Лекция Ағаш конструкциялары туралы тарихи шолу. Ағаш және пластмасс конструкциялардың түрлері мен қасиеттері



бет6/23
Дата25.11.2023
өлшемі3,58 Mb.
#126359
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
агаш лекция

Ағаш жоңқалы тақталарын(ПС және ПТ) синтетикалық шәуірмен жоңқаларды қысыммен ыстық пресстеу арқылы алады.
Тақталарды бір немесе екі жағынан ағаш шпонымен, фанерамен, қағазбен, пленкамен қаптайды. Сыртқы тақталардың механикалық көрсеткіштері жоғары болып келеді, сырты жазық және түрі жақсы болып келеді.
Ағаш жоңқалы тақталарды жиһаз жасауда қолданады, төбелерді бекітуде, қабырғаларды өңдеуде және дерелерде де қолданады.
Ағаш талшықты тақталарды (ДВП) сортты емес ағаш қалдықтарынан жасайды, оларды жоңқаларға езіп талшықты материалға дейін жеткізеді. 5% синтетикалық суға төзімді шәуірді қосу арқылы қатты тақталарды алады, ал 10%-ке дейін жеткізгенде аса қатты тақталарды алады.
Қабырғаларды, ара жабын және жабындарды жылыту, дыбыс изоляциясы және өңдеуде, есік жасауда қолданады.
Шыны пластиктар деп аса берікті бетті материал, байланыстырғыш ретінде синтетикалық шәуірлерді, ал толтырғыш ретінде шыны талшықтары, шыны маталары болып келетін материалды айтады. Бұл талшықтар шыны пластиктарын берік етеді.
Құрылыста шыны пластиктар өзінің беріктігі үшін аса көп таралған, сонымен қатар, олардың сызықтық тығыздығы аз, жақсы электро-, жылу-, және дыбыс изоляция сипаттарына ие, гигроскоптік көрсеткіші аз және химиялық төзімді материал болып табылады.
Құрылыста қоршау конструкцияларында (қабырға және төбе панельдерінде), санитарлы-техникалық бұйымдарда, декоративті қаптау материалдарында, бетон консрукцияларының дерелерінде қолданады.

Лекция 4. Ағаш конструкциялар біріктірулері және оларды есептеу. Жабын төсеніштері, арқалықтар, рама конструкциялар

  1. Ортасынан созылуға есептеу.

  2. Ортасынан қысылуға есептеу.

  3. Иілетін элементтер

1 Ортасынан созылуға жұмыс істейтін элементтер ең әлсіз қима бойынша есептеледі:

σр=N/Fнт≤Rpmo

(4.1)

mo=0,8 коэффициенті әлсіз жерлерде пайда болатын кернеу концунтрациясын ескереді. Fнт–ні анықтаған кезде ағаштың талшықты құрылымын ескеру қажет.

Сурет 14,1. Элементтің ортасынан созылуы.
Элементтің бұзылуы зигзаг тәрізді болады (сурет 14,1).
2 Беріктікке есептеу келесі формуламен жүргізіледі:

σс = N/Fнт ≤ Rс

(4.2)

Аса ұзын сырықтар үшін бойлық иілуді ескеру қажет

φ = 1- а (λ/100)2

(4.3)

Ағаш үшін а= 0,8, фанера үшін а = 1.

Сурет 14,2. Қысылуға есептеу үшін.
а- кернеуге байланысты деформациялар; б- бойлық иілу коэффициенті; в- элементтердің әлсіз жерлері.
3 Ағаш элементтерін иілуге жақындатып жасайды. Беріктікті иілу кернеуі максималды болатын қима бойынша және әлсізденген жерлерде тексереді.

Сурет 14,3. Иілуге есептеу үшін.

σи = М/Wнтmб ≤ Rи

(4.4)

Wнт–ні анықтаған кезде 200 мм ұзындықта жатқан әлсіз жерлерді бір қимаға біріктіреді; mб- қима өлшемдерін ескеретін коэффициент.
Қисық иілу, жүктеу әсер ету өсі қиманың симметрия өсімен әсер етпегенде пайда болады, мысалы прогондарда(сурет 14,3).
qx= q sinα; qy= q cosα;
Mx=qxl2/8; My=qyl2/8;

σmax= Mx/Wy + My/Wx≤Ru

(4.5)

WxжәнеWy– прогон қимасының кедергі моменті.
Wx =bh2/6; Wy=hb2/6

F=√f2x+f2y ≤fпред

(4.6)

1- аса қысылған нүкте; 2- аса созылған нүкте.
Қысылып иілген сырықтар деп бір мезетте иілу моментін және бойлық күшін қабылдайтын сырықтарды айтады (сурет 14,4).

Сурет 14,4. Қысылып иілген элементтердің иілістері.
Беріктікке тексеру:

σ= N/F + M / Wξ ≤Ru

(4.5)

ξ<1- сырықтың деформациясынан болатын, бойлық күштің әсерінен иілу моментінің көбеюін ескеретін коэффициент.

ξ=1-N / φRcFбр

(4.6)

Созылып-иілетін элементтерде иілу моментінен басқа сырықты созатын күштер әсер етеді. Кері әсерлі қосымша моменті негізгі моментті азайтады. Оларды есептерде ескермейді, ағаштың ақаулықтары есебінен.




 Ағаш элементтерінің қосылуы.

  1. Қосылыстардың негізгі түрлері, бөлу принципі.

  2. Сынамен қосылу.

  3. Шеге жұмысының ерекшелігі.

  4. Металлды тісті пластиналар арқылы қосу.

  5. Желімдеу арқылы қосу.

  6. Кертіктер арқылы қосу

1 Құрылыста қолданылатын ағаш материалдары бөрене немесе кесілген түрде максималды өлшемдері келесідей болуы керек, көлденең қимасы 25-28см, және шектік ұзындығы 6,5м. Үлкен аралықты немесе биік конструкцияларды элементтерді жалғаусыз елестету қиын.
Мақсаты бойынша:

  • Ұзарту- элемент ұзындығын көбейту (сурет 15,1 а, б);

  • Қосу- қима өлшемдерін үлкейту (сурет 15,1 в, г);

  • Түйінді қосылыстар


Сурет 15,1. Қосылыс түрлері.
а- қисық шабу; б- желімделген тісті қосылыспен; в- болтпен; г- желім көмегімен.
Жұмыс түріне байланысты қосылыс түрлері:

  • Желім көмегімен, қозғалуға жұмыс істейді;

  • Сына көмегімен, иілуге жұмыс істейді;

  • Шабылған жерлерде, күш бір элементтен екіншісіне ешқандай қосылыссыз беріледі;

  • Созылатын қосылыстарда- болт, қамыт, тұтқа арқылы, созылу жұмысы жүреді.

Қосылыстар зауытта немесе құрылыс алаңында жасалады. Барлық қосылыстар, желімделгеннен басқасы, икемді болып келеді. Есептік жүктемелердің өзінде қосылатын элементтер арасында қозғалу пайда болады. Желімделген қосылыс қатты болып келеді, қозғалыс байқалмайды.
Қосатын элементтердің қаттылығы бірдей болу керек, желім шегелі немесе желім нагельді қосылыстар кездеспейді.
Ағаш конструкцияларының элементтерінің қосылысы келесі талаптарға сай болуы керек:

  • Конструкцияны жасауда еңбек шығыны аз болуы керек;

  • Қосылатын элементтердің қималары қатты әлсізденбеу керек;

  • Қосылыстар тығыз байланысу керек (саңылаусыз), деформацияны болдырмау үшін;

  • Эксплуатация және дайындау кезінде сапаны бақылау жеңіл болуы керек;

  • Жұмыс кезінде сенімді болу керек және ұзақ мерзімді жүктеуден кейін орнынан ауыспау қажет.

Серпімді қосылыстарды болдырмау қажет, олардың бұзылуы күрт болады және аз деформация кезінде. Көзге көрінетін ақаулықтардың жоқтығынан алдын ала шараларын қолдану мүмкіндігі жоқ болады. Морт сыну шабылған қосылыстарда көп кездеседі.
Тұтқырлы қосылыстарда ұзақ жүктеудің әсерінен деформация баяу өседі. Тұтқырлы қосылыстарға сына және шегелер жатады, ағаш бұл жерде мыжылуға жұмыс істейді.
Қосылыстарға тұтқырлық қасиетін беру үшін бөлшектеу ережесін қолданады, ол өз кезегінде, жарылатын аймақтың көлемін көбейту арқылы жарылуды тоқтатады. Бір шоғырланған қосылыстың орнына әр жерде шоғырланған тұтқырлы қосылыстарды орнату көтергіш қасиетін әлдеқайда көтереді, болат шығыны бірдей болғанымен (сурет 15,2).



Сурет 15,2. Бөлшектеу әдісінің көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет