Жедел бүйректер жетіспеушілігі (ЖБЖ) дегеніміз -бұл әр түрлі экзогендік және эндогендік факторлардың бүйрек паренхимасына патологиялықәсер етуі салдарынан екі бүйректің немесе жалғыз бүйректің фильтрациялық, экскреторлық және секреторлық қызметінің кенеттен бұзылуы (мұнда барлық нефрондар, немесе шумақты аппарат, немесе өзекшелердің барлық бөлімдері зақымданады).
Этиологиясы. Жедел бүйректер жетіспеушілігі себептері оны негізгі төрт түрге бөледі: преренальды, ренальды, постренальды, аренальды факторлар.
Артериялық қысымды ұзақ уақыт (қан кету, жарақаттануға хирургиялық операция жасау, сепсис, шок), кейде аз уақыт 80 мм сын. бағ. дейін және одан да төмендететін факторларды преренальды факторларға жатқызу керек. Бұлар бүйрек қыртысындағы қан ағысын, шумақты фильтрация деңгейін күрт кемітеді. Іс жүзінде барлық нефрондардың істен шығуынан олигоанурия дамиды.
Патогенезі. ЖБЖ-нің полиэтиологиялылығы әр түрлі патогенездік механизмдердің көзі болады ЖБЖ-нің аренальдық формасы бүйректерді немесе жалғыз бүйректі арнайы немесе байқаусызда алып тастағанда болады. Преренальды факторлардан туатын бүйрек кызметінің әлсіреуінде бүйректің ишемиясы патологиялық өзгерістер дамуының негізгі механизміболып табылады. Бүйректегі қан ағынының кемуі жедел тубулярлық өзгерістерге апаратын ишемияның түзілуінің негізгі себебі болады, ал тікелей бүйректер қызметінің әлсіреуіне әкеп соқтыратын сүйықтықтың тубулярлық ағынының кемуі — оның финалы болып табылады. Macula densa-мен байланыста болатын дистальды өзекшелерге натрий мен суды жеткізу деңгейінің өзгеруі рениннің секрециясын күшейтіп, бүйрек ишемиясын туғызады немесе оны тереңдетеді. Бүйректің милы қабатында простагландин вазодилатардың аз бөлінуі бүйректегі қан ағымын бұрынғыдан да азайтуы мүмкін. Бұл фактор сондай-ақ бүйрек ишемиясын күшейту арқылы тубулярлық патологиялық өзгерістерді күшейте түседі. Бүйрек қыртысындағы қан тамырларының кенет тарылуынан қан оларға жете алмай, қыртыс пен милы қабаттың (юкстамедуллярлық кабат) арасындағы шекаралық қабатқа өтеді. Қан тамырлары жүйесінде стаз пайда болып, өзекшелердегі қысым артады, шумақты фильтрация кемиді. Гипоксияға барынша сезімтал дистальды өзекшелердің ауыр ишемиясы пайда болып, өзекше эпителийі мен базальды мембрананың тубулярлы некрозын туғызады. Бұл жағдайдағы анурия эпителий қабаты қызметінің бұзылуына ғана емес, сондай-ақ эпителий клеткалары бөліктерінің, цилиндрлердің өзекшелердің қуысын тарылтуына да байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |