Лекция №9 Болезни органов мочевыделительной системы. Потология почек



бет9/10
Дата16.02.2022
өлшемі24,28 Kb.
#25699
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Бүйрек тас ауруы. Бұл ауру зәр жолдарында тастың пайда болуымен сипататалтын ауру. Аурудың басқа да атаулары: нефролитиаз, уролитиаз. Осы патологияның себептері зәрде оксалаттар, кальций, несеп қышқылы және цистин. Бүйрек тас ауруының белгілері: Бүйрек ұстамасы бүйір мен мықын аймағының аяқ астынан күрт ауырсыну белгісімен басталады; гематурия — зәрде қанның іздері болуы; зәр шығару кезінде ауырсынулар; тастардың өзінен өзі зәрмен бірге сыртқа шығуы; лоқсу, құсу.

Нефропатия. Бұл бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек ауруларының көптеген түрлерін біріктіреді: Шамамен 35% жағдайда патологияның даму себебі қант диабеті болып табылады. Көбінесе осы аурумен созылмалы аурулары көп қарт кісілер аурырады. Нефропатия белгілері: бас ауруы; бел тұсының тұйық ауруы; әлсіздік; шаршағыштық және жұмысқа қабілетсіздік; шөлдеу; таңертеңгілік қол аяқтарының ісінуі, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі; зәрде ақуыздың болуы.

Аденокарцинома – бүйректің қатерлі ісігі. Бұл аурудың негізгі себептері толық анықталмаған. Бірақ бүйректің қатерлі ісігінің себептері гормональды препараттар қабылдау, сәулелену, вирустардың әсері және шылым шегу әсері болуы мүмкін деген болжам бар. Аденокарциноманың негізгі белгілері: зәрде қанның білінуі; анемия; бел тұсының шат және бөксе аймағына берілген тұйық ауруы; кейде бүйрек шаншулары болады; әлсіздік; бүйректің ұлғаюы – ішқуысын пальпация кезінде қолмен ұстағанда қолға анық білінеді; варициколе (ерлерде) және жыныс ернеулерінде қантамырлар варикозы (әйелдерде); салмақтың түсуі; дене қызуының көтерілуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет