Сырдария, Ақмола, Семей, Орал облыстарындағы және Бөкей ордасындағы халық толқулары. Сырдария облысында бұқаралық бас көтерулер «бұратана» халықты тылдағы жұмыстарға күштеп тарту туралы патша указы алынысымен іле басталған еді.
Көтерілісшілер феодал-байлар әкімшілігінің өкілдерін жазалады, болыстардың мал-мүлкін құртты, полициямен және патша әскерлерімен соқтығысты. Түркістан генерал-губернаторыының пашаға жіберген рапортында облыс аудандарындағы «тәртіпсіздіктер байырғы әкімшілік шендерінің тылдағы жұмысқа алынатын жұмысшылыардың тізімдерін жасауына қарсылық көрсетілуінен көрінді, соның өзінде байырғы әкімшіліктің шенді алты адамы өлтірілді » делінді.
1916 жылғы тамыздың бас кезіне қарай көтеріліс Сырдария облысының барлық уездерін қамтыды. Көтерілісшілер уезд орталықтарына таяу жерлерге жиналып, қазақ жүздіктеріне шабуыл жасап отырды.
Әулиеата уезінің жекелеген аудандарында (атап айытқанда, Мерке маңында) феодалдық-клерикалдық элементтер қозғалысқа басшылықты уақытша өз қолдарына түсіріп алды.
Патша указы шыққанын білгенен кейін Қазалы уезіндегі Тоқмақ аралының қазақтары жұмысты тастады. Олар топ-топ болып жиналып, тойтарыс беруге әзірленді. Әулиеата уезінің Алматы, Арғын, Аспара, Ашын және Ботамойнақ- Аомалы болыстарындағы және Шымкент уезінің Ақсу, Қаракөл болыстарындағы көтерілс неғұрлым ұзаққа созылды.
1916 жылғы қыркүйектің аяқ шенінде Сырдария облысындағы көтеріліс аяусыз басып-жаншылды. Жекелеген ауылдар патша өкіметі орындарына бағынбай, Торғай облысына көшіп барып, мұнда Аманкелді Иманов көтерілісшілерінің қатарына қосылды.
Патша указы туралы хабар Семейге 1916 жылғы 28 маусым, Ақмолаға – 29 маусым жетті. «Ақ патшаның жарлығы» жарияланысымен-ақ өскемен уезінде толқулар басталды, ол кейін Зайсан, Қарқаралы және Семей уездеріне, Ақмола және Атбасар уездеріне, Бийск уезінің Қосағаш болысына тарады. Көтерілісшілер көбінесе найзамен, сойылмен қаруланды, мылтықтары да болды. Қазақстанның басқа да облыстарындағы сияқты Ақмола және Семей облыстарында көтерілістің мобилизацияға ашық қарсылық білдіру сипаты анық болды.
Ақмола облысында көтерілісшілер негізінен Қорғалжын көлінің маңына жиналды. Мұнда Ақмола уезінің сегіз болысының өкіддері жиналды. Оларға Атбасар уезінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі бес болыстың көтерілісшілері қоысылды. Саны және қарулануы жөнінен бұл топ Ақмола облысындағы ең күшті топ болды; көптеген болыстарды басқару осы топтың қолына көшті. Ақмола уезінің басқа болыстарында 2-3 және одан да көп бролыстардың көтерілісшілері бір жерге жиналды, 22 шілде Петропавл, Ильинск, Смайыл, Менгісері және басқа болыстарда тәртіпсіздіктер басталды.
Көтеріліске қазақ жұмысшыларыда белсене қатынасты. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы ұрыстарға 12 атты әскер жүздігі, күшейтілген 11 жаяу әскер ротасы қимыл жасады. 1916 жылғы сентябрь-октябрьде Зайсан, өскемен, Қарқаралы, Ақмола және Атбасар уездерінде ерекшк күшті соқтығысулар болды. Павлодар уезінде жазалаушылар отрядына қарсы көтерілісшілердің шайқастары 21 қыркүйек- 3 қазан Алғабас деген жерде жүргізілді.Қаражар маңында және басқа жерлерде ірі-ірі қарулы соқтығыстар болды.
1916 жылғы 26 қыркүйекте Көкшетау уезіндегі Қожас деген жердің маңында қаруланған жігіттер қыр ішіне көшіп кеткен ауылдардың соңына түскен қазақ отрядына шабуыл жасады.27 қыркүйек Ақмола уезінің қоржынкөл болысында соқтығыс болды. 3-4 қазан Ақмола уезінің Айнабұлақ деген жерінде найзалармен және балталармен қаруланған көтерілісші шаруалар жазалаушы отрядқа екі рет шабуыл жасады. 8 қазан Алексеевка селосының (Ақмола уезі) маңында әлгіні көтерілісші отряд табанды шайқастан кейін жазалаушыларды шегінуге мәжбүр етті. 29 қазан Атбасар уезіндегі Қыпшақ қыстағының маңында 1 мыңнан астам көтерілісшілер неғұрлым қауіпсіз жерге көшіп бара жатқан ауылдардың ізіне түскен патша әскерлерін бірнеше сағат бойы тоқтатып тұрды.
Көтерілісшілердің жаппай ерлігіне қарамастан, жақсы қаруланған патша әскерлері 1916 жылғы қазан аяғына қарай Семей және Ақмола облыстарында олардың қарсылығын баса алды. Көтерілісті басып-жаншудың қиын болмакған бір себебі, көтерілісшілер көбінесе бөлек-бөлек әрекет жасады, отрядтардың арасында байланыс болмады.
Ақмола және Атбасар уездеріндегі көтерілісшілер топтары Торғай уезіне барып, Аманкелді Имановтың отрядтарына қосылды, олардың кейбіреулері 1917 жылға дейін Атбасар көмір кендері маңында қимыл жасады. 1917 жылғы 15 ақпан әскери министрьдің көмекшісі Фролов Омбы әскери округі әскерлерінің командашысына жіберген телеграммасында Атбасар көмір кендері маңындағы толқулар Торғай облысындағы көтерілісті басып-жаншуды қиындатқанын атап көрсетіп, көтерілісшілер отрядтарын біржола талқандау үшін көмек көрсетуді талап етті. Алайда жазалаушылар Атбасар уезінің көтерілісшілерін 1917 жылғы ақпанға дейін түгел талқандай алмады.
Ақмола және Семей облыстарындағы көтеріліс басып-жаншылғанымен, халықтың күресі жалғаса берді. Қуғын-сүргінге қарамастан, шақыру жасындағы адамдар шақыру пунктеріне келуден жалтарды. Семей облысы бойынша 5 қараша дейін мобилизациялануға тиісті 85479 қазақтың 50479-ы шақыру пунктеріне келмеді. Ақмола облысындағы жағдай да осындай болды.
Шілде-тамыз айларында Орал облысы мен Бөкей ордасында еңбекшілердің бұқаралық бас көтерулері болды. Орал облысындағы көтерілістің басталуына Шынғырлау болысындағы нөмірі 5 ауылда болған оқиғалар себепші болды. 8 шілдеде бұл ауылдың қазақтары болыстан тылдағы жұмытарға мобилизацияланатын адамдардың тізімін беруді талап етті, бірақ болыс олардың талабын оындаудан бас тартып, «дүрліктірушілерге »қарсы қарулы күш қолданамын деп қорқытты. Осыдан кейін келген жұрт болысқа тап беріп, өзін және оның писарін өлтірді.Бұл оқиғалар Орал облысының балық болыстарына тарап кетті.
Жер-жердің бәрінде жаппай толқулар басталды. Көтерілісшілер мобилизациялануға тиісті адамдардың тізімдерін жою үшін болыс басқармаларына шабуыл жасады. 4 шілде Ілбешін уезінде шоқпармен, мылтықпен қаруланған 1 мың адам көтерілісшілер отрядын құрды.көтерілісшілер телеграфтың жұмысын бұзды.
Орал облысындағы қозғалыс ұйымдасу жағынан әлсіз әрі жергілікті сипатта болды. 1916 жылғы қыркүйек бас кезінде мұндағы қозғалыс басып-жаншылды,сонда да қазақтар шақыру пункттеріне келмеді.
Бөкей ордасында, Темір және Гурьев уездерінде қозғалыс 1916 жылғы шілде орта шенінде патша укзына қарсы наразылықтан басталып, жазалаушы отрядтарға қарсы күрес қарулы соқтығыстарға ұласты. Қозғалыс әсіресе Темірде бұқаралық сипат алды.
1916 жылғы көтерілістің тарихи маңызы Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады. Көтерілісшілер дүние жүзілік империалистік соғыстың қызып тұрған кезінде, Россиядағы жұмысшы және шаруа қозғалысының мықтап өрлеуі жағдайында өтті.
Көтерілістің бірынғай басшылығы және бірынғай ұйымдастырушы орталығы болмаса да, бір өңірде болып жатқан оқиғалар басқа өңірлерге ықпал жасап, өзара байланысты болып отырды.
Көптеген аудандарда көтерілістің антифеодалдық сипаты болды. Алайда көтеріліс стихиялы түрде дамып, онда пролетарлық басшылықтың болмағандығының салдары айқын көрінді.1916 жылғы көтеріліс қазақтың еңбекші бұқарасының таптық сана-сезімін арттыруда зор рөль атқарды, патшаның малайлары ретінде феодалдық-рулық жоғарғы топтың шын сиқын қазақ шаруаларына айқын көрсетіп, буржуазияшыл ұлтшылдардың сатқындық рөлін әшкереледі, ауылдағы тап күресін жаңа сатыға көтерді.
Көтерілістің тәжірибесі қазақ шаруаларын орыс жұмысшы табымен одақтасқанда ғана, оның көмегімен және басшылығымен ғана ұлттық және әлеуметтік азаттыққа жетуге болатынын үйретті.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы Россия империализімінің жалпы дағдарысының бір көрінісі. Бұл қозғалыс Россиядағы азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласып, пролетарияттың социалистік қозғалысының бір резерві болды
Торғайдағы қозғалыс 1917 жылғы ақпан революциясымен ұласты. Патша тақтан құлаған соң оның орнына келген Уақытша үкiмет қазақ жерiнен жазалаушы отрядтарды керi әкетуге мәжбүр болды.
Тылдағы жұмысқа баруға қарсы болған қазақ жастарының мақсаты негiзiнен орындалды. Тiзiмге iлiнген 400 мыңдай қазақтардың 150 мыңы тылдағы жұмысқа барып қайтты.
4. 1905 жылғы революция жеңiлiске ұшырап революцияның алдында тұрған мақсаты -патша үкiметiн құлату мақсаты жүзеге аспады. Сондықтан Ресейде екiншi революция жасау қажет болды. Бұл революция 1917 жылы ақпан айында жасалды. Бұл революция да алдыңғы революция сияқты бұржуазиялық-демократиялық сипатта болды, революцияны буржуазия бастады, қозғаушы күшi жұмысшылар, мақсаты - патша үкiметiн құлату.
Революция жеңiске жеттi. Патша тақтан түстi. Ресейде қос үкiмет орнады. Уақытша үкiмет деп аталатын үкiмет буржуазияның диктатурасы. Сонымен қатар Кеңес үкiметi орнады. Ресейдiң орталығында, барлық облыстарда, уездерде, қалаларда қос үкiмет орнады. Революцияны буржуазия бастап жұмысшылар оның қозғаушы күшi болғандықтан революцияның нәтижесiн бұл екi тап бөлiсiп, осы себептен қос үкiмет орнады.
Революцияның нәтижесiн революцияға қатысқан партиялар түрлiше бағалады. Буржуазия партиясы - кадет революция аяқталды, Ресей капитализм жолына түсiп дамиды деп есептедi. Революцияға қатысқан екiншi партия - социал-демократтар /кейiн большевиктер, коммунистер/ революция аяқталған жоқ, бiз жарты жолға тоқтамаймыз, буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистiк революцияға ұластырамыз деп есептедi. Осы мақсатпен олар «үкiмет билiгi кеңестерге» деген ұран көтердi. Мұның мәнi барлық жерде кеңес үкiметiн нығайту арқылы Уақытша үкiметтi құлатып, билiктi Кеңес үкiметiне өткеру арқылы социалистiк революцияны жеңiске жеткiзу едi. Коммунистердiң бұл үмiтi iске аспады, сондықтан олар шiлде айынан бастап, қарулы көтерiлiске дайындалды.
1917 жылы шiлде айында Орынбор қаласында өткен бүкiлқазақтық I съезден Алаш партиясы құрылды, ал 1917 жылы желтоқсанда Алашорда атты үкiмет құрылды. Мiне осы екi оқиғаны бiрiктiрiп Алаш қозғалысы деп атаймыз.
Алаш партиясының құрылғанын жариялаған соң Алаш қайраткерлерi партияның бағдарламасын жасап оны партияның органы ²Қазақ² газетiнде жариялайды. Бағдарламаны бүкiл халық болып талқылап 1917 жылы желтоқсанда болған партияның II съезiнде бекiтедi. Партия бағдарламасы 10 баптан тұрады. Бiрiншi бапта қазақ елiнiң тәуелсiздiгi туралы мәселе сөз болады. Алаш қайраткерлерiнiң ойынша Ресейде буржуазия үкiмет басына келiп буржуазиялық-демократиялық федеративтiк республика орнайды да Қазақстан автономиялы республика ретiнде Ресейдiң құрамына кiредi, сөйтiп қазақ халқының тәуелсiздiгi туралы мәселе шешiлердi деп есептедi. Қазақтың автономиялы республикасы 1917 жылы құрылған Алашорда үкiметi едi. Бiрақ оқиғаның алдағы барысы басқаша болды. Ресейде үкiмет басына буржуазия емес, жұмысшы табы /коммунистер басқарған/ келдi де Алаш қайраткерлерiнiң бұл үмiтi ақталмады. Бағдарламаның басқа баптарында бiлiм, жер және т.б. мәселелер көрiнiс тапты. Қазақстанда ана тiлiнде, ақысыз бiлiм беретiн орта мектептер, университет болатыны, жер жеке меншiкке берiлмейтiнi айтылды. Алаш партиясы жарғысы, мүшелерi, орталық және жергiлiктi органдары, баспа органы бар әдеттегi саяси партия болды. Алаш партиясын ғалымдар ұлттық-демократиялық сипаттағы партия деп есептейдi.
1917 жылы желтоқсанда болған Алаш партиясының екiншi съезі Алашорда үкiметiн орнатады. үкiмет басқармалары 25 адамнан құралады деп есептеп басқарма мүшенiң он орнын қазақтарға, қалғанын Қазақстанды мекендеген басқа ұлт өкiлдерiне бередi. Алашорда үкiметiнiң төрағасына Әлихан Бөкейханов сайланады.
Алаш партиясы мен Алашорда үкiметiнiң басшы қайраткерлерi Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, А.Ермеков, М.Шоқаев, С.Асфандияров, Ж.Досмухамедовтар және тағы басқалар болды.
Алаш партиясы орнаған соң ұзамай Қазақстан азамат соғысы жағдайында болғандықтан саяси, әлеуметтiк-экономикалық салада ауыз толтырып айтарлықтай шараларды жүзеге асыра алмады. Алаш қозғалысының барлық iс әрекетi Алашорда үкiметi арқылы жүргiзілдi.
Алаш партиясының II съезiнiң қаулысына сай Алашорда үкiметi милиция түрiнде өзiнiң қарулы күшiн құрды. Алаш қайраткерлерi қазан төңкерiсiн, оның нәтижесiнде дүниеге келген кеңес үкiметiн мойындамады. Осыдан келiп кеңес үкiметiне қарсы күресу туралы шешiм туындайды. Азамат соғысы жылдарында Алашорда үкiметi өзiнiң қарулы күшiмен ақтарды қолдап, кеңес үкiметiне қарсы күреседi. Бұл жағдай кеңес үкiметiнiң Алаш қозғалысына қарсы әрекет жасауына әкеп соғады. 1919 жылы Кеңес үкiметi Алаш партиясын таратып, Алашорда үкiметiн құлату туралы шешiм қабылдайды.
Кеңес үкiметi кезiнде Алаш қайраткерлерiне бұржуазияшыл-ұлтшылдар, контрреволюционерлер, шет ел тыңшысы деген жала жабылып қуғын-сүргiнге ұшырайды, сотталады, ақыры 1937 жылғы жаппай қуғын сүргiн кезiнде олардың көпшiлiгi атылады.
Кеңес үкiметi, коммунистiк идеология, қазақ халқының болашағы туралы мәселеде қазақ интеллигенциясы екi топқа бөлiндi. Коммунистiк идеологияға қарама-қайшы бағыт ұстағандар Алаш қозғалысының маңына топтасты да, Кеңес үкiметiн, коммунистiк идеологияны жақтаушылар үш жүз социалистiк партияның маңына топтасты. Қазақ интеллигенциясының басым көпшiлiгi, неғұрлым зиялылары Алаш идеясына ден қойды.
Үш жүз социялистік партиясы да Алашпен бiр деңгейде, 1917 жылы желтоқсанда құрылды. Бұл партия өз көзқарасын өзiнiң органы «үш жүз» газетi мен жергiлiктi коммунистiк бағыттағы газеттер арқылы жария етiп отырды. Партияның басшысы М.Айтпенов, оның орынбасары К.Тоғысов болды.
Партия өз бағдарламасын жариялады. Бағдарламада қазақ халқы өзiнiң автономиялық мемлекетiн құрып Түркiстан федерациясының құрамына кiредi де, ол Ресейдiң қарамағында болады, осындай жолмен қазақ халқының тәуелсiздiкке қолы жетедi деп есептедi. Үш жүздiктер өзiнiң бағдарламасы, көзқарасы жөнiннен әуелi солшыл эссерлерге жақын болады да, соңынан коммунистердiң бағдарына көштi. Партия бес-ақ ай өмiр сүрдi. Партия басшыларының арасындағы ауыз бiрлiксiздiк, партиялық мансапқа таласушылық бұл партияның ыдырауына әкеп соқты. Өзi өмiр сүрген 5 айдың iшiнде Үш жүз партиясы Алаш партиясына қарсы ымырасыз күрес жүргiздi. Сондай-ақ кеңес үкiметiн, оның жүзеге асырып жатқан шараларын қолдауға өзiнiң барлық iс-әрекетiн бағыттап отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |