаңтарда Еуроодақтың бірыңғай ортақ валютасы еуро айналымға енгізілді.
Қазіргі таңда Қазақстан Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы ең ірі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. 1994 жылы Қазақстан және Еуроодақ арасындағы тауар айналымы 1 млрд 84,5 млн. АҚШ доллар құраса, 2005 жылы 15 млрд 287,2 млн. АҚШ долларға жетті.
Байланыс орнағаннан бері жылдар ішіндегі Еуроодақ Қазақстан экономикасына қомақты инвестиция салыд және салып келеді. Қазірде оның көлемі 10 млрд АҚШ долларынан асады.
Қазақстан мен НАТО қатынасы НАТО хатшысы М.Вернердің Алматыға келіп, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Брюссельде НАТО – ның штаб пәтерінде 1993 жылы болған сұхбаттарынан басталды.
1992 ж. Қазақстан Солтүстік атлант кеңесінің ынтымақтастық қатынастағы мүшесі болды (ССБС) 1997 ж. Солтүстік атлант әріптестігіне кірді (СЕАП).
1994 жылы 27 мамырында Қазақстан «Әлем үшін серіктестік» шеңберіндегі құжатына қол қойып, бұған қатысушы бағдарламаның 19-ші мемлекеті болды. Кейіннен Қазақстан НАТО мен Қазақстан арасындағы негізінен ынтымақтастық бағыттарды анықтайтын тұсаукесер құжат тапсырды.
1996 жылы НАТО – ның штаб пәтерінде, Брюсселде Қазақстан мен НАТО арасындағы қауіпсіздік туралы қарулы күштерінің мәртебесі туралы, құпия ақпараттармен алмасу мен сақтау туралы әскери жаттығу кезіндегі келісімдер туралы құжаттарға және т.б. қол қойылды.
1996 жылы ҚР ПИМ меріктестікті үйлестіру тобы бойынша Г.Монс (Бельгия) ҚР офисі ашылды. Тіркелген топ офицерлердің қызметі ұлттық кадлрарды дайындауға жәрдемдесу әскери мамандар сұрағы, әскери жоғары жаттығуларды Орталық Азия аумағында жыл сайын өткізу іс – шаралары болып табылады.
Жалпы алғанда Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастық бүтіндей алғанда (ИПП) серіктестік жекелеген бағдарламасымен келісілген СЕАП/ПИМ көлемінде жүзеге асуда. ҚР ИПП Қорғаныс саласы негізгі мазмұны аяқасты оқиғалар мен апатты жағдайлардан сақтау мәселелерінде бұл ынтымақтастықтың маңызы зор.
Осы ынтымақтастық кезінде 200 қазақстандық офицерлер әр түрлі іс – шараларға қатынасты. Олар – курстарға, семинарлармен, кездесулерге, НАТО- ның мүше елдерінің және серіктес елдердің де өткізген іс – шараларына қатынасты. 1995 жылдан бастап Қазақстан Қарулы күштерінің офицерлері ПИМ бағдарламасы жаттығуларының бақылаушысы ретінде қатынасты.
ҚР Қк Академиясының курсанттары НАТО – ның бейбіт сүйгіш « Cooperative Nugget -97» жаттығуларына қатысты.
1997 жыл 1998 жыл маусымында екі мәрте ПИМ көлемінде қазақстан – американ «Баланс кайак – 97 « - Медициналық көмек және бейбіт сүйгіш операциялар негізінде жаттығулар өткізілді. 1997 жылы ҚР бас штабының 7 офицері, әр түрлі мөлшердегі штабтың 15 офицері, ӘӘК –ң 20 офицері
Қазіргі кезде Қазқастанда бейбіт сүйгіш Қазақстан батальонын құру белсенді түрде жүргізілуде. 1997 жылы алғаш рет өз аумағында Қазақстан мен Өзбекстан жерінде ірі масштабты «Орталықазбат – 97» атты жаттығу өтті. Оған ҚР әскери қызметкерлік, Қырғыхз Республикасы, АҚШ қатысты. Және ПИМ бағдарламысын жасауға қатысқан серіктестіктер: Ресей, Турция, Грузия, Балтық баталбоны және т.б. қатынасты.
Қазақстан мен НАТО ынтымақтастығының басқа бағыты төтенше жағдай мен дағдарыстан шығуға бағытталған. ҚР Төенше жағдай агенттігі белсенді түрде НАТО Комитеті мен серіктес – елдер өткізген іс – шараларға да қатысуды. Аризона штатының Ұлттық гваридиясы мен АҚШ Федеральді Агенттігі мен байланыс тұрақты дамуды. 1999 жылы Алматыда халықаралық семинар өтті. Сел жүру мен жер сілкіну мәселелері басты орынға қойылды. Бұған НАТО; Біріккен Ұлттар Ұйымы, ТМД мемлекет аралық кеңесі Қызыл крест және қызыл жарты ай өкілдері қатысты.
НАТО – ның бас хатшысы Х.Солан Алматыға 1997 жылы ғылым және экология салаларын дамыту бағытын анықтау үшін сапармен келді.
18 наурыз 1998 жылы ҚР Миссиясы НАТО – да ашылды. Миссия Альянс Комитеті және негізгі форум жұмысына қатынасты.
ПИМ көлемінде НАТО мен әскери ынтымақтастықты ұйымдастыру жұмысы негізгі орында қарастырылған мәселе болды.
1993 жылы 23-25 сәуірде Вашингтонда НАТО Саммитінің мерекелік іс – шарасы өтті, оған НАТО – ның мүше елдерінің үкіметі және мемлекет басшылары қатанасты, Венгрия, Польша, Чехия және СЕАП мүше елдері. Саммитте ҚР Президенті сөйлеген сөзінде ҚР НАТО мен ынтымақтастық байланысты әрі нақты және әлімде бейбітшілікті сақтау, Еуропаатлант кеңістігінде тұрақтылықты – мықты сақтаудың маңызы зор екендігін айтып өтты.
27 маусым 2000 жылы Брюссельде соңынан 4 шілде 2000 жылы Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен НАТО – ның Бас хатшысы ДЖ.Робертсонмен кездесу өтті. НАТО мен ҚР арасындағы ынтымақтастық, соның ішінде ПИМ көлеміндегі мәселелер қарастырылған.
Қытай мен Қазақстанның екі жақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең «Шанхай бестігі» болды. Бұл ұйымның құрамына ең алғаш кезде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Ресей Федерациясы және ҚХР кірген. 1996 жылы бес мемлекеттің форумы пайда болды, оның екі мемлекеті БҰҰ – ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылады.шекара аумағындағы әскери салада сенімділікті нығайту туралы Шанхай (1996ж) Келісімі және шекара аумағындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы Мәскеу (1997ж) Келісімі алдағы келіссөздің үндестілігін анықтады.Бұл екі құжат әскери салада және шекаралас аудандарда қзара сенімнін механизмін қалады, ашықтық, ешқандай блоктарға жатпайтын, үшінші елдерге қарсы бағытталмаған негізде, қатынасушы – мемлекеттер серіктестік қатынастарды орнатуға мүмкіндік берді.
Қазіргі күні «бестіктің» барлық мемлекет – мүшелерінің астаналарында кездесулер өтті, 2001 жылы кезек қайтадан Шанхайға келді. өткен бес кездесу мемлекет – мүшелерінің Басшылары арасында айрықша сенімділік жағдай тудырды, кездесулер аса маңызды қорытынды Декларациялар мен тәжірибелік келісулерді қабылданумен өтті, тұтасымен алғанда аумақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік берді.
2001 жылдың 15 маусымында Қытайда «Шанхай бестігінің» мемлекет басшыларының саммиті өтті, дұрысырақ айтқанда «Алтылық», өйткені бұл халықаралық бірлестік тағы да бір қатынасушы - Өзбекстанмен толықты. Қауымдастық өзінің атын да өзгертті, ол Шанхай ынтымақтастық Ұйымы болды. Самиттің басты оқиғасы қатынасушы – мемлекеттердің басшыларының қауымдастық ішіндегі қатынастарының дамуын айтарлықтай мөлшерде жақсартуға мүмкіндік беретін маңызды құжаттарға қол қоюы күмәнсіз деп есептеледі, олар: Шанхай достастық ұйымын құру туралы Декларацияның тікелей өзі, сондай – ақ терроризм сепаратизм және экстремизммен күрес туралы Шанхай конвенциясы.
Қазақстан белсенді түрде халықаралық қаржы ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта. Ең алдымен халықаралық валюта қорымен (ХВҚ) және халықаралық құру және дамыту банкімен (ХҚДБ), ал олар өз кезегінде БҰҰ – арнайы мекемелері болып табылады.
ХВҚ ұйымы 1945 жылы құрылып, бас штабы Вашингтонда орналасқан. Оның негізгі мақсаты: әлемдік сауданы дамыту мен халықаралық валюталық ынтымақтастыққа жағдай жасау, валюталық келісім – шарттарға бақылауды жүзеге асыру, мүше – мемлекеттерді Ұлттық валюталарының тұрақтылығына жағдай жасау, олардың төлеу баланстары мәселесін қысқа мерзімді несиелер көмегімен реттеу, валюталық есептің көпжақты жүйесін қалыптастыруға көмектесу.
ХВҚ Қазақстан экономикасында өте маңызды орынға ие. 1993 жылы Қазақстан ХВҚ көмегімен 500 млн доллардан артық қаражат алды.
ХҚДБ 1945 жылы 27 желтоқсан айында құрылып, оның мүшелері де ХВҚ мүшелері бола алады. ХҚДБ ұзақ мерзімді қарызды оның мүше – елдерінің Үкіметтеріне немесе Үкіметтің кепілдігімен жеке ұйымдарға береді. Алушы елдер банктің кепілдемесін орындауға, қарызды жұмсаудың есептерін және керекті мағлұматты беруге міндетті.
Қазақстан ХҚДБ және ХВҚ мүшелігіне 1992 жылы кірді. 1994 жылдан бері ХҚДБ 16 Қазақстандық жобаларды жалпы сомасы 1.6 млрд долларға қаржыландыру туралы шешім қабылдады. ХВҚ Бүкіләлемдік Банк тобының ұйымына кіру үшін қажет жағдайлар жасалынды: 1992 жылы маусым айында Қазақстанда Қазақстан Республикасының халықаралық валюта қорына, халықаралық қайта құру және дамыту банкіне ... мүшелігі туралы» арнайы заң қабылданды.
Қазақстан өзінің қарым – қатынасын Еуропалық қайта құру мен дамытуда (ЕҚДБ) табысты жүргізіп отыр. Ол ұйым 1990 жылдың мамыр айында құрылды, оның негізгі мақсаты- Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне НЭ – ға көшу жолында әрекеттестік көрсету еді.
Қазақстан 1992 жылы ЕҚДБ мүшесі болды. Қазақстанға байланысты банктің стратегиясы екі түрлі кезеңдерден тұрады. Алғашқы кезеңінде кадрларды дайындау мен ұйымдық құрылыстардағы техникалық ынтымақтастыққа ықпал жасалса, екінші кезеңінде көлік, тау – кен өндірісі, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы секторына нақты инвестициялауды көздейді.
1994 жылдың қаңтарында Қазақстан Азия даму банкіне (АДБ) мүше болды. Бұл халықаралық қаржы мекемесінің Азия – Тынық мұхит аймағында 1966 жылы негізгі іргетасы қаланып, бас – пәтері Манилада орналасады. АДБ мүшелігінде 54 ел бар.
1994 – 1996 жж. АДБ миссиясы мен Қазақстан Республикасы арасында өзара түсінушілік меморандумына қол қойылған. Банк саясатын, Алматы әуе бассайінінің экологиясын, менеджментті жақсарту және кадрларды дайындау, т.б. мәселелерді қамтитын сасаларға 839 мың доллар көлемінде Қазақстанха техникалық көмек пен гранттар бөлінді.
Халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарда мүшелікті тиімді пайдалану – Қазақстанның сыртқы – саяси және сыртқы – экономикалық саясаттарының негізгі мәселелерінің бірі. Білім беру, ғылым, мәдениет саласындағы халықаралық қатынасты кеңейту, ұлттық экономиканың жекелеген салаларының табысты дамуы, халықаралық экоомикалық және қаржылық, техникалық көмек алу, экономикалық даму және келешектегі мемлекеттің табысты өркендеуі нақты мұқтаждықтарға байланысты.
ТМД – ның құрылуы КСРО – ның соңғы жылдардағы өмір сүру оқиғаларымен тығыз байланысты.
1991 жылдың 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Беларусь басшылары Беловеж келісіміне қол қойды. Одақтың ыдырауы славян және түркі туыстас республикаларды өзара қарсы қою жолымен, этникалық негізде болжауға болмайтын жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін еді.
Жағдайдың келеңсіз өрбуіінің тығырығынан шығу үшін 1991 жылы 13 желтоқсанда Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары – Н.Назарбаев, С.Ниязов, И.Кәрімов, А.Ақаев, Р.Нәбиевтер Ашғабад қаласына жиналды.
1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстанның астанасында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан ждәне Украина басшылары кездесіп, Алматы декларациясына және ТМД – ны құру туралы хаттамаға қол қойды.
Алматы декларациясының негізіне Қазақстан Президентінің ТМД мүшелерінің қарым – қатынасы тең құқықтықтың негізі арқылы, өзара аумақтық тұтастықты құрметтеу және бірқатар үйлестіру құрылымдары арқылы шекаралардың тұтастығын сақтау, тепе – теңдік негізінде құрылған халықаралық стратегиялық тепе – теңдікті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, бірігіп қорғану, аумақты сақтау және ядролық қаруды бірігіп қадағалау туралы пікір алынды. ТМД – ның үйлестіру институттары мемлекет басшылары Кеңесі және үкімет басшылары Кеңесі туралы келісім – шарт қабылданды. 1993 жылдан Минскіде ТМД – ның атқару хатшылығы жұмыс істейді. ТМД – ны құру сол кездегі екі мәселені шешті: КСРО – ның ыдырауына өркениетті сипат беру және мемлекеттер арасында орын алуы мүмкін және де бар қақтығыстардың алыдн алу; посткеңестік аумақта мемлекетаралық қатынастардың қалыпты негізін құру. Мемлекетаралық бөліну кезіндегі барылқ мәселелерді шешуде, тек ТМД – ны ұйымдастыру – құқықтық механизмі болғанын атап өткен жөн.
Қазақстан ТМД шеңберінде саяси және экономикалық мәселелерді шешу істерінде егемендік, аумақтық тұтастық, өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау негіздерін сақтай отырып, Достастық елдері аумағында егемендік принциптері негізінде өзара қарым – қатынасты нығайтуға кірісті.
Бұл бағытта жұмыстар екі түрлі деңгейде жүргізілуде: екі жақты қарым – қытанстар дамуда, сонымен қатар ТМД шеңберінде көп жақты қатынастар да дамуда. Нәтижесінде Ресеймен және басқа да мемлекеттермен беделді құқықтық – келісімдік қарым – қатынастың базасы құрылды.
Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың туынды субъектісі бола отырып, мемлекеттердің әр түрлі әлеуметтік – экономикалық құрылымдармен қарым – қатынасын қамтамасыз етед, қазіргі кездегі маңызды, ғаламдық мәселелерді шешеді. Сол себепті де халықаралық ұйымдар біздің қоғамымызда беделді болып саналады. Халықаралық ұйымдар өздерінің заңи табиғатына орай мемлекеттердің өзара қарым – қатынасының органы болып табылғандықтан, бұл мемлекеттер ұйымының қызметін, өз мақсаттарын қанағаттандыру үшін қамтамасыз етеді, кейбір элементтерін одан әрі дамыта түседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет