Өзін-өзі шынайы бағалау. Өзін-өзі жоғары бағалайтын көшбасшылар әдетте өздерінің мықты жақтарын және олардың шектерін де біледі. Олар жаңа дағдыларды үйренуге дайын өз жұмысына айтылған сын-пікірді мойындап, өзін позитивті ұстайды. Өзін-өзі адекватты бағалайтын көшбасшылар қай кезде көмек сұрау қажеттігін және жаңа көшбасшылық қасиеттерді дамытуда неге көңіл бөлетіндігін біледі.
Бақылау өзіне сенім.Өзінің мүмкіндіктерін шынайы бағалау өзінің мықты жақтарын толыққанды пайдалануға мүмкіндік береді. Өзіне сенімді көшбасшылар қиын тапсырмаларға қуана кіріседі. Мұндай көшбасшылар топтан ерекшеленіп, өзінің лайықты қадір-қасиетін сезініп, шындық сезімін жоғалтпайды.
Өзін-өзі бақылау Эмоцияны тежеу. Осындай дағдыға ие болған көшбасшылар өздерінің жойқын эмоциялары мен импульстарын басқарудың тәсілдерін табады, тіпті оларды істің пайдасына жаратады. Өз сезімдерін басқара алатын көшбасшы - ауыр стрессте де, дағдарыс кезінде де сабырлы және парасатты болып қала беретін көшбасшы - ол проблемалық жағдайға тап болған кезде де сабырлылық сақтай алады.
Ашықтық. Өзіне және айналасындағыларға адал басшылар өздерінің құндылықтарымен үйлесімді өмір сүреді. Ашықтық - өзінің сезімдері мен сенімдерін шынайы көрсету - адал қарым-қатынасқа ықпал етеді. Мұндай басшылар өз қателіктері мен сәтсіздіктерін ашық мойындайды және оған көз жұмбай, өзгенің этикаға жат қылықтарымен күреседі.
Бейімделу. Бейімделгіштік қабілеті бар көшбасшылар әртүрлі талаптарға епті, олар бағыты мен күш-жігерін жоғалтпай, ұжым өмірінің қиын-қыстау сәтінде де сөзсіз өздерін жайлы сезінеді. Мұндай көшбасшылар қиындықтар мен өзгермелі жағдайларға икемділікпен бейімделіп, жаңа деректер мен жағдайларға қатысты инертті ойламайды.
Жеңіске деген еркіндік. Осы сапаға ие көшбасшылар оларды жетілдіруге ұмтылуға мәжбүр ететін жоғары жеке стандарттарды басшылыққа алады - өз жұмысының сапасын және қарамағындағылардың тиімділігін жоғарылатады. Олар прагматикалық, алға қойған мақсаттары ерекше биік емес, бірақ талапты және осы мақсаттарға жету үшін тәуекелді есептей алады. Жеңіске деген ерік белгісі - басқаларға тиімді жұмыс істеуді үйренуге және үйретуге деген үнемі ұмтылыс.