Пәнді оқытудың мақсаты: Студенттер «Ағылшын және американ әдебиеті» пәнін оқу барысында әлем әдебиетінің процестерінің заңдылығын түсініп, шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, замандардың мәдениеті мен байланыстыра біледі.
Әлем әдебиетіндегі шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін айқындай отырып, студент жазушының жалпы творчествосын, өзекті мәселелерін тарихи тұрғыдан жан-жақты қарастырып, бай әрі бағалы деректер негізінде нұсқалы, нәзік әрі терең талдау жасауға баулу қажет.
Әлем әдебиетінің рөлі мен мағынасы студенттерді тарихи әдеби процестердің негізгі ерекшеліктерін, оның әдебиет пен мәдениеттің келешектегі дамуына дүние танымдық, көркемдік, ұлттық ерекшеліктерінің құрылуына әсер етуімен қорытындыланады.
Аталған пән бойынша студенттер Ағылшын және американ әдебиетінің негізгі ерекшеліктерін, - ақын-жазушылар шығармаларын талдаудағы оның табиғатын үйренеді.
Пәнді оқытудың міндеттері: - Ағылшын және американ әдебиеті тарихын меңгерту;
- ақын-жазушылар шығармаларының көркемдік-идеялық табиғатын игерту;
- ақын-жазушылар шығармаларының тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсіну;
- ақын-жазушылар талантының көркемдік-эстетикалық мәнін игерту.
Оқытудың әдістері мен технологиялары- 1) студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, ол студенттердің де оқыту үрдісіне рефлексивті көзқарасына негізделген;
2) біліктілікке бағытталған оқыту;
3) әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және оқу пікірталастары;
4) кейс-стади;
Пәннің пререквизиттері: - Қазақ халқының ауыз әдебиеті
- Қазақ әдебиетінің тарихы
-Әлем халықтарынң әдебиеті
Пәннің постреквизиттері: - Орыс әдебиетінің тарихы
- Шығыс әдебиеті
Пән құзыреттілігі: Әдебиеттегі ұғымдар мен категорияларды, ағымдар мен бағыттарын, жазба және ауыз әдебиет үлгілерін, біліп, оны педагогикалық қызметінде пайдалану. Ағылшын және американ әдебиеті саласындағы білім берудің авторлық жаңашылдық идеяларын іске асыру, стандартты емес және альтернативті шешім таба алатын біліктері мен дағдыларын саралап, тұжырымдау.