-білім алушыларды фундаментальді деректанулық және тарихнамалық материалдармен, сондай-ақ қазіргі Қазақстан тарихы ғылымының жетістіктермен таныстыру;
- Қазақстан тарихының гуманитарлық білім беру жүйесіндегі орнын анықтау;
-дамудың заманауи кезеңіндегі өзекті мәселелерді талдау үшін Қазақстан тарихының нысаны мен пәнінің ерекшелігін анықтау;
-Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік формалары мен өркениеттердің эволюциясын, қазақ халқы этногенезінің негізгі кезеңдерін толық және объективті көрсетуге негізделген Қазақстан тарихының ғылыми-негізделген тұжырымдамасын жасау;
-қазіргі тарихтың азаматтық ұстаным мен ғылыми дүниетаным қалыптастыратын негзгі оқиғалары туралы тарихи білімдерді жүйелеу;
Күтілетін оқу нәтижелері
- Қазақстан тарихының көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі білімін жалпы, ерекше және дара, нақты фактілер мен әлемдік дамудың тұтас бейнесінің бірлігінде
- Қазақстанның өткені мен бүгінінің құбылыстарын историзм позициясынан талдау, тарихи процестердің көп өлшемділігі мен сәйкессіздігін диалектикалық түсіну;
- Әртүрлі тарихи және заманауи дереккөздерден алынған ақпаратты жан-жақты, сыни тұрғыдан талдай білу, өткен және қазіргі кездегі қоғамдық дамудың мәселелерін өз бетінше, шығармашылықпен түсіну қабілетіне ие болу.
- Ұлттық және дүниежүзілік тарих пен мәдениетке құрметпен қарауға, адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің мұрасын сақтауға және көбейтуге ұмтылу.
- Қазақстан тарихының тарихи құбылыстары мен үдерістерін жүйелеу және сыни бағалау.
Оқыту әдістері мен технологиялары
Пікір талас, оқыту, тірек-сызбалар, ойын арқылы оқыту т.б.
Пәннің пререквизиттері:
орта білім беру, техникалық және кәсіби білім беру бағдарламалары шеңберіндегі Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы