студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, ол студенттердің де оқыту үрдісіне рефлексивті көзқарасына негізделген;
біліктілікке бағытталған оқыту;
әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және оқу пікірталастары;
кейс-стади (нақты жағдаяттарды сараптау);
жобалар әдісі.
Пәннің пререквизиттері:
Пәннің постреквизиттері:
Философия
Қысқартулар
ББ- білім беру бағдарламасы
ЭПК- Элективті пәндер каталогы
БӨЖ (СӨЖ/СОӨЖ)-білім алушылардың өзіндік жұмыстарының тақырыптары
АБ- ағымдық баға
ҚБ-қорытынды бағалау
Оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны
№ п/п
Сабақ түрі
Пәннің мазмұны
Сағат саны
Әдебиеттер, цифрлық білім беру көздері
1 апта : Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
1
Лек
Әлеуметтануға кіріспе. Индивид және қоғам. Әлеуметтік орта мен әлеуметтік мінез-құлық. Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар. Әлеуметтену және бірегейлік. Әлеуметтік шынайылық пен ақыл-ой. Әлеуметтанулық ойлау. Әлеуметтанулық қиял. Әлеуметтанулық перспектива.
1
н.[ 1, 4, 5]
қ. [ 1, 2]
сбр 1-2
БӨЖ
Басты үш әлеуметтанулық бағыт тұрғысынан (құрылымдық функционализм, қақтығыс теориясы, символдық интеракционизм) қоғамдағы кез келген құбылысты (спорт, кино, отбасы және т.б.) түсіндіріңіз.
Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі туралы өз ойыңызды білдіріңіз. «Әлеуметтанулық қиял» түсінігіне анықтама беріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология). Қазіргі адамға неліктен «әлеуметтанулық қиялды» меңгеру мен әлеуметтанулық перспективаны көре алу маңызды екендігін түсіндіріңіз.
3. Әлеуметтанулық қиялды бағыт ретінде қолдана отырып, қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайын сипаттаңыз. (тапсырмалар бойынша конспект жазыңыз )