Пиелонефрит – бүйрек түбегінің, тостағаншаларының, аралық тінінің және өзекшелердің зақымдануымен сипатталатын патология. Бұл инфекциялық сырқаттар қатарына жатады. Өте жиі кездесетін ауру, өлген кісілердің 9-10%-да, пиелонефриттің әр түрлі көріністері анықталады, ал бүйрек ауруларының ішінде ол 30%-ды құрайды
Этиологиясы.Пиелонефрит тудырушы бактериялардың арасында ең көп кездесетіні ішек таяқшалары мен стафилококтар.Одан басқа пиелонефриттің дамуына энтерококтар, протей, клебсиелла,энтеробактер, көк іріңді таяқшалар немесе микроб ассоциациясы да себеп бола алады.
Патогенезі. Пиелонефритті инфекция тудыратын сырқат дегенмен де оның дамуы үшін көптеген косымша жағдайлардың, әсіресе бүйректе қан айналысының және несеп әрекетінің бұзылуының маңызы зор. Пиелонефрттерді даму механизмдеріне қарап, обструктивті және обструкциясыз дамитын пиелонефриттер деп екі топқа бөледі. Обструктивті себептерге ер адамдарда қуық безінің аурулары (аденома, рак, простатит), қуық және тік ішек рактары, несеп жолдарының тастары; әйелдерде жыныс ағзаларының ісіктері мен осы ағзалардың қабынуы және несеп жолдарындағы тастар жатады. Бұдан баска несеп жолдарының туа болған кемістіктері де осы өзгерістермен асқынады.
Гломерулонефрит негізінен бүйрек шумақтарының патологиясы. Гломерулонефриттің осылай өтуі негізінен иммундық механизмдерге байланысты.
Басты себебі - стрептококк. Бұдан басқа, гломерулонефриттің дамуына өзге инфекциялық немесе инфекциялық емес факторлар да әкелуі мүмкін, мәселен Коксаки вирусы, желшешек вирусы, қызамықгың қоздырғышы, сарысулар, аллергендер, жәндіктердің уы, бүйрек көктамырларының тромбозы. Клиникалық көрінісі: жіті гломерулонефрит әдетте, стрептококктық инфекциядан 7-20 күннен кейін пайда болады. Дерттің негізгі белгілері - ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауыруы, артериялық қысымның жоғарылауы. Науқастың өзі ерте байқайтын белгісі - ісіну. Ісінуден бұрын шөл, әлсіздік, олигурия пайда болады. Ең алдымен бет пен кабақ ісінеді (шел қабатының болбырлығынан). Жасы ұлғайған адамдарда жіті гломерулонефрит алғаш жүрек шамасыздығымен білінуі мүмкін. Науқастардың 80%-да өтпелі артериялық гипертензия болады. Жіті гломерулонефриттің алғашқы 2-3 күнінде олигурия, тіпті анурия болуы мүмкін. Созылмалы гломерулонефриттен айрықша, олигурия болғанның өзінде концентрацияланған зәр бөлінеді, оның меншікті салмағы жоғары болады (егерде бүйрек шамасыздығы болмаса). Осыған қарап жіті гломерулонефритті созылмалы гломерулонефриттен айырады. Олигуриямен қатар зәрдің түсі өзгереді. Әдетте зәрдің түсі қызғылт, жас еттің шайындысына үқсайды, ал реакциясы кышқыл болса, онда түсі қара қоңыр болады. Гломерулонефритке тән несептік синдромның басты белгісі - жұптасып жүретін протеинурия мен гематурия (микро-, сиректеу -макрогематурия).
Нефроптоз – бүйректің өз орнынан қозғалып, төмен түсуімен сипатталатын патологиялық жағдай. Осыдан бүйректің патологиялық қозғалғыштығы деген ұғым қалыптасқан. Қорыта келгенде бүйрек тіндерінің қанайналымы бұзылып және зәр шығару қиындап, қабыну ауруларына себеп болады. Ауруға тән белгілері бірден байқала қоймайды. Өзіне тән белгілеріне байланысты нефроптозды 3 сатыға бөліп қарастырамыз:
1 саты – науқас терең тыныс алғанда бүйректің төменгі полюсі пальпацияланады және тынысты шығарғанда орнына келеді. Науқас тұрған жағдайда бел аймағындағы ауырсынулар күшейеді. Ал егер науқас жататын болса ауруы басылады.
2 саты – барлық бүйрек бөліктері науқасты вертикальді жағдайында қабырға астынан шығып тұрады. Алақанымызбен басып, орнына қоюға болады. Бұл кезде бел тұсының ауруы іш қуысына берілуімен пайда болады. Егер науқас жататын болса ауруы басылады.
3 стадия – бүйрек қабырға астнан шығып тұрады, жатқан жағдайда да орына түспейді.
Достарыңызбен бөлісу: |