Лекция №2. Педагогикалық МЕНЕДЖМЕНТ Педагогикалық ЖҮйелерді басқарудың теориясы және технологиясы ретінде


Білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған сапа менеджмент жүйесі



бет9/9
Дата16.05.2023
өлшемі304,3 Kb.
#93658
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция №2

Білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған сапа менеджмент жүйесі
Бүгінгі таңда сапалы өнім өндіру басқа салаларға қалыптасушы ретінде әсер ететін тәуелсіз салаға айналды.
Қазақстандық ауыл шаруашылығын жоғары білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ететін ЖОО алдында төмендегідей маңызды және қиын міндеттер тұр:

  • тұтынушының күтіміне сай сапалы қызмет көрсетуді үйрену;

  • жоғары білікті еңбек ресурстарын даярлау қызметінің сапасын тұрақты деңгейде ұстау және оны үнемі жетілдіру.

Жалпы орта білім беретін мектептің білім беру процестерін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді жетілдіру үшін сапа менеджмент жүйесін енгізу бойынша шаралар кешенін даярлаудан тұрады. Демек, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер айқындалады:
- «кадрлік», «материалды-техникалық», «ақпараттық ресурстар» түсініктерінің білім беру процестерінде алатын орнын анықтау;
- «қызмет сапасы», «сапа менеджмент жүйесі» түсініктерінің мәнін анықтау арқылы қажетті ресурстарын даярлау процесіне тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған сапа менеджмент жүйесін қалыптастыру қажеттілігін негіздеу;
Жалпы орта білім беретін мектептің білім сапасын қажетті ресурстарымен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында сапа менеджмент жүйесін енгізудің теориялық және тәжірибелік аспектілерін қалыптастыру қажет.
Жалпы ішкі аудиттік сараптау барысында келесі әдістерді қолдану ұсынылады: интерактивті, статистикалық, сараптама, есептік-конструктивтік, модулді, эксперт-аудиттік және т.б.
Жалпы орта білім беретін мектепке сапа менеджмент жүйесін енгізу негізінде білім беру процесін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді жетілдіру:
- «қажетті ресурстар» түсінігінің және оның сыртқы бәсекелестік ортаға қарсы тұру мен даму қабілеттерінің мәнін айқындау;
- «білім беру процесіндегі сапа менеджмент жүйесі» түсінігі білім беру мақсатындағы кез келген басқарма жүйесін сапамен қамтамасыз ету және жақсарту, басқару, жоспарлау;
- сапа менеджмент жүйесін қалыптастыруды қазіргі заманғы көзқарастармен жүйелендіру;
- Білім беру процестерінің сапасын арттыруға бағытталған сапа менеджмент жүйесі моделін құру.
Білім сапасы – қоғам, мемлекет және жеке тұлғаның мақсаттық басымдылығы мен қажеттілігін есепке алып, қатар әрекет ететін, алдын ала болжанған процесс пен нәтиже. Білім сапасын басқару мақсатты бағытталған, ресурстың қамтамасыз етілген басқарылушы және басқарушының өзара әрекет ету процесінің қоғам мен жеке тұлғаның болжанған сапаға жету нәтижесі болып табылады ( 4-сурет).





Сурет-4.Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару принциптері

Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты төмендегідей қағидалар, принциптер жиынтығымен анықталады: білім берудің ізгіліктік сипатта болуы; білім берудің жалпыға қолжетімділігі; білім берудің зиялылығы; білім берудегі еркіндік; білім берудің демократиялық сипатта болуы.



бет 11 беттен




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет