Лекция №33 Тақырыбы: Мектепке дейінгі жастағы баланың сенсорлық дамуы. Жоспар


Баланың сенсорлық сезімдерін дамытуға арналған ойын түрлері



бет2/3
Дата12.05.2023
өлшемі21,09 Kb.
#91994
түріЛекция
1   2   3
Баланың сенсорлық сезімдерін дамытуға арналған ойын түрлері


Мақсаты: Сенсорлы бұрыш, тәрбиелеу-білім беру үрдісінде, қосымша білімнің тәрбиешілері және пелагогтарының ұйымдастырушылық сабақтарында, өзіндік ойындарда, балалардың ізденіс-экспериментальды әрекеттерінде қолданылады. Сенсомоторлы бұрыш балабақшаның топтық мекемесінде бұл – қымбат құралдарсыз жабдықталған сенсорикалық бөлменің бейімделген нұсқасы.
Сенсомоторлы бұрыш, негізі:

  • сенсорлы функциялардың стимуляциясы үшін (көру, сезу, есту т.б.);

  • ұсақ моториканың дамуы, қозғалушы активтілік стимуляциясы;

  • бұлшық ет және психоэмоционалды қауыртпалықты кетіру үшін, балалардың жақсы сезінуі және релаксацияға жетуі үшін;

  • баланың еңбекқорлығын арттырып, жақсы эмоционалды жағдай қалыптастыру;

  • когнитивті үрдістердің белсенділігі (ойлау, көңіл бөлу, қабылдау, ес);

  • ектеп жасына дейінгі балалардың іс әрекетінің экспериментальдылығы және өзіндік жұмысқа уәжділігінің артуы.


Біздің ортаның, топтың моделі екі қарапайым мақсатқа негізделді:

1.Балабақша – балалар үшін екінші үй, сондықтан оның ішінде балаларға қуанышты және жайлы болу керек;


2. Балалардың толық және жан-жақты дамуы үшін, ойнауға, демалуға және оқуға арналған ұйымдастырылған орта болу керек.
Бағдарламаларды талдау нәтижесінде, дидактикалық және ойын материалдарының қандай болу керектігін ойластырып, балаларға олардың жас ерекшелігін ескере отырып, заттық-даму ортасын құру, әсіресе негізгі көңілді, балаларда сенсорикалық қасиеттерінің дамуына бөлу керек.
Балабақшаға алғашқы келген балаларды әдемі, ашық түсті, түрлі-түсті көмекші құралдармен, ойыншықтармен қызықтыру керек. Театр ілгіштен басталса, балабақшада шешінетін жерден басталады. Сондықтанда балаларды балабақшада қарсы алған кезде кіреберістен бастап жайлы болуы керек. Балаларға түрлі-түсті полкаларда орналасқан ашық түсті, жұмсақ, сүйікті т.б. түрлі ойыншықтарды ұсынамыз. Үйдің образын балабақшада бөлменің интерьері қалыптастырады. Үйықтайтың бөлмеге кірген кезде балалар сенсорлы-түрлі түсті жолақтан өтіп, оны дене түйсігі арқылы сезінеді.
Сенсорлы бұрышты ұйымдастыру барысында біріншіден топтық мекеме ішіндегі орналасу орнын анықтау керек. Ол балаларға ыңғайлы жерде орналасуы керек. Бұрышқа сенсомоторлы объектілерді таңдауда ерекше көңіл бөлінеді. Олар балалардың өміріне және денсаулығына қауіпсіз объектілер болуы тиіс. Бұрыш сабақ тақырыбына және қажеттіліктерге байланысты енгізілетін, негізгі және қосымша объектілерден тұрады.
Біздің топтағы сенсорикалық бұрыш келесідей жабдықталған: достық ағашы, үй, жануарлар, көбелектер, құстар, шөп, гүл, күннің көзі салынған қабырға. Бала үйін сағынған кезде алақанын анасының салынған алақанына қоюын сұраймыз, осылай анасымен амандасып, оның жылуын және жақын екенін сезінеді.
Сонымен қатар сенсорлы тәрбие мәселелерін шешу үшін әр-түрлі тақырыпты қосымшалар алынады. Арнайы дайындалған ойыншық-тасбақалардың көмегімен балалар әр-түрлі қосымшалармен жұмыс жасайды. Табиғат мезгілдері құбылыстарымен таныса отырып, спектр түсін атауда, көңіл көтеріп, жаттығады.
Осындай үйдің формасы сияқты «Ковралин» - ойын арқылы оқыту құралы, осы үйге балалар түрлі-түсті жіптер, геометриялық пішіндер, қыстырмалар, жанында түрлі-түсті вагондары жабыстыра алады. Қолдың ұсақ моторикасын дамытып, заттардың қасиеттері, түстері, өлшемдермен таныстырады.
Сөйлеу қабілеттерін дамыту үшін – қуыршақтарды, қолғап қуыршақтарды қолданып театр ұйымдастырады, туған күндерде, ерекше күндерде ертегілер ойналады. Бала ерекше қызығатын заттар туралы талдау жасау керек, сонымен қатар баланың, сөздерді дұрыс айтуын, сұрақтарға жауап беруін қадағалау, үйрету.
Көру қасиеттерінің дамуы үшін: түстерді атап, анықтайтын, контрастылы өлшемдерді (үлкен, кіші), формаларды қарастыратын ойындарды ойнау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет