Лекция №2 Адамзат тарихына өркениетті көзқарас. Өркениет (цивилизация) ұғымы гуманитарлық әлемде ежелгі дүниеден бері белгілі болғанмен,тек ХVІІІ ғасырдан бастап қана айналымға ене бастады. Оған дейін адам баласының дамуында варварлық дүниенің антонимі ретінде белгілі болып келген-ді. Адамзат тарихында ол ұзақ мерзімге созылды. Варварлық қоғамның өркениетке ұласуы кейінірек жүзеге асты.
Адамзат баласы дамуының варварлық кезеңінен кейін келген бұл дәуірді алғашқысынан айыру үшін өркениет (цивилизация) деген атау берді. Өркениеттің белгілері жеке адам, қоғам деңгейінде танылып, қабылданды.
Варварлық ұғымы өркениет дүниеге келген соң ұмытылып кеткен жоқ. Қазір өркениеттің жер шарында кең қанат жайған кезінің өзінде өмірде кездесетін жан түршігерлік ауыр қылмыстарды, хайуандықты, қатігездікті, озбырлықты, адам ғана емес, жаны бар тіршілік иесін азаптауды варварлық деп қабылдаймыз. Адам баласы әлі де варварлықтан, қорқаулықтан, жыртқыштық қасиеттерден арылып болған жоқ. Олардың көріністері барлық қоғамда желімдей жабысып әлі қалмай келеді.
Варварлық адамның табиғатқа, қоршаған ортаға қарым-қатынасынан көрінеді. Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Ол алғашқы дәуірде табиғаттың жемісін пайдаланды, сонымен күнелтті.Терімшілік кәсіппен, кейін аңшылықпен күн көрді. Аң аулап, оны өлтіріп, етін жеді, терісің үстіне киім етіп киді. Сан мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғат байлықтарын, жан-жануарларды аяусыз қырып, өз кәдесіне жаратты. Жыртқыштықпен, қатігездікпен ысырапқа ұшыратты.
Кейін адам санасы өсе келе өз қажеттіліктерін өтеудің басқа жолдарын іздестірді, егін екті, малды қолға үйретті, оның сүтіп ішіп, етін жеді, терісін киім етіп пайдаланды. Жыртқыштық, варварлық кезеңнен адам цивилизацияға аяқ басты. Цивилизация (өркениет) варварлық қоғамға қарағанда ілгері өрлеу, қоғамдық прогресс болды. Тіршіліктің жаңа көздері табылды. Адамзат өркениетті өмір сүру деңгейіне көтерілді. Табиғатқа деген жыртқыштық көзқарастан арылу адамзатты өркениетке біршама жақындатты. Ол ежелден бері табиғаттан үстем тұруға, оны өз мақсатына бағындыруға, табиғатты өз кәдесіне жаратуға тырысты. Бұл өркениеттік ұғымға қайшы болды.
Өркениетті өмірге байланысты қазақтың көрнекті философы, академик Д.Кішібековтің «Культура и цивилизация» атты кітабы («Қарасай» баспасы, 2009, 224 б.) жарық көрді.
Ол еңбегінде мынаны атап көрсетті: «өркениет» ұғымы көптеген мағынада, негізінен үш мағынада: біріншісі адамзат жетістіктерінің жиынтығы ретінде, яғни адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, әлеуметтік даму сатыларымен алға өрлеу тарихы ретінде қолданылады. Өркениеттік жетістіктер деп ең алдымен дамуды, жүйелі түрде күрделілене түсуді, «екінші табиғаттың» – адам қолымен жасалған дүниелер мен процестің ұлғаюын бейнелеу мағынасында қолданылады. Өркениеттік жетістіктер деп дөңгелекті, бу машинасын, автомобильді, ұшақты ойлап табу, жарықты, атом энергиясын игеруді жатқызуға болады. Сондай-ақ академик өркениеттік табыстарға әлеуметтік байланыстар мен адамдар арасындағы қатынасты реттеуді қамтамасыз етуді де жатқызады. Жазуды ойлап табу, нарық пен ақшаны, демократияны, адам құқықтарын анықтау да өркениеттің жемістеріне жатады.
Күнелікті өмірде мәдениет пен өркениетті бір ұғым деп түсініп, бірінің орнына бірін қолданып жүрміз. Шындығына келгенде екеуінде жақындық болғанымен бір ұғым емес, сондықтан да оларды синоним ретінде қолданбай өз орнында пайдалану керек. Мәселен мына тіркестерді алып қарайық. Өркениетті мемлекет (цивилизованное государство) деп айтамыз. Мәдениетті мемлекет деп айтпаймыз. «Мәдени мұра» деп айтамыз. Ал «өркениетті мұра» деп айтпаймыз. «Мәдениетсіз адам» дейміз, ал «мәдениетсіз мемлекет» деп қолданбаймыз. «Өркениетті ұлт» дейміз, ал «мәдениетті ұлт» деп айта қоймаймыз. Мұның мәнісі – өркениет пен мәдениет әрдайым бірдей мағынаны білдірмейді.
Сондай-ақ Қазақстанды да қай өркениеттің еншісіне беру ғалымдардың үлесіне тиіп отыр. Қазақстанды әзірше жеке өркениет деп айту қиын. Бірақ мұнда көшпенділер өркениетінің, еуразиялық өркениеттің, ислам өркениетінің нұсқалары, белгілері бар. Олар жетілу, даму, жаңғыру үстінде. Сол белгілердің қайсысының үстем болатынын алдағы болашақ көрсетеді. Әзірше өзімізді еуразиялық өркениет құшағында сезінеміз.
Қазақстандағы демографиялық ахуал
Қазақстан халқының саны 19 миллион адамнан асты – 2021 жылы елдегі халық саны 248,5 мың адамға артып, 2022 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткіш 19 миллион 125,6 мың адамға жетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылы Қазақстан халқының табиғи өсімі 267 295 адамды құрады (2020 жылы – 263 012 адам).
2021 жылы Қазақстанда 450 652 бала дүниеге келіп, 183 357 адам қайтыс болды. Елден 32 209 азамат кетсе, 10 952 адам Қазақстанға келген.
Сондай-ақ 140 256 неке қиылып, 19 280 ерлі-зайыпты ажырасқан.