Спорттық қозғалыс - әлеуметтік қозғалыстың ерекше түрі, спорттың құндылығының жаратылуы, дамуы, сақталуы, алмасуы және қажеттілігі спорттың көмегімсн тұлғалықты қалыптастырудың бірден-бір жолы, қоғамның жұмыс күнін, жеңіп алған демократияның белсенді қорғаушыларын дайындау тарихы қамтамасыз етілген процесс. Спорттық қозғалыс - көпшілікке ықпал етудін және идеологиялық күрестің маңызды бөлігі. Спортты таратудың мемлекеттік және өздігінен қоғамдық негізіндегі түрлері, дене тәрбиесі жүйесі мен халықаралық спорттық ұйымдар спорттық қозғалыстың құрылымдық бірліктері болып табылады.
Спорттық жетістіктер- спорттық қызметтін нәтижесі, бір спорт түрінің даму деңгейінің көрсеткіші. Ол спортшылардың күшін салыстыру және қарым-қатынас процесінде (жарыстық немесе басқа форма турінде) пайда болып, қозғалыстық қабілеттің үлгілі деңгейі болып табылады. Ал спорт, спорттық жетістіктердің құрылымдық бірліктеріне спорттық нәтюкелер мен спорттық рекордтор жатады.
Спортшыларды дайындау жүйесі– спортшыларды спорттың жетістіктерге дайындықтың ең жақсы дәрежесімен қамтамасыз етудің құралдарының, әдістерінің, ұйымдастыру түрлері мен жағдайларының жиынтығы. Спорттық жаттығу сабақтары, жарыстар, қалпына келтіру сипатындағы шаралар спортшыларды дайындаудың құрылымдық бірліктері болып табылады.
Спорттық жаттығу сабақтары – спортшылардың дене және психологиялық қабілеттерін дамытуды басқаруға бағытталған ұйымдаскан түрдегі педагогикалық процесс. Бұл ұтымның құрылымдық бірліктері балалар, жеткіншектер мен жасөспірімдердің, ересектердің, әйелдердің жаттығу сабағы болып табылады.
Спорттық жаттығу сабактарыньщ жүйесі - білімнің, приншггердің, әдістердін және спорттық жетістіктердің жиынтығы, сол сияқты жаттықтыру процесін ұйымдастыру және басқару жоніндегі тәжірибелік қызметі. Аталған ұғымның құрылымдық бірлігі: жекелей спорт түрі бойынша спорттық жаттығулар сабағының жүйесі.
Спорт мектебі - жаттықтырушы - мамандардың тобымен дамытуға, шығармашылық бағыты (концегщия, доктрина) тіршілігіне негізделген спортшыларды дайындаудың бірінғай жүйесі. Шығармашылық ізденістің, ұзақ уақыттағы практикалық тәжірибенін нәтижесі болып табылады. Спорт мектептерінің барын жоғары мамандандырылған жаттықтырушылар, спортшылар, спорттық мекемелер, арнайы әдебиеттер, жоғарғы спорттық жетістіктер куәлендіреді. Ұғымның құрылымдық бірліктері: топтастырылған спорт түрлеріндегі (спорттық ойындар, спорттық жекпе-жек түрлері, циклді спорт түрлері) спорт мектептері.