Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары



бет54/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
Лекция курылыс материалдары-3

Табиғи олифтер. Оларды дайындау үшін сора мен зығыр және басқа өсімдік майларын пайдаланады. Қазіргі уақытта табиғи олифтерді өте аз мөлшерде өндіреді.
Оксоль олифы. Бұл олифтың бірнеше түрі (маркасы) бар. Оларды дайындау үшін кәдімгі табиғи олифты өндіруге жарамсыз майсана мен бұршақтан өндірілген және басқа майларды пайдаланады.
Арнайы өңдеу арқылы майды қою тұтқырлы затқа айналдыруға қол жетеді. Заводта, осындай массаға, өзінің салмағына тең еріткішті (уайт-спирит) қосып олифтің аталған түрін алады. Бұл ретте майдың көлемі 50%-ке дейін үнемделеді.
Түйдекдескен олифтер. Олардың көптеген түрлері бар, осыған қарамай оларға сиккатив қосылған әртүрлі майлардың уайт-спириттегі 70%-тік ерітіндісі болып табылады.
Глифталды олифтер. Дайындау үшін өсімдік майы, глицерин және фталды ангидрид, сиккатив және органикалық ерітінділер (50%) керек. Глицерин мен фталды ангидридтен глифталды шайыр пайда болады. Глифталды олифтің, атмосфера әсеріне тұрақтылығы, құрамында майдың мөлшері екі есе аз болуына қарамастан, табиғи зығыр олифінен қалыспайды.
Пентафталды олифтерді, сиккатив пен ерітінді ретінде уайт-спирит қосылған және өсімдік майымен түрленген, пентафталды шайырдан алады. Қасиеттері глифталды олифке ұқсас.
Олиф сапасының бастапқы көрсеткіші болып мыналар қабылданған: түсті, мөлдірлігі, қабыршықтың жұмсақ майысқақтығы мен ұзақ уақыт бұзылмай пайдалануы.
Жасанды қабыршықтандырушылар. Мұндай қабыршықтанушы-лардың құрамында өсімдік майы жоқ. Бұлардың түрлері сан алуан және жылдан жылға ұлғайып келеді. Пайдаланған полимердің түріне орай тек лактар, бояулар және эмалдар ғана емес, сондай-ақ алғашқы бояу қабаттарында және сылақтарда іске асып аттарын анықтайды.
1. Алкидты материалдар. Оларды алкидты немесе полиэфирлі шайырлардың негізінде өндіреді. Айтылып отырған шайырлар көпатомды спирттерді көпнегізді қышқылдармен поликонденсациялау арқылы алынған продукталар. Дайындалған құрамдарға бірнегізді майлы қышқылдарда енеді.
2. Алкидті –стиролды материалдар. Оларға ішінде алкидты шайырдың стиролмен әрекеттесуінен шыққан продукталар енеді. Лакты бояулы материалдарға әртүрлі эпоксидті шайыр топтары енуі мүмкін, бірақта көбінше оларды ортада эпихлоргидрин мен фенолдан синтездейді.
3. Полиуретанды. Осындай аталатын шайырларды полиспирттер мен полиизоцианаттан алады.
4. Кремнийорганикалық (силиконды). Бұларға сай келетін шайырлар құрамында кремний мен оттегінің атомдары алма-кезек ауысып келіп тұрады.
5. Акрилды. Мұндай атты шайырларды акрилды, метакрилды қышқылдар мен олардың туындыларын полимеризациялау арқылы алады. Кейбір полимерлерді тек бояуда, лакта, эмалда қабыршақтанатын зат есебінде ғана емес, сонымен қатар басқа да мақсатқа жұмсалады. Олардың арасындағы ең қызықтысы силикондар. Оларды дымқылсыздандыратын қанықтырғыш сұйықтар есебінде қолданады.
Қашан силиконның жұқа қабатын бетонның, гипстің, мәрмәрдің және басқа кейбір материалдардың бетіне жаққанда, силиконның молекулалары қатаң тәртібпен орналасады – заңды бағытталған, яғни молекуланың «бас» жағы өңделген қатты денеге жабысады да, ал көмірсутегті радикалдары сыртқа қарай бұрылған болады. Өңделген соң материалдың үсті майда, керек десеңіз микроскоппенде көрінбейтін органикалық тармақтармен түксиіп тұрған сияқты. Шуғаның, бархыттың, фанельдің және басқа да материалдың түгімен салыстыру, силиконды қабыршық үстінің құрылысы туралы біраз түсінік береді. Силикондар молекуласының органикалық сандарынан пайда болған «молекулярлық түк» -ке су жұқпайтын, керек десеңіз үстіне тамған суды тебетін тамаша қасиеті бар. Сондықтан силиконды жабылымның, қалыңдығының бар болғаны бірнеше ғана микрон бола тұра, жұқа қабаттың жоғарғы гидрофобтығы бар.
Қаптамалы және басқа материалдарды кремний органикалық қосындылармен өңдегенде, олардың атмосфералық әсерлерге тұрақтылығы анау айтқан өседі. Ғимараттың сыртқы қабырғаларын, желді жаңбырдың әсерінен (қисық жаңбыр), осы әдіспен қорғайды, атмосфералық жауын шашын әсерін жұқа қабырғалардың ылғалдануы, көбінше үй ішіндегі микроклиматты нашарлатады. Кремнийорганикалық қосындылармен өңделген беттің түсі мен реңі бұзылмайды. Силикондармен қанықтыру, 6-10 жыл бойына, қорғау әсерін сақтайды, айтқан уақыт өткен соң, өңдеуді қайталау керек. Құрылыс бұйымдары мен дайын конструкциялардың қырлы беттерін қанықтырып өңдеуде қолданылатын кремнийорганикалық қосындыларды, химия өнеркәсібінің мекемелері ГКЖ (су жұқпайтын кремнийорганикалық сұйық) деген атпен шығарады.
Пигменттер – бұлар майдадисперслі түсті ұнтақтар. Олардан тек түсті ғана емес, сонымен қатар белгілі дәрежеде болған жабылымның ұзақ қызмет істеуіне байланысты, себебі пигменттер, толтырғыштардың бетон мен құрылыс лайларындағы сияқты бояулы қабаттың қату мен қоршаған орта ылғалдылығының өзгеруі кезіндегі байқалатын көлемдік деформацияны азайтады. Сонымен қатар пигменттер, бетон мен лайлардағыға ұқсас, бояулы құрамды арзандатып, экономикасына әсер етеді.
Лак пен бояу заводтарының шығаратын продукталарында, сондай-ақ құрылысшылардың жұмыс орнында өндіретін бояулы құрамдарында, бәрінен көбі анорганикалық пигменттерді қолданады. Кейде кебу бояу деп аталатын осы пигменттерді түсті цемент пен сәнді бетондарды дайындауда қолданады, сондықтан кейбір жеке пигменттердің қасиеттерін сипаттау төменде келтірілген.
Көп жағдайларда, анорганикалық пигменттер негізінен тұздар мен метал тотықтарынан тұрады, ал кейде түгелдей дерлік толығымен тұздар мен тотықтардан құрылады. Мысалға, қарапайым ақ пигмент деп саналатын бор-кальцийдің көмір қышқылды тұзы болып табылады. Басқа ақ пигмент – мырышты ақ сыр – бұл мырыштың тотығы.
Табиғи материалдардан және жасанды күйінде алынатын белгілі пигменттер бар, мысалға темір жосасы, охра, мумия – табиғи пигментке, ал ақшыл түсті көк пен темір көкшілін жасанды пигментке жатқызады.
Органикалық пигменттер анорганикалық пигменттерге қарағанда әлдеқайда аз. Мысал ретінде органикалық пигменттерге бояулық күйе мен «жарыққа төзімді сары пигмент», «ал-қызыл пигмент», «қызыл пигмент» деп аталып жүрген кейбір органикалық қосылыстарды жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет