Сурет - 2. Білім беру жүйесіндегі менеджер 3. Педагогикалық менеджмент сапасының талаптары.
Білім сапасы: мəні мен құрылымы Нарықтық экономика жағдайларында кəсіпорындар мен ұйымдардың үздік қызметі тұтынушыларына ұсынатын өнім мен қызметтерінің сапасына негізделеді. Сапа ішкі жəне сыртқы нарықта фирманың басымды жағдайын анықтайтын қаражаттарды жұмсауының үздік бағыты болуда. Сапа түсінігіне материалдық жəне рухани өндірістің əртүрлі саласында басымдық беріледі. Сапа проблемаларын теориялық негіздеудің қажеттілігі Ресейде 1992 жылдың басында ғылыми зерттеудің жаңа саласы – квалиметрияның пайда болуына əкелді, оның басында Н.А.Селезнева, А.И.Субетто, Ю.Г.Татур сияқты ғалымдар тұрды. Осы ғылыми саланың шегінде өз шешімін табуды қажет ететін міндеттердің арасында адам мен білім квалиметриясының философиялық негіздерін əзірлеу аталады.
ISO 9000:2008 «Сапа менеджменті жүйелері, Негізгі ережелері жəне сөздік» халықаралық стандартында жеке сипаттамалардың жиынтығы мен талаптарды атқаратын дəреже сапа деп түсіндірілген, сонда «жоспарланған» деген ұғымға қарама-қайшы берілген «жекеменшік» деген тұжырым объектінің, қызметтің жəне т.б. тұрақты сипаттамасына қатысты болады. «Сапа» термині жаман, жақсы немесе өте жақсы деген сын есімдерімен қолданылуы мүмкін. Сонымен, осы термин сапаның философиялық түсінігімен қатар, өндірістік түсінігі үшін де жалпылауыш болуда.
Өндірістік жағдайда «өнім сапасы» тұтынушы үшін осы өнімнің мəнді қасиеттерінің жиынтығы ретінде маңызды болады. Осы қасиеттердің жиынтығы өнімге, эталондарға, стандарттарға ерекшеліктерінің негізіне қаланады.
Кез келген өнім сапасының айрықша белгілері:
1) онда белгілі қасиеттердің болуы;
2) олардың құндылықтарын өндірушінің ұстанымынан емес, тұтынушы ұстанымынан қарастыру.
Осындай талдау беруде өнім тұтынушыларының бар сұраныстарымен қатар, əлеуетті сұраныстарының да маңызды рөлі белгіленген.
А. И.Субетто бойынша сапаның заманауи аспектілері:
сапа – қасиеттер жиынтығы (тұтастық);