Басқа да белгілері бойынша жоспарды саралау. Жоспар түрлері, сондай-ақ келесідей белгілерге байланысты жіктелуі мүмкін: 1) шаруашылық қызметтің мазмүны - зерттеулер (ҒЗЖ және ҰКЖ), өндіріс, маркетинг, өткізу, персонал, шикізатты және материалдарды сатып алу, инвестиция, қаржы жоспарлары; 2) басқару деңгейі және кәсіпорынның ұйымдастырушылық кұрылымы - корпоративті, кәсіпорындық жоспарлау, филиалдардың жоспары, цехтық жоспарлау жүйесі, жоспарлаудың өндірістік жүйесі (бөлімше, бригада, жұмыс орны және т.б.); 3) пайдалану саласы бойынша - цехаралық, цехішілік, бригадалық, жеке; 4) жоспарлау нысаны - мақсатты жоспарлау (стратегиялық және тактикалық мақсаттарды анықтау), бағдарламалық жоспарлау (нақты бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру, мысалы, маркетинг, өзіндік құнды төмендету, өндірістік бағдарламалар, өткізу) және қорларды жоспарлау (мақсатқа жету үшін қажетті қүралдарын анықтау, персоналды жоспарлау, өндірістің техникалық қайта жабдықталуы); 5) жоспарлау тереңдігі - шектелген жоспарлау (берілген көрсеткіштермен шектелген, мысалы, бөлімшелер сомасы бойынша цехты, цехтар сомасы бойынша зауытты жоспарлау) және бөлшектерді жоспарлау (терең есептеу және үдеріс пен жоспарланған нысанды суреттеу); 6) қамту деңгейі бойынша (барлық кезеңдер мен көрсеткіштер) жалпы және бөлшекті (белгілі бір кезеңдер, көрсеткіштер және облыстар) жоспарлау; 7) жасау кезеңдері бойынша - (жоспар жобалары жасалады) алдын ала және соңғы (бекітілгеннен кейін жоспарлар заңды күшіне ие болады) жоспарлау; 8) уақыт бойынша жоспарлардың үйлесімдігі - тізбекті (әр түрлі жоспарларды жоспарлаудың келісілген тізбекті жүзеге асырылатын үдерісі) жоспарлау және бір уақтылы (барлық жоспарлардың көрсеткіштері жоспарлау кезеңінде анықталады) жоспарлау; 9) мәліметтердің өзгерісін есепке алу бойынша - катаң және икемді жоспарлау.
Жоспарлау кезеңдері.Жоспарлы кызмет - қазіргі менеджменттің негізгі функцияларының бірі. Басқарудың орталықтанған жүйесі жоспарлы-экономикалық бөлім және кәсіпорындағы бухгалтерияға бөлінеді, өйткені ақша көбінесе есептеу функциясын орындайды. Нарықтық экономика жағдайында, кәсіпорын стратегиясының негізі кіріс пен шығысты жоспарлау болады; жоспарлаудың қаржылық аспектісі (бюджеттеу) жоспар жасау кезінде және оны нақтылап, орындау кезінде негізі болып табылады. Жоспарлауды басқарудың бастапқы кезеңі бола отырып, кәсіпорынның даму мақсатын таңдауға, әрекет ету бағдарламасын аныктауға, қойылған мақсатка жету әдістері мен шараларын жасауға бағытталған үдерістен тұрады. Жоспарлау үдерісі бес кезеңге бөлінген.
Бірінші кезеңде болжау жүргізіледі, алдымен бар ресурстарды болжау мақсатында белгілі бір факторларға жүйелі талдау жасалады. Болжау жоспарға негізделген мүмкіндігін көрсетеді. Екінші кезеңде кәсіпорынды дамыту баламасына таңдау жасалып, салыстыру жүргізіледі. Басқаруда қойылған міндеттің шешіміне бір ыңғай болмайды. Сондықтан әр түрлі тұғырнамада баламаны бағалау қажет (пайдаланылатын ресурстардың пайдалылығын, әлеуметтік-экологиялық мәнін және т.б.) және неғұрлым ыңғайлы баламасын таңдау. Үшінші кезең - мақсатты қалыптастыру және міндетті қою. Мақсатты дәл анықтап, оған жету мерзімдерін анықтау кажет. Төртінші кезенде жұмыстың сәйкес тізбегі мен әрекет ету бағдарламасы жасалады. Әрекет ету бағдарламасын жасау үшін қабылданатын міндеттердің орындалуының уақытша тізбектілік пен кезектілігін бекіту қажет. Бесінші кезеңде бағдарламаны кұндык бағалау және бірінші кезекте қаржылық ресурстарды бөлу жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің басқа жүйесіне (неғұрлым тиімді) сүйенетін қазіргі әлемдік тәжірибеде бұл кезең бюджеттеу, яғни бюджетті қалыптастыру деп аталады. Ол өткен барлық материалдарды жалпылап, құндық түрде кұжаттардың стандартты жинағы түрінде ұсынуға арналған.