Лекция №9 саяси элита және саяси топ бастаушылық



бет2/2
Дата05.11.2022
өлшемі112 Kb.
#47762
түріЛекция
1   2
Байланысты:
Лекция № 9

Саяси элита: поскоммунистік элита мәртебесіне қатысты көптеген теориялық пікірлерге қарама-қарсы дәлел ретінде оның шамадан тыс заңдастырылғанын атап көрсету қажет. Біріншіден, Қазақстанда да, Ресейде де олд «қалыпты» көп партиялы сайлау тәртібімен түзілген: президент пен парламентті тікелей халық сайлайды. Екіншіден, ол конституциялық тұрғыдан сараланған. Коммунистік элита қатаң иерархиялық сипатта еді: партиялық элита даусыз басымдық танытты, оның соңынан өз кезегінде мемлекеттік және экономикалық элита ілесті. Бұл иерархия заң жүзінде қуатталды, алайда, демократиялық тәжірибеден тым алшақ жатты. Посткоммунистік элита қатаң иерархиялық сипатта еді: партиялық элита даусыз басымдық танытты, оның соңынан өз кезегінде мемлекеттік және экономикалық элита ілесті. Бұл иерархия заң жүзінде қуатталды, алайда, демократиялық тәжірибеден тым алшақ жатты. Посткоммуннистік элитада үш орталықтың – парламенттің, президенттің, үкіметтің болуы, сондай-ақ олардың әрқайсысының іс-әрекет аясы да («құқық күші»де) конституциялық тұрғыдан тәртіптеледі. Осылайша саяси элита қоғамдағы, осынау бір тарихи сәттегі өкімет билігін ашық пайдаланатын саяси топқа айналды.
Интеллектуалдық элита: элиталардың барлығы ізгі мұраттарды, істі, идеяны бейнелеп берерліктей ғана билікке ие. Олар жүйенің, соны идеялардың, «статус-квоның тірі рәміздері» ретінде қабыл алынды. Алайда, ой жүйесі мен мінез-құлықтың үлгісін өндіру оның билігінің негізгі өлшемдері болып табылатын бір топ бар. Бұл топ – интеллектуалдық элита (жазушылар, ғалымдар, журналистер, өнер мен спорт жұлдыздары), және де оның кейде рәміздік топ ретінде қабылдануы кездейсоқтық емес. Посткоммунистік интеллектуалдық элита өзінің салыстырмалы тәуелсіздігіне негіз салатын рәміздік капитал жасап үлгере ала ма? Интеллектуалдық элита, көбінесе саясатты қоғамдағы құнды мұраттарды тарату мен жобаларды жүзеге асырудың аясы ретінде түсінеді. Интеллектуалдың әлеуметтік міндеті - өкіметтің (биліктің) сыншысы болу. Сыншы интеллектуал емес немесе интеллектуалсаясаткер бола алмайды деген сөз емес. Барлық саясаткер – интеллектуал, ал барлық интеллектуал – саясаткер болатын ахуалды ойша елестетуге болады. Ал іс жүзінде, ең алдымен, барлық саясаткер – іс-әрекеттің, интеллектуал – рухтың еншісіне тиеді. Біреуі – реалист, ал екіншісі болмысты мүмкіндіктің кең ауқымында алып қарастырады. Біріншісінен – сындарлылықты, екіншісінен – сыншылдықты күтуге болады. Саясаткер қоғамды құрады, интеллектуал қоғам ойға алғандығынан жақсырақ құрылуы үшін оған күмәнкелтіріп, күдікпен қарайды.
Саяси жүйелердегі элиталар мен бұқараның арақатынасы аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Егер бұл кез-келген саяси жүйенің қажетті құрамдас бөлігі дейтін болсақ, онда олардың қолайлы арақатынасы туралы мәселе сөзсіз көлденең тұрары анық. Элиташылар үшін элита – саяси процестің шынайы субъектісі, ал бұқара – қолайлы саяси жүйеге төнген қауіп-қатер сияқты көрінеді. Элиташыларға қарсылар үшін саяси процестің субъектісі - халық, ал элиталар демократияларға төнген қауіп-қатер ретінде қарастырылады. Лассуэлдің пайымдауынша, демократия олигархиядан қоғамдық тұрмысқа мейлінше ықпал ететін элитаның жоқтығымен емес, өзінің ашықтығымен, өкілеттілігімен, жауаптылық сипатымен ерекшеленеді.
Саяси жетекшілікті ғалымдар жіктегенде мынандай принциптерді негізге алып жүр:

  1. тарихи принцип. Мұнда жетекшінің тұрпатын (типін) дәуірмен байланыстырады, ол өмір сүрген әлеуметтік ортаның жемісі ретінде қаралады.

  2. ықпал ету көлеміне қарай жалпыұлттық, аймақтық, қалалық, аудандық саяси жетекші болып бөлінеді.

  3. таптық принцип. Бұған жұмысшылар, шаруалар, буржуазияның, әлеуметтік топтың жетекшілері жатады.

  4. қазіргі әлеуметтік құрылысқа қатынасы жағынан оны жақтайтын, оған қарсы шығатындар болып бөлінеді.

  5. қабілеттілігі жағынан өзінің жеке басының қасиеттері, дарындылығының арқасында немесе жағдайға қарай көтерілген жетекші дейді.

  6. бастамашы, рух беруші жетекші немесе басталған істі орындаушы ретінде де топтастырады.

Қызметті атқару тәсіліне қарай авторитарлық және демократиялық жетекші етіп бөлінеді. Авторитарлық жетекші өз жұмысында күш қолдануға сүйеніп жалғыз өзі басқарғыс келеді. Демократиялық жетекші болса алдағы мақсатты белгілегенде жіне оны іске асырғанда қасындағы адамдарды қатыстырып, олармен ақылдаса отырып шешеді.
Түріне қара формальды, формальсыз деп бөліп жүр. Формальды жетекші белгіленген ережелер арқылы басшылық орынға тағайындалады. Формальсыз жетекшіні қатысушылар өздері таңдайды. Ал ұйымдасқан үлкен топтарда әлбетте формальды басшылар болады. Мысалы, әскербасшылары, кәсіподақ, корпорация басшылары және т.б. Саси қауымдастықтың жоғарғы құрылымы – үкімет болып есептеледі.
Саяси серкенің жұмысы мынандай кезеңдерден тұратын үш қызметті атқарады:
1. «диагностикалық» міндет : саясси серкелер қалыптасайын деп келе жатқан жағдайды зерттеу арқылы оған баға береді «диагноз қояды».
2. саясатты белгілеу : жетекші өз тобының, жақтастарының мақсатына са шешілетіндей саясатты тауып, соны орындауға тапсырма береді.
3. іске тарту : жетекші өзінің белгіленген саясатын іске асыруға тырысады. Ол үшін өзінің тобы, жақтастары оның іс-әрекет жоспарын қолдауы қажет. Соның арқасында оны жүзеге асыруға жұмысдырылады.
Қоғам болған соң, оның өзіне тән қиыншылықтары болмай қоймайды. Оларды мемлекет байқап, дер кезінде шара қолданып, өрістетпеуге тырысады. Бірақ, бүкіл мәселе оңай шешіле бермейді. Кейде мәселенің түбі шешілмей дертке айнала бастайды. Мұны көрген саяси серкелер бірінші байқап, мәселені көтереді. Олар жағдайды өзгертудің жолын көрсетеді. Егер олардың ұсынған жолы көпшілік жұрттың көңілінен шығып, қолдау тапса, қоғамдық қозғалыс пайда болуы мүмкін. Оны басқаратын серкелердің шығуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай қозғалыстардың өрісі ауқымды болып, түбегейлі жетістіктерге жетсе, қоғамның саяси мәдениетінде айтарлықтай өзгерістер де болуы ықтимал.
Әлеуметтік жүйенің қандай субъектісі болмасын – жеке тұлға, адамдар тобы, партия, тап, халық майданы немесе тағы басқа ұйымдар сияқты қоғамдық құрамалар – жетекші бола алады. Жетекшіліктің күші өз жақтастарының түпкілікті мақсат-мүддесін іске асыра білуінде.
Саяси серке адамдардың көңіл күйін, ой-арманын, үмітін, ұмтылысын, зәрулігін қай сәтте болмасын мүлтіксіз сезініп отыруы керек. Ол басқаларға жақын жолдасындай қарап, халытың мұқтаждығын қанағаттандырарлықтай қамқоршыл болса қалың жұрт оны шексіз сенімге бөлейді.
Нағыз саяси серке шиеленіс, кикілжіңдерді дер кезінде түсіне біліп, өрістетпей, уақытында жоя білуімен сипатталады. Одан да жақсысы саяси дау-жанжалдардың алдын ала білгені жөн. Саяси тәжірибеде дау-дамайға қатысушылардың өзін-өзі ұстауының бітқатар дәстүрлі түрлері бар. Оған шегіну, бәсекелестікті таптап, басып тастау, ымыраға келу жатады.
Нағыз серке осының бәрін есепке алады. Ол шиеленісті шешудің ең қолайлы тәсілі оған қатысушылардың қай жағы болмасын ұтыста болатындай жағдайды іздестіру керектігіне олардың көздерін жеткізе білуде. Ол үшін жетекші саяси кикілжіңге қатысушылардың назарын тек өзінің ғана емес, сонымен қатар басқаның да пайдасын ойлайтндай жағдай тудырады. Тіпті қиын жағдай болса ол тым болмаса саяси тепе-теңдікті сақтауға тырысады.
Қоғамдық процессті басқаруға қатысушылардың бәрі бір-біріне барынша қатал, сын көзбен қарайды. Бірақ одан орынсыз күдік, шүбәлану немесе қызғаншақтық тумауы тиіс. Әдемдік тәжірибеде саясаттың қайсыбір субъектісі болмасын қоғамдық саяси қажеттілігі, пайдалылығы бар деген ұғым бар. Әрбір субъект, қандай биреси тұлға не топ болсын, егер оның іс-әрекеті заңға сәйкес келмегендігі немесе қоғамға зиян келтіретіндей құзіретсізлдігі дәлелденбесе, саяси қызметке еркін араласа алады.
Серкенің рөлі әсіресе өзгермелі дәуір, өтпелі кезеңде зор болады. Мұндай жағдайда оған нақтылы мақсаттарды дұрыс түсміндіп, жылдам шешім қабылдауға тура келеді. Сонысымен көзге түседі.
Саяси серкеге қандай қызметтер лайықты. Олардың ішінде негізгілері мыналар: белгілі бір топтың көзқарастарын ескеру, білдіру және қорғау, қоғамның мүддесін өзінен жоғары қою, іс-әрекеттерді ұйымдастыра білу, білімділік, көрегендік, шешендік, саси мәдениеттілігі, әдептілік, әзіл-оспақты түсіне білуі, өзіне назар аударта білушілік және т.б.
Сонымен қатар әр түрлі дәуір, әлеуметтік топтар мен таптар әр түрлі қасиеттері бар жетекшілерді қалайды. Айталық футбол командасының капитанынан бір қасиеттер жарасса, ғылыми ұжымды басқаруға олар ыңғайсыз болуы мүмкін, ал саяси ұйымдарға жетекшілік етуге үшінші қасиетер қажет болады.
Саяси қайраткерлердің мәртебесі бірдей болғанымен, олар өз ролін әр түрлі түсінуі мүмкін. Біреулері шынымен де саяси серке болса, біразы соларға ұқсампаз болады. Ондай саяси қайраткерлер ең алдымен, қалай да жұртқа ұнау соның арқасынла өзінепайдалы саяси бейне жасау үшін қам жейді. Мұндай адамды көбіне популист деп атайды.
Марксистер тарихтың қозғаушысы халық дейді.
Ұлы тұлғаларды шексіз дәріптеу жеке басқа табынуға әкеліп соқтырады. Ол азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған елдерде дамиды. Жеке басқа табыну көбіне бірпартиялық әкімшілік кезінде бірқатар социалистік елдерде етек алды. Мысалы, оларға жататындар : Сталин, Мао-Цзе-Дун, Ким ир Сен, Броз Тито және т.б. Жеке басқа табынушылық тумауы үшін демократияны барынша дамыту, адамзаттық, құқықтық мемлекеттік орнату қажет.
Мысалы, билік қарым-қатынастарының салмақ түсер тұсы – элита мен бұқара арасындағы орталыққа жақын, қолайлы саяси жүйе. К. Поппердің пікірі бойынша, демократияның негізгі мәселесі – элитаға бақылау орнату ісі болып саналады.
Қазіргі қазақстандық саяси элитаның қандай ерекшелігі бар? Біздіңше, Қазақстандағы саяси элитаның құрамын жаңадан толықтыру үрдісі бірінше бағытпен өрбуде. Осы процестің негізгі тәсілдерінің бірі – Парламентке еркін сайлаулар өткізу. Бұл әрқилы әлеуметтік топтардың саяси элита қатарынан орын алуға үміттенуге мүмкіндік береді. Алайда, мынандай да мәселелер байқалып жүр: саяси құрамды жаңадан толықтыру яғни саясаттағы басты рөлдерді жауапкершілікке алатын қызметкерлерді даярлау мен іріктеу поцесі, көбінесе, кәсіби қабілеттілік емес, қайта жеке байланыстар мен рулық-тектік яки жегжаттық негізде жүзеге асады. Қазіргі Қазақстан элитасын мынадай әлеуметтік-экономикалық топтарға:Қазақстан Республикасының министрліктері мен мемлекеттік комитеттерінің элитасына, өнеркәсіптік-қаржылық, аймақтық-салалық топтарға, мұнай-газ, банк-қаржы салаларының топтарына бөлуге болады. Алайда, саяси элитаның осы топтарының, оның ішінде саяси әйелдер элитасының қызметі, бұқаралық ақпарат құралдарына толық жазылып жүрген жоқ. Мұның өзі сарапшылардың «Қазақстанның мемлекеттік билік құрылымындағы ықпалды топтары томаға тұйықтық пен толықтай құпиялық ахуалында әрекет етеді» деуіне негіз болып отыр.
Саяси элита мәселелері сондай-ақ білім беру мәселелерімен де, елді басқаруға кадрлар даярлау ісімен де көп жағдайда байланысты болмақ. Ерекше элиталық тектегі ең беделді жоғары оқу орындары, университеттер бар екендігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Олардың түлектері, түбінде, елді басқару тізгінін қолдарына алады. Бұған Оксфорд, Кембридж, Бостон, Сорбонна, Колумбия университеттері жатады. Әлемдік білім беру ісіндегі осынау ең мәртебелі университеттер бастапқы сатылық кезеңде ең дарынды да қабілетті жастарды анықтап алуға мүдделі; содан соң олармен аса күрделі бағдарлама бойынша жұмыс істеп, өзінің сипаты жөнінен қалыптан тыс, шығармашылық міндеттерді шешуге дайындайды, сол арқылы болашақта басқару ісіне біліктілікпен. Қатысуға итермелейді. Бұған қоса университет студенттері мемлекеттік мекемелерде тәжірибеден өтіп, басқару ісіндегі өз қабілеттері мен таланттарын көрсете алады.
Еліміздегі осы тәріздес оқу орындарын қалыптастырудың алғашқы қадамы ретінде Қазақстанның экономика, менеджмент және болжау институтын мысалға келтіруге болады.
Шетелде, негізінен, АҚШ-та Президенттің «Болашақ» атты бағдарламасы шәңберінде білім алып оралған жастар республикамыздың жаңа бастамалардың ұйтқысы болып отыр. Өзге елдерде баламалық білім алуға мүмкіндік тууы әрқилы ортадан шыққан элитаның интеллектуалдық әлеуетін сөзсіз арттырып, әлем болмысын көріп-танудың өзгеше өресін, жұмыс істеудің өзгеше әдібін қарастыратыны анық. Шетелге оқуға жіберілетін жастарға қатаңдау талаптар белгілеу де осы жүйені тұтастай демократияландырып, жең ұшынан жалғасқан жеке бастық; рулық байланыстар ырқына тосқауыл қояды, сөйтіп, біліктілік пен қабілеттің абырой-беделін көтеруге септігін тигізері хақ. Еліміздің элитасын қалыптастырудың тағдыры да, бүтіндей алғанда азаматтық қоғам құру мен оны дамытудың келешегі де нақ осы мәселеге – республиканың талантты жастарын көтермелеп, мемлекеттік тұрғыда қолдануға мүмкіндік жасауға тікелей байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет