Лекция №2 Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері



бет1/13
Дата02.03.2022
өлшемі48,49 Kb.
#26896
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1. Лекция № 2 Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері

2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Дүниежүзілік тарих ауқымындағы бүгінгі Қазақстан қазіргі заман тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу. 1905 жылғы, 1917 жылғы революцияларының Қазақстанға әсерін анықтау, жалпыұлттық күресте қазақ зиялыларының рөлін айқындау.

3.Лекция мазмұны.

1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай.

2. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. 


3. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері

4. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі.





1.ХХ ғасырдың басында қазақ даласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы қиындай түсті. Қазақстан жалпыресейлік шаруашылық кешенінің құрамдас бөлігі ретінде Ресей метрополиясының шикізаттік базасына айналды. Патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлау саясатының күшеюі мен ұлттық езгі озбырлығы туралы қазақ зиялылардың ірі өкілі Ахмет Байтұрсынов «Қазақтардың өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп сипаттайды.

ХХ ғасырда қазақтардың ұлттық экономикасы мен дәстүрлі шаруашылығы толығымен күйреді. Қазақ жеріне алдымен Ресей отарлауы одан кейін кеңестік социализм күшіне енді. Мемлекеттіліктің біртұтастығы жойылып, қазақтар барлық саяси құқықтарынан айырылды. Елдің экономикасы алдымен Ресей метрополиясына одан кейін Кеңес мемлекеті орталығының мүддесіне орай дамыды.



ХХ ғасырдың негізгі ірі тарихи оқиғалары – өлкенің отарлауы, 1917 жылғы Ақпан және Қазан революциялары, азаматтық соғыс, жаңа экономикалық саясат, индустрияландыру, ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, Ұлы Отан соғысы, тын және тынайған жерлерді игеру, шаруашылық реформалар, тоқырау жылдары, «қайта құру» саясаты. Осы тарихи оқиғаларды талдау еліміздің дәстүрлі экономикалық жүйенің күйреуі мен қасіретті зардаптарын дәлелдеп көрсетеді.

ХХ ғасырды Қазақстан Ресей империясының отары ретінде қарсалды. Дәстүрлі шаруашылық жалпыресейлік экономикасына еніп, капитализм әсерімен өзгерістерге ұшырады. Капитализмнің дамуы қазақ жерлерінің отарлауымен қатар жүрді. Табиғи байлықтарды Қазақстан аумағынан көптеп тасып әкету үшін барлық жағдай жасалды. Қазақстан Ресей өнеркәсібінің шикізат базасына айналды. ХІХ ғасырдың соңында орыс кәсіпкерлері Қазақстан жеріндегі тау-кен орындарын арзан бағада сатып алып шикізат өндейтін кәсіпорындар сала бастады. Бірақ ХХ ғасырдың бас кезінде шахталар мен кен орындардың дерлік бөлігі шетелдік капиталистер қолына өтті. Орыс кәсіпкерлерінің тау-кен игеруде тәжірибесі де, техникалық құралдары да жеткіліксіз болды. Патша үкіметі шетелдік капиталды тарта бастады. 1904 жылы Лондонда құрылған «Спасск мыс кен орындары» акционерлік қоғамы кен орындарды сатып алуға белсенді кірісті. Спасск-Воскресенск, Успенск мыс кеніштері, Спасск мыс қорыту зауыты, Саран және Қарағанды көмір шахталары сатылды. Жезқазған мыс кеніштерін, Байқоңыр әк карьерлері мен темір кен орындарын «Атбасар мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» иеленді. 1904 жылы Риддер мен Зырян түсті металл кен орындарын австриялықтар сатып алды.

Өлкеде өнеркәсіптің негізгі саласы тау-кен өндірісі болды. Алтын өндіру қарқынды дамыды. ХХ ғасырдың бас кезінде бір Өскемен уезінің өзінде 50 алтын кеніш жұмыс істеп тұрды.

Мұнай өндіру шетелдік кәсіпкерлердің, ең алдымен ағылшындардың қолына өтті. 1911 жылы Доссор кәсіпшілігінде мұнай өндіру басталды. Шетелдік акционерлік компаниялардың түсірген пайдалары өсіп, тез байып шықты. Жергілікті халыққа ешқандай табыс әкелмеді. Табиғи байлықтар есепсіз тасылып Қазақстаннан шетке шықты.

Қазақстанның солтүстік-батыс және батыс аудандарында тұз өндіру маңызды салаға айналды. Тұз Басқұншақ, Елтон, Елек және Коряков кәсіпшілігінде өндірілді. 1909 жылы Коряков кәсіпшілігі өзінде ғана 4 миллион пұт тұз өндірілді. Бұл жерде 10 мыңнан астам жұмысшы болды. Өндірілген тұз Батыс және Шығыс Сібірге, Обь өзені бойындағы балық кәсіпшілеріне жөнелтілді.

Балық кәсіпшілігі едәуір дамыды. Қазақстанда балық аулау дәстүрлі орталықтары Арал және Каспий теңіздері, Зайсан және Балқаш көлдері, Орал, Ембі, Ертіс, Іле, Шу, Сырдария өзендері.

Ауылшаруашылық шикізатын өңдейтін шағын кәсіпорындар бой көтерді. Қазақстанда тері-былғары, сабын қайнататын, май қорытатын, спирт-арақ, сыра ашытатын, жүн түтетін зауыттар жұмыс істеді. Зауыттар мен фабрикалардағы жұмысшылардың саны аз, техникалық жабдықталуы өте төмен еді. Қазақтар ең ауыр жұмыс істеп, өте төмен жалақы алды.

Қалаларда көпшілігі ұсақ кәсіпорындар жұмыс істеді. Бірақ 300-500 жұмысшылары бар ірі өнідіріс орындары да пайда болды. Олар Спасск мыс қорыту зауыты, Успен кеніші, Қарағанды көмір шахталары, Екібастұз, Риддер өндірістік орындары.

Қазақстанда химия өнеркәсібінің алғашқы кәсіпорны – Шымкент сантонин зауыты болды. Бүкіл Ресей империясының жалғыз сантонин зауытының өнімі Англия, Америка, Германия, Үндістан, Жапония елдеріне шығарылды. Мақта тазалайтын зауыттар Шымкент және Түркістан қалаларында орналасты. Верный қаласында темекі фабрикасы жұмыс істеді.

Қазақ жеріне капиталистік қатынастардың терең енуі сауданың дамуына айтарлықтай өзгерістер әкелді. Ресей сауда капиталы өлкенің шалғай аудандарына дейін жетіп, қазақ ауылын Ресей, Орта Азия, Батыс Еуропа сыртқы нарықтарымен байланыстырады.

ХХ ғасырдың басында сауда капиталының Қазақстанға енуі өлкенің экономикасының дамуына әсер етті. Қазақтардың натуралды шаруашылығының тауар-ақша сипатына көшуі аймақтар арасында шаруашылық байланыстарды біршама кеңейтті. Ауыл нарыққа тартыла бастады. Сауданың негізгі тауары мал болып қала берді. Жаңа нарықтық қатынастар көшпелі қазақтарды отырықшылыққа кеңінен тартты. Сондықтан сауда кәсіпкерлігінің мал және мал өнімдерінен басқа тағы бір тауары нан болатын. Нан саудасының айналымдары қарқынды өсті. Ірі орталықтары Орал, Орынбор, Семей болды. Қостанай, Ақтөбе, Торғай уездерінен астық тасымалданды.

Жалпыресейлік маңызы бар жәрменкелік сауда ерекше орын алды. Ең ірі жәрменкелер Қарқаралы уезіндегі Қоянды-Ботов, Петропавл уезіндегі Тайыншакөл, Ақмола уезіндегі Констатинов, Атбасар уезіндегі Петров, Верный уезіндегі Қарқара жәрменкелері болды. Олардағы сауда айналымы жылына 2-3 миллионға дейін жеткен. Қоянды-Ботов жәрменкесі 1924 жылға дейін өткізілді. ХХ ғасырдың басында Қазақстан-Ресей сауда қатынастары орыс көпестеріне 9 млн. дейін табыс әкелсе, 1910 жылы 15,3 млн. рубльге дейін өсті. Жәрменкелер тауар-ақша қатынастарын дамытуға және сауда буржуазиясының өсуіне себеп болды. Сонымен қатар, жәрменкелер қазақ шаруашылығын Ресей экономикасымен байланысын нығайтты.

Қазақстан Ресей отары ретінде өнім өткізетін аймақ, шикізат коры болып кала берді. Қазақ жерінің байлығына патшалық Ресей монополиялық иелігін орнатып, капиталистік қатынастардың ұлттық аймақтарда кеңейіп дамуына әсер етті. Көптеген бай кен орындары, жұмыс күшінің арзандығы орыс және шетел капиталын өзіне тартты.

Қазақстанның Ресей нарығына енуі Ресей өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы банк капиталының енгізілуімен одан әрі кеңейді. Тауар айналымы өскен сайын қарыз беретін банктер мен несие мекемелері ашылды. Ірі коммерциялық банктер қатарында Сібір сауда банкінің елу жеті бөлімшесінің жетеуі Қазақстанда орналасты. Екінші орында Орыс сауда өнеркәсіптік банк болды. Оның бес бөлімшілері Петропавлда (1904 ж), Верныйда(1908), Қостанайда (1909 ж.), Оралда (1909 ж.), Павлодарда (1916 ж.) қызмет етті. Несие мекемелердің саны жағынан ең көбі Ақмола облысында ашылды.

Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы, шикізатты белсенді тасымалдау теміржол желілерінің құрылысы есебінен мүмкін болды. Патша үкіметі Қазақстандағы теміржолдарды әскери-стратегиялық мақсаттарға бағындырды. 1906 жылы Орынбор-Ташкент теміржол іске қосылды.

Бай табиғи қорының болуына қарамастан, Қазақстан өнеркәсібі әлсіз болып қала берді. Оның негізгі себептері өлкенің жалпы экономикалық артта қалуы мен ресей отаршылдық саясаты болды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет