Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


- с у р е т. Гүлдегі жатыннын эр түрлі типтері



бет61/73
Дата04.10.2022
өлшемі7,76 Mb.
#41359
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73
Байланысты:
Ботаника лекция

109 - с у р е т. Гүлдегі жатыннын эр түрлі типтері;
1 - үстіңгі жатын, 2 - 3 - ортаңғы жатын, 4 - төменгі жатын;
5 - жартылай төменгі жатын.

Синкарпты гинецейде жеміс жапырақшаларының жиектері терең еніп кірігеді де, көп ұялы жатын түзеді. Тұқым бүрінің плацентациясы бұрышты (лалагүлділер, алқалар) келеді.


Паракарпты гинецей жиектері онша терең кірікпеген бірнеше жеміс жапырақшаларынан тұрады. Сөйтіп бір ұялы жатын түзеді. Тұқым бүрінің плацентациясы қабырғалық (асқабақтар тұқымдасы, қарлығаң).
Лизикарпты гинецей паракарпты сияқты бір ұялы жатын түзетін бірнеше жеміс жалырақшаларынан тұрады. Айырмасы тұкым бүрінің плацентациясы бағаналы (қалампырлар тұқымдасының көптеген өкілдері).
Жабық тұымды өсімдіктердің тұқым бүршігі (тұқым бүрі) жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің мегаспорангиясы мен және жалаңаш тұқымдылардың тұқым бүршігімен гомологиялы. Бірақ бір айырмашылығы мегаспоралар мен гаметофиттің қалыптасуы мұнда басқаша өтеді.
Тұқым бүршігі жеміс жапырақшасында пайда болатын меристемалық төмпешіктен қалыптасады. Дамуының бастапқы кезіңде тұқым бүршігінің негізінде сақиналы біліктер тәрізді болып интегументтердің бастамасы пайда болады. Толық қалыптасқан тұқым бүршігі екі, сирек жағдайда бір жабыны бар көп жасушалы дене. Тұқым бүршігінің негізгі құрамды бөліктері мыңалар: (121-сурет) фуникулюс немесе тұқым тірсегі, нуцеллус, интегументтер, микропиле немесе тозаң саңылауы, халаза. Тұқым тірсегі қысқа, ол арқылы тұқым бүршігі плацентаға бекінеді. Нуцел­лус — тұқым бүршігінің ядросы. Интегументтер нуцеллусты бір жағынан, көбінесе тұқым бүршігінің жоғарғы жағынан, кішкентай саңылау қалдырып қоршап тұрады. Ол микропиле немесе тозаң саңылауы деп аталады. Тұқым бүршігінің микропилеге қарама-қарсы орналасқан жағы халаза делінеді.
Тұқым бүршігінің мыңадай негізгі бес типін ажыратады: 1) ортотропты немесе түзу тұқым бүршігі (121-сурет, 1). Мұнда микропиле мен фуниуклюс бір өстің бойында орналасады. Тұқым тірсегі әдетте өте қысқа (қарақұмық, бұрыщ, алабота); 2) анатропты немесе төңкерілген тұқым бүршігі (121-сурет, 2). Бұлар 180°-қа бұрылын, микропиле мен тұқым тірсегі қатар жатыр. Жабық тұқымдыларда кең таралған тұқым бүршіктерінің типі (шатыршагүлділер, валерианалар, тұқьщдасы); 3) гемитропты немесе жартылай төңкерілген тұқым бүршігі (І21-сурет, 3). Мұнда нуцеллус пен интегументтері плацента мен
фуникулюс тұрғысынан алғаңда 90°-қа бұрылған. Алдыңғы екі типтің аралығын қамтиды (сабынкөктер тұқымдасының кейбір өкілдері); 4) кампилотропты немесе біржағына майысқан тұкым бүршігі (121-сурет, 4). Нуцеллус және интегументтерінің бір жаққа қарай өсуімен ерекшеленеді (бұршақтар тұқымдасынының көптеген өкілдері); 5) амфитропты немесе екі жақты майысқан тұқымбүршігі (121-сурет, 5). Нуцеллустың пішіні таға тәрізді.
Кампилотропты тұқым бүршігі тән тұқымдастардың кейбір
өкілдерінде кездеседі. Жатында тұқым бүршігі біреуден бірнешеге дейін жетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет