Лекция 5 Батыс елдеріндегі әкімшілік- мемлекеттік басқарудың жетекші ғылыи мектептері



бет4/4
Дата16.12.2023
өлшемі38,35 Kb.
#140171
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
дәріс 3-4-5

постулата функционалды сәйкестікті тұжырымдады:

  • функционалды жүйенің бірлігі (жұмыс істеуінің барлық бөлігімен келісімі)

  • әмбебап жұмыс істеуі

  • функционалды қажеттіліктер

70 – жылдардың басында дағдарысдық оқиғалар алдыңғы он жылдықтағы қоғамның тең жағдайы идеясына күмән келтірді, құрылымды функционализм интеллектуалды кредитін кенеттен жоғалта бастады. Алайда 80 – жылдардың бас кезінде қайтадан жеткен жағдай тұрақтылыққа қатысты және тұрақтантырылған бағдарлар саясат және мемлекеттік – әкімшілік басқару функционалдық сәйкестікке жаңа көзқарас туғызды.
Қазіргі кезде «функционалдылық» термині американың мемлекеттік ұйымдастыру мектептерінде нақты бір нәрсеге меңземейді:белгілі бір түсініктердің жиынтығы,әдіс-тәсілдер,үлгі немесе идеология.Одан бұрын ол салт-дәстүрді көрсетеді.
Соңғы онжылдықта АҚШ-та әкімшілік тұжырымдамасының дамуы көп қызығушылық тудыруда.Оны басқару ұжымының тәжірибе,білімін көтеруге жене дайындауға арнап дайындалған жобалардан көруге болады.Ол теориялық пайымдаулардың А.Маслоу, М.Макгрегор,Р.Лайкерттің еңбектерімен байланысы көп.Осы уақытқа дейін америка мектептерінде «ұйымдық дамудың» концепциясына жалпы қалыптасқан анықтама жоқ.Бұл тұжырымдаманың негізгі пайымдауына әлеуметтік ортаның даму жылдамдығы мен өзгерістердің қиындығы жатады.Ұйымдық дамудың мамандары тірі ағзаның үлгісінде қалыптасқан мемлекеттік-әкімшілік басқарудың құрылысын мінсіз деп есептейді.Олардың пікірі бойынша,мұндай ұйымға келесі жағдайлар тән болуы керек:
· ол үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік-саяси ортаның талаптарына сай мемлекеттік басқарудың жаңа мақсаттарына бейімделе білуі керек.
· әкімшілік-мемлекеттік басқару институттарының мушелері басқару жүйесін бұзатын кері әсерін тигізбей байланыс орнатып,өзгерістерді басқаруы керек.
· дамушы мемлекеттік ұйымдастыру институттарында мақсатты орындау мен шешім қабылдауға қатысу ереже болып тадылады.Сол арқылы мемлекеттік қызметкерлер жаңа өзгерітерді жоспарлап және оларды жүзеге асырып,басқаруға қатысын сезінеді.
· Дамушы мемлекеттік-әкімшілік басқару институттары өздерінің мүшелерінің дамуына жағымды жағдайлар жасауы керек,ал ол үшін өзара еркін байланыс орнатуы және мемлекеттік қызметкерлердің бір-біріне деген сенімі,барлық жағымсыз жағдайлардың конструктивті түрде шешілуіне әсер етуі қажет.
Соның негізінде мемлекеттік ұйымды жүйелеудің әсерін жоғары көтеру ұйымдық дамудың мақсаты болып табылады.Бұл басқару жүйесінің құрылысындағы өзгерістерге ұйымдастырушылық жүйенің тез,әрі уақытында әлеуметтік-саяси және экономикалық дамудың өзгерістеріне бецңмделе білу қабілетімен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатқа жетудің құралы- тәжірибелі мемлекеттік қызметкерлердің тәртібінің өзгеруі,адамдардың бағыт-бағдарын өзгертуге мақсатты түрде әсер ету,олардың бір-бірімен және топтар арасындағы байланыс орнату жатады.Ұйымдық дамудың мамандары өз үміттерін мемлекеттік қызметкерлердің жаңа басқару тәсілдерімен оқытылуымен байланыстырады.Адамдық құндылықтардың әртүрлі поведенческий ғылымдардың әдіс –тәсілдерінде жағдай жасауға басты көңіл бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет