Лекция №9 Болезни органов мочевыделительной системы. Потология почек



бет8/10
Дата16.02.2022
өлшемі24,28 Kb.
#25699
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция 9

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (СБЖ) – бұл онда үдемелі бүйрек кеселінің нәтижесінде бүйрек тінінің (тканінің) біртіндеп өлуі болатын жай-күй. Сол себепті организмнің барлық ішкі ортасының тұрақтылығы бұзылады, бұл барлық ағзалар мен тіндердің дұрыс емес жұмыс істеуіне жетелейді.

СБЖ-нің себептері көбіне-көп созылмалы пиелонефрит пен гломерулонефрит, зәр тас кеселі, несеп шығару жүйесінің ісіктері, жүйелі дерттер (жүйелі қызыл волчанка, васкулиттер), алмасу кеселдері (қант диабеті, подагра, амилоидоз), қан тамырлық бұзылыстар (артериалды гипертензия, атеросклероз) және тек арқылы берілетін аурулар болып табылады.

Әр түрлі себептерге қарамастан созылмалы бүйрек жетіспеушілігіндегі өзгерістер жұмыс істейтін тіндердің елеулі азаюына жетелейді. Бұл өз кезегінде азотемияға, яғни қанда ақуыздардың ыдырау азоттық өнімдерінің – мочевинаның, креатининнің жоғары болуына әкеледі. Бүйрек өз жұмысын атқара алмағандықтан бұл заттар басқа жолдармен, негізінен мұндай жүктемеге есептелмеген қарын-ішек жолдары мен өкпенің шырышты қабықтары арқылы шығарыла бастайды. Бұл уремияның – организмнің өзін улауының дамуына жетелейді. Ет тағамдарын жақтырмау, жүрек айну мен құсу ұстамалары пайда болады, адамды ұдайы шөлдеу сезімі азаптайды. Бұлшық еттерде құрысулар, сүйек сырқырауы басталады. Беті сары рең иеленеді, тыныс алуда аммиак иісі сезіледі. Бөлінетін зәр көлемі елеулі төмендейді.

Мұнда зәр айдаушы дәрілерді қабылдауға қарамастан адамда ісіктер пайда болады, артериалды қысым көтеріледі, электролиттердің дисбалансы туындайды. Бүйректе биологиялық белсенді заттардың синтезінің бұзылуынан анемия мен подагра артады, жыныс бездерінің қызметі, глюкоза, фосфор және кальций алмасуы бұзылады.

Үдеріс біртіндеп үдеп, нәтижесінде адам тұрақты гемодиализсіз (“жасанды бүйрексіз”) немесе бүйрек алмастырусыз (трансплантациясыз) өмір сүре алмайды.

СБЖ-ін диагностикалау үшін қан мен зәрдің биохимиялық талдау кешені, шумақтық сүзгі (фильтрация) жылдамдығын анықтау, аспаптық тәсілдер (УДЗ, урография) қолданылады.


Гидронефроз дегеніміз тостағанша –астауша жүйесінің ұлғаюымен, бүйректен зәр шығуының бұзылуы нәтижесінде бүйректің барлық негізгі қызметінің бұзылуы. Гидронефроз белгілері: бүйрек шаншуы; жұмысқа қабілетсіздік; белдің тұйық ауырсынулары; зәрдің лайлануы; құсық болуы мүмкін; ұйқының бұзылуы; зәрде қан білінеді; созылмалы бүйрек жетіспеушілігі; пальпацияда бүйрек көлемінің ұлғаюы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет