Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты



бет1/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Мамандыққа к лекция


1-2 лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі



  1. Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде

  2. Дене шынықтырудың тарихи сипаты

  3. Дене шынықтыру саласындағы тәрбиелік міндеттері

Дене мәдениеті дегеніміз өзінің ілімі және тарихы, өз маманы мен мекемесі, әдебиеті мен оқу базасы бар күрделі құбылыс. Дене мәдениетінің қоғамдағы орны мен мәнін дұрыс ұғу үшін жалпы адам мәдениеті жайлы ұтымды білу керек. Мәдениет (культура-возделование, обработка яғни қайта жасау, өңдеу) дегеніміз не?


Қоғамның дамуына қарай мәдениет деген ұғым, жаңа мазмұнда толықтырылды. Жалпы көпшілік қолданыста мәдениет-жеке адамның жүріс-тұрысы, киім киюдегі эстетикалық талғамы, ұқыптылығы, білімділігі, мінез-құлқы, кішіпейілдігі, өз-өзін ұстамдылығы және қоғамдық, кәсіби, сауда, өндіріс жұмыстарындағы мәдени қызметі.
Ғылыми негізде "Мәдениетке" барлық қоғамдық өмірдің формалары, адам қызметі түрлері жатады. Бұл бір жағынан адаммың материалдық және рухани қызметі процесінің, екінші жағынан - осы қызметтің қорытындысы, жемісі. Мәдениеттің мазмұнына байланысты кең ұғымдағы сезге мыналар кіреді: философия, ғылым, саясат, мораль, өнер, спорт, құқық, жеке адамның жан-жақты дамуы, адамның ойлау қабілетінің деңгейі мен сипаттамасы, оғіың сөз мәнері жатады. Мәдениетті адамға табиғат берген жоқ. Ол - адамның қоғамдық және жеке шығармашылығы.
Мәдениеттің негізі қоғамның материалдық жағдайы болып саналады. Материалдық мәдениетті (зат, құрал, біліктілік, бұлар материалдық өндірістің өнімі болып саналады немесе материалдық өмірге қызмет етеді) және жан азығы (жан азығы шығармашылығының өнімі) мәдениетін ажырату белгіленген.
Адам мәдениет кеңістігінде мына үш аспектіде әрекет-қимыл жасайды:
- мәдениетті ұғады, өткен адам ұрпақтары тәжірибесі негізінде қалыптасып құралған жанды және бағалы материалдық дүниені меңгереді;
- өзі жаңа мәдени байланыстарды табады, құрады сөйтіп ол мәдениеттін одан әрі дамуына негіз болады;
- мәдениеттің одан әрі даму, өркендеу қоры болатындай жаңа мәдени құндылықтарды өзі жасап, езі жүзеге асырады.
Сонымен мәдениет дегеніміз - бұл жасампаз адамның шығармашылық еңбегі.
Адамның дене және ой-сана қабілетінің дамуы, олардың өнегелік пен әсемдік қасиеттерінің сапасын, мәдени-тарихтың даму негізін және мазмұнын құрайды. Сондықтан, қоғамның материалдық және рухани мәдениеті, мәдениеттіқ ажырамас, міндетті құрамдас бір бөлігі болып табылады.
Дене мәдениеті, дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыстары арқылы, сонымен бірге табиғаттың табиғи күштерін, тазалығын және еңбек тәртібін, тұрмысын, демалысын ескере және тиімді пайдалана отырып, адамдарды өмірге және еңбекке баулып дайындауға бағытталған. Дене мәдениетінде қызметтік (саналық, педагогикалық, ұйымдастырушылық, шаруашылық және т.б.) және нәтижелік (спорттық жетістіктер мен табыстар, дененің шынығу дәрежесі мен көрсеткіштері, әдістік тәсілдері мен амалдары және т.б.) жақтары бар. Дене мәдениеті және спорт белгілі мағынада бүгін бір қоғамның жағдайына әсер етеді және оның әлеуметтік, саяси және адамгершілік құрылымын көрсететін бір түрі болып табылады.
Біздің қоғамымызда дене мәдениеті мен спорт бүкілхалықтық игілікке айналды, ал оны одан әрі дамытып өркендетуге атсалысу - қоғамның әрбір саналы да зерделі азаматтарының міндеті мен құқығы.
Дене мәдениеті саласында ерекше және жалпы мәдени мұрат-мақсаттары бірге орындала береді. Солардың ішінде, мысалыға, халықты мәдени құндылықтар өндірісі ортасына (қатысушы, жасаушы) тарту, зиялы кадрларды даярлау мен тәрбиелеу, белгілі бір көпшілік пен қауымды білімге, ептілікке, дағдыға, қажеттілікті дамытуға, өзін жеке тұлға ретінде танытуға және көсетуге, шығармашылықты, тарихты, ұлтаралық қарым-қатынасты және т.б. көрсету үшін, әртүрлі шарттарды, әдістерді, жолдар мен амалдарды пайдалануға жұмылдыру сияқтылар бар.
Сонымен бірге, дене мәдениеті қызмегінде тәжірибенің жинақталуы мен оның кейінгі ұрпаққа таралып отыруы, жаңа әдістердің, амалдар мен тәсілдердің жарыққа шығып пайдаланылып жүзеге асырылуы, адамдардын ақыл-ойына, психологиясына ықпал етілуі үнемі айқын көрінетіні байқалады.
Жеке тұлғаның рухани дамып жетілуі, оның жұмыс уақытындағы қызмет түрінде ғана емес, сол сияқты бос уақытында да анықталады. Адамның мәдени деңгейінің қаншалыкты екені оның демалыс уақытының өзін ұтымды, әрі тиімді және толыққанды пайдалана білуінен байқалады. Дене мәдениеті және спорт, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени қызметтер жүйесінде бос уақыты тиімді пайдалануды қамтамасыз етуде маңызды орын алады.
Дене мәдениетінің адам қызметтерінің әртүрлі саласымен күрделі, әрі жан-жақты байланысы, өзінің ой-санасы мен даму заңы, өзара ішкі күрделі байланысы мен өзара тәуелділігі, өзінің әдісі мен тарихы бар.
Адам қоғамының тарихында тіршілік етіп өмір сүрген халықтар мен мемлекеттердің қайсібірін алсак та, дене мәденетінің ең қарапайым түріне болса да, қатысы болған. Дене мәдениетінің даму деңгейі мен оның қалыпты деңгейі кай кезде болғанда да географиялық ортаға, еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарттары мен жағдайына, өндірістік күш пен мәдениеттің, әлеуметтік экономикалық және әртүрлі қозғаушы күштердің даму мен жетілу дәрежесіне байланысты болып келген.
Дене мәдениеті материалдық қарым-қатынас пен еңбек, өнер мен дәстүр мәдениеттері сияқты, адамның дүниеге келуі мен қалыптасып жетілуі қоғамында пайда болады және дамиды.
Еңбек түрлерінің жетілу деңгейінен және табиғи жағдайлардың өзгеруінен, адамдардын қоршаған өмірге, еңбек құралы мен өндіріс жабдықтарын дұрыс пайдалана білу дайындығының рөлі артты. Әрине, барлық бұл процесстер барынша жәй, мыңдаған жылдар бойы дамыды. Өткен уақыттар барысында адамдар еңбекке дайындалу мен оиың нәтижесінің арасындағы байланысты саналы түрде терең меңгерді және еңбек тәрбиесінің маңызы мен мәнін тереңірек түсіне бастады.
Ең бірінші және алғашқы ерте дүниедегі дене мәдениеті амалдарының бірі ол адамдардың еңбек қажеттілігінен туған, қызметтік іс-әрекетіне байланысты табиғи қозғалыстар еді. Алғашқы қауымда дене тәрбиесін ең бірінші ұйымдастыру түрі, ол ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар болды. Бұл ойындарда адамның еңбек қызметінің шартты түрі бейнеленген. Бірақ ерте дүниедегі ең айқын қауым ойындарының өзі де қарапайым еңбек қызметіне ұқсас болған емес. Еңбек, ойындарда механикалық айқындалған түрінде емес, шығармашылық талдау қорытындысы барысында көрінеді. Ойын, айқын қауым адамдарының одан әрі дамуының бүтіндей бір өзіндік маңызы бар қызметіне айналды.
Айқын кауымдық қоғамдағы ойындар мен денешынықтыру жатгығуларынын қаншалықты қарапайым болғанымен, олардың адамдарды қалыптастыру мен дамытудағы тәрбиелік және ұйымдастырушылық мәні мен маңызы өте зор болды. Ойындар мен денешынықтыру жаггығулары ойлауды, тапқырлық пен зеректіктің дамуына және ептілікті, жігерді нығайтуға, іс-әрекеттерге ұйымдасқан түрде атсалысу әдеттеріне тәрбиелеуге мүмкіндіктер туғызды.
Дене мәдениеті құлиеленушілер қоғамында таптық сипатқа және әскери бағытқа ие болды. Оны құлиеленушілер мемлекет ішіндегі қаналушы бұқараны басып-жаншып отыру және жаулап алу басқыншылық соғыстарына жүргізу үшін, әскери күшті жасақтаудың ерекше бір амалдары ретінде пайдаланды. Бұл үшін әскери-денешынықтыру тәрбие жүйесі, арнайы оқу орындары құрылды, арнайы ғимараттар мен құрылыстар салынып, әртүрлі дене жаттығулары өткізілді. Дене тәрбиесі көсібі пайда болды.
Құлиеленуші құрылысы басқа салалар сияқты, дене тәрбиесіне де өзінің таптық құрылысқа мәнді бет-бейнесін көрсететін көзқарасы мен құрылымын тудырды. Ежелгі Грецияда денені шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануды поэзия, музыка, драматургия, шешендік өнермен, әскери іспен, мемлекеттік қызметпен бірдей бағалады. Ежелгі грек философы Платон жаза алмаған және жүгіре, жүзе білмегендерді "кемтар" деп атап өткен. Көптеген грек құлиеленушілері, жер иеленушілерге және қолөнершілерге қарағанда шындығында да жан-жақты, әрі үйлесімді дамыған адамдар болған.
Бұл дәуірде еңбекші бұқара халық, денешынықтыру тәрбиесі ортасынан толығымен шығарылған еді. Еңбекке қажеттілігінен туған дене мәдениеті, еңбекпен уақытша байланысын үзуге тура келді. Ерте дүние олимпиада ойындары мен жарыстарына ерте дүние гректері медицинасынын негізін калаушы Гиппократ, философ Сократ, математик Пифагор, драматургтер Софокл мен Европидтер қатысты. Грецияда әрбір жазушы мен ақын спортты мадақтап дәріптеуді өзіне құрмет, абырой деп санады. Ежелгі грек ақындары Томер Геродот, Ксенофонттардың өздерінің шығармаларын дене тәрбиесі мен әртүрлі жарыстарға арналғаны туралы мәліметтер көп. Философ Платон өзінің саналы мемлекетті құру жобасын жасағанда барлық адамдардың жастайынан міндетті дене тәрбиесімен шұғылданып, айналысуы керек екеніне ерекше көңіл аударды.
Феодалдық дәуірде, халықтың денешынықтыру дайындығы, еңбек қызметі мен әртүрлі қарапайым жарыстары, тұрмыстық мәдени немесе әскери түріндегі қимылдық-қозғалыстық ойындары негізінде жүзеге асырылды. Бұл бүтіндей заңды құбылыс, себебі дене тәрбиесі, тікелей еңбек қажеттілігінен туындаған, ал ол, тек құл иелену кезеңінде ғана өнерлі, жасанды түрде халықтан аластатылды. Көптеген халықтық көңіл көтеру сауықтық ойындары мен денешынықтыру жаттығуларының жүздеген жылдар бойына өздерінің еңбек пен тұрмысқа тікелей немесе жанама түріндегі байланыстарының сақталып келгені кездейсоқ емес.
Мысалыға, Қазақ жерінде белгілі бір уақытта, бір жерде тарихи қазақ шайқастарындағы жауынгерлерінің ерліктерін, сонымен бірге Қазақ елінің ғылымы мен білімінің, өнері мен мәдениетінің, діні мен ділінің, рухы мен тілінің өркендеп есіп, дамуына орасан зор үлес қосып еткен асыл да, ардақты азаматтары мен перзенттерін еске алуға байланысты ас, жиын, жәрмеңке, тойлар мен бас қосуларда ұлттық ойындар өткізіліп отырған. Ол ұятсық ойындарда, жарыстар мен бәсекелерде қазақ халқының мінөзінің ақ көңілділігі мен қарапайымдылығы, кішіпейілдігі, батырлығы, суырып салма ақындығы мен шешендігі, күштілігі, жігерлігі, ептілігі мен жылдамдығы сезімдерінің кең өрісі байқалады.
Бұл ойындар көптеген Қазақ әдебиеттері мен өнер шығармаларында сақталып қалды. Ақан Серінің "Құлагер" поэмасында, халықтық эпостар "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Ер Тарғын", "Ер Төстік" және тағы басқаларды естеріңізге түсіріңіздер.
Орта ғасыр және жаңа заман ойшылдары (Ф.Рабле, Т.Мор, Т.Кампанелла) саналы адамзат қоғамын құруда өз пікірлерінде дене тәрбиесін саналы қоғамның ажырамас бір бөлігі деп есептеп, халықтың денесін шынықтыруды дамыту қамына қамқорлық жасау, мемлекеттің міндеті болады деп тұжырымдаған.
Феодалдық дәуірде үстемдік етуші таптар, халықтық дене тәрбиесі амалдары мен тәсілдерін және әскери денешынықтыру жаттығуларын (найзамен, қылышпен және т.б.), феодалдардың қажеттілігіне бейімделген, жағдайға, тілек-ниетке сәйкестелген мағынадағы әскери-гимнастика, атқа салт мініп жүру түрлеріне үйрететін мұғалімі кәсібі пайда болды.
Дене мәдениетін капитализм кезеңінде буржуаздардың өздерінің саяси үстемдік етулерінің негізін нығайту мақсатындағы қызметке қойылды және адамдарды буржуазиялық құрылысқа берілу рухында тәрбиелеуге пайдаланды. Ал пролетариаттың, үстемдік етуші тап сияқты дене мәдениетін өз орталарында кең және еркін дамытуға мүмкіндіктері болмады. Капитализм дәуіріндегі дене мәдениетінің даму ерекшеліктерінің бірі қалалардың дамуына және халықтың урбанизациялануына (қалалықтарша өмір сүруге көшу процесі) байланысты, қалалар мен ауылдық жерлердегі дене мәдениеті түрлерінің арасындағы айырмашылықтардың тереңдей түсуінде болды. Өткен кезеңдердегідей ауылдық жердегі денешынықтыру жаттығулары, ойындары мен ойын-сауықтарының негізгі түрлерінің сол күйінде қалғанымен, қалаларда денешынықтыру жаттығулары қалалық еңбектің түріне қарай тым көбірек қалыптасты. Сонымен бірге, халық пен үстемдік етуші тап арасындағы дене мәдениетінің айырмашылығы тереңдей түсті.
Бұл жерде маңызды бір жағдайға кеңіл аудару керек. Егер алдыңғы өткен үстем таптарды қоғамдық-экономикалық формация (құрылыс) кезінде, халықтың денешынықтыру мәселесі қызықтырмаған және тіпті халықтық ойындар мен ойын-сауықтарға қарсы күрескен болса, ал капитализм кезеңінде буржуаздар бұқара халықтың денешынықтыру тәрбиесі мәселелерімен шұғылдануна жағдай жасап және оны дамытуға мәжбүр болды.
Өйткені, отаршылық үшін соғысқа, көптеген әскерді құруда, әскери-денешынықтыру дайындығы бар жауынгерлер талап етілді. Сонымен бірге, көпшілік бұқара халықты берілгендік, бағыныштылық, көнгіштік рухында тәрбиелеуге тарту, ұлтшылдық және кек, қарымта қайтару сияқты сезімдерді халықтың санасына енгізу мақсатында буржуаздар әртүрлі спорттық және гимнастикалық ұйымдарды пайдаланды.
Буржуазиялық спорттың дамуы, халықаралық спорттық ұйымдардың құрылуына себепші болды. Ал халықаралық спорттық ұйымдардың құрылуының, әртүрлі елдердегі спорттық қозғалыстардың кең түрде таралуына ықпалы орасан зор еді. Осы кезеңдерде Халықаралық олимпиадалық комитеттер ұйымдастырылып, олимпиадалық ойындар жаңадан өткізіле басталды.
Буржуазиялық спортпен бірге бұқаралық спортта қайта жанғырып, дамып, алғашқы халықаралық спорттық жұмысшы ұйымдар құрылды.
Дене мәдениетінің басқа қоғамдық құбылыстар сияқты, өзінің әлеуметтік қызметі бар. Біздің қоғамда бұл қызметтер адамның жан-жақты рухани және денесінің үйлесімді дамуының жетілуіне көмек береді.
1. Қоғамдық құбылыстар сияқты дене мәдениетінің ең басты әлеуметтік қызметі барлық Қазақстан халықтарының тәрбиесіне ықпал ету болып табылады. Әрине тәрбиелеу қызметі тек бір дене мәденитіне тән деп айтуға болмайды. Адамды өмірдің өзі, әртүрлі қарым-қатынастар арқылы, яғни мектеп, жоғары оқу орны, кәсіподақ және жастар ұйымдары тәрбиелейді.
Дене мәдениеті жеке тұлғаның дүниеге көзқарасын, саяси тәрбиесін және идеологиялық дайындығын қалыптастыруға ықпал етеді. Дене мәдениеті және спорт ортасында, адамдар үнемі әртүрлі өзара қарым-қатынастар мен байланыстарда болады. Бұл өзара қарым-қатынастар мен байланыстар бірдей, бір реттегі, тәртіптегі ұйымдасқан түрде немесе қарама-қайшы ретсіз, тәртіпсіз күйде болады. Осыдан барып тәрбиенің оңды жақтарының ықпалының тиімді немесе кері әсер етілуін байқауға, яғни дене мәдениетінің тәрбиелік ықпалының оқды жақтарының бағыттары көбінесе кәсіби мамандардың (педагогтар, жаттықтырушылар, ұйымдастырушылар, жетекшілер) педагогикалық және саяси жетілуіне байланысты болады.
Дене мәдениеті адамдардың ақыл-ой қабілетін тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, себебі ол ғылым мен техниканың әртүрлі саласында терең білімді талап етеді. Осыдан барып жеке тұлғаға қажетті дене дайындығын жетілдіру, денсаулығын нығайту, спорттық жетістіктерге қол жеткізу сияқты мүдделер мен құндылықтарды қалыптастырады.
Спортта өнегелілікке тәрбиелеудің маңызы өте зор. Дене мәдениеті мен спорттық қызмет барысында жеке тұлғада адалдық, ерлік, сенімділік, қоғамдық игілілікке ынталылық, жеке басы мен ұжым алдындағы жауапкершілікті арттыру, тәртіптілік, жоғары рухани мәдениет сияқты және т.б. сапалар мен адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Дене мәдениеті эстетикалық (көркемдік таным) тәрбиеге де ықпал етеді, өйткені онда дене дайындығы жетілген адам, таңғажайып зәулім спорт сарайы, гүлденген спорттық шеру мен мерекелер, әсем де көз тұндырарлық қимыл-қозғалыстар, сұлу да әдемі көркем жаттығулар, ұмтылыс әрекеттері және т.б. сол сияқты, өте сымбатгы керемет туындылар мен түсініктер бар.
Дене мәдениеті саласындағы тәрбиелік мұрат мақсаттар мен көкейкесті мәселелер, тек қана оның кейбір ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен бірге, жалпы педагогикалық және жалпы саяси жолдармен және әдістермен шешіледі. Біздің қоғамымыздың жағдайында жеке тұлғаны интеграциялау мен социализациялаудың ереекше күрделі және маңызды процестерін жүзеге асыруда, дене мәдениетінің айтарлықтай маңызы бар.
Жеке тұлғаны интеграциялау дегеніміз, көпшілік қауым санасын бір бағыт пен жолға біріктіру, қоғам көзқарасы мен өнегелілікті кең түрде тарату, өркениетгі ел мен қоғам мүддесін жеке өз көзқарасына және сеніміне айналдыру деп түсінуге болады. Халыққа тәрбие беруде, мәселе шешуде, жеке тұлғаны интеграциялау процесінде дене мәдениеті маңызды роль атқарады.
Жеке тұлғаны социализациялау - бұл адамдарды қоғамдық өмірге және қызметке тартып қатыстыру, қоғамда бір-бірімен жан-жақты, өзара қарым-қатынаста және өзара тәуелді болуы. Дене мәдениеті саласында қоғамдық жұмыс пен адамдардың қарым-қатынасы процесінің өзі (тек қана таза спорттық қызмет емес, сонымен бірге көрермен ретінде жанкүйірлік процесінде) жеке тұлғаны социализациялау жолдарының бірі болып табылады.
2. Адамдарды жоғары енімді шығармашылық еңбекке және Отанды қорғауға дайындау дене мәдениеті және спорттың әлеуметтік қызметіне жатады. Сондықтан, тек қана дене күшін емес, сонымен бірге, қимылдық және кәсіби-қолданбалы дағдыларды дамытудың әртүрлі амалдары мен әдістері пайдалынады.
3. Ең маңызды әлеуметтік қажеттілік, қатынастық қызмет - адамдармен қарым-қатынас қажеттілігін қамтиды.
Дене мәдениеті, біздің қоғамымыздың мәдениеті ретінде, өзінің табиғи болмысынан адамдардың бір-бірінін мүддесі негізінде, көпшілікпен кең ауқымда байланыста болу сияқты, қарым-қатынас қасиеттері мен сапаларын дамытуға мүмкіндіктер туғызады. Көпшілікпен қатысу процесінде адам тек езінін рухани және дене қабілетін дамытып қоймай, сонымен бірге, адамдарды бір-бірімен біріктіріп ұйымдастыратың жарыстастыққа тарту, көмек беру, жеке тұлғаның ұжым алдыңдағы, ұжымның жеке тұлға алдыңдағы жауапкершіліктерін дамыту, бір-біріне сену және бір-біріне көмек беру, қол жеткізген тамаша жетістіктерінен бірлесе отырып ләззат алу сияқты, қоғамдық мүдделер құндылықтар мен арман-мұраттар пайда болады және қалыптасады. Жеке, тұлғаның мәдени дамуының ең қажетті түрі-қатынас болса, ол жеке тұлға арқылы-барлық қоғамға қатысты болады.
4. Адамдардың әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға, шын мәніндегі қоғамның мүддесі, сол сияқты, жеке тұлға мүддесі, сонымен бірге жоғары тіршілік әрекеті мен өмірге икемділік негізінде жатқан білім, сенім, мықты денсаулық, жақсы дамыған дене дайындығы мен қозғалыстық дағды қызметіне шығармашылық қатынас пен барлық уақыттағы әлеуметтік-психологиялық дайындық қажет.
Көпшілік бұқара халықтың әлеуметтік белсенділігін көтеру осы заманға тән құнды қасиеттердің бірі болып табылады, яғни күнделікті еңбекте, танымда, қоғамдық қатынас ортасында, дене мәдениеті мен спортга байқалады. Еліміздің дене мәдениеті қозғалысын дамытудағы нәтижелі еңбегінің арқасында көптеген Республика тұрғындары, осы қызмет түрінде өздерінің қабілетін ашуға, мемлекет мүддесі мен мақсаттары міндеттерін шешуге белсене араласып, ат салысуға көптеген мүмкіндіктер алды.
Дене шынықтырушылар мен спортшылар қоғамдық-саяси жұмыстардың науқанына белсенді түрде қатысады. Олар Отанды қорғаудағы әскери істерде ерлік жасайды, адамгершілікте, сонымен бірге, денешынықтыру және спорт дайындығында, еңбекте және өмір кезеңдерінде басқаларға үлгі болады.
Мысалы, спорттағы әлеуметтік белсенділіктерді, бұқаралық спорттан, рекордтардың, спорттық жетістіктердің өсуінен, сондай-ақ жеке адамдардың, яғни жаттықтырушылардың, дәрігерлер мен ғалымдардың, ұйымдастырушылардың күш салып тырысып атқарған еңбектерінен байқауға болады. Спортта ғана адам өз мүмкіндігінің шегіне жетеді немесе шегіне жақын жағдайда мүмкіндік күші ашылып көрінеді. Мысалы, рекорд жасау бұл тек бір емес бірнеше адамның, сонымен бірге, тұтас ұжымның, айта берсек қоғамның, адамзаттың нақты мүмкіндігінін көрінуі болып табылады.
Сонымен бірге, белсенділік дене мәдениеті мен спорт ортасынан бөлек дүние емес. Ол қоғамдық-саяси және еңбек белсенділігімен тығыз байланысты.
5. Адамдардың туғаннан бойына біткен қимылдық-қозғалыс қызметінің күштері жинағының (потенциал) өз өмірінде толық пайдаланбаған мүмкіндігін дене мәдениеті мен спорт ашуға мүмкіндік жасайды және толығымен дамытады, сонымен бірге, қимылдық сапасы мен күшінің, шыдамдылығы мен жылдамдығының шегіне жету мүмкіндігінен мәліметтерді кеңейтеді.
1896, 1900 жылдары өткен І-ІІ олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен рекордшыларының қол жеткізген көрсеткіштерін естеріңізге алыңыздар. Қазіргі уақытта ол көрсеткіштерді қатардағы ІІ-ІІІ дәрежелі спортшылар орындап отыр.
Ғалымдардың анықтағанындай, адам өзінің өмірінде, орталық жүйке жүйесі мүмкіндіктерінің шамамен 15 пайызын ғана пайдаланады екен. Жүйке жүйесі ағза қызметінің және күрделі өзара байланыс пен өзара қарым-қатынасты жолға қою процесі кезінде жетіледі. Осындай қызметтің түрімен дене мәдениеті мен спорт айналысады.
6. Денсаулықты нығайту, картаю процесімен күресу, адам өмірінің жасын ұзарту - бұл қазіргі біздің қоғамымыздың ең басты міндеттерінің бірі. Денсаулықты сақтау шараларының жиынтығында, денешынықтыру жаттығулары мен сиорттың маңызы өте зор. ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген француз дәрігері Тиссо "Қимыл-қозғалыс өзінің әсер етуімен кез келген дәріні, кез келген әдіс-амалды алмастыра алады. Ал дүние жүзінің емдеу әдіс-амалдарының бірде-біреуі қимыл-қозғалыс әрекетінің адам ағзасына беретін пайдалы әсерін алмастыра алмайды" деп жазды. Денешынықтыру жаттығуларының адамға әсер етуі ерекше, әр алуан болады. Дұрыс әдіспен қолданғанда, ол барлық адам ағзасы мен жүрек-қантамырларына, дем алу, ас қорыту жүйелеріне пайдалы әсер етеді. Сол сияқты, денешынықтыру жаттығулары күшті, жылдамдықты, шыдамдылықты, төзімділік пен қажырлылыкты дамытуда, ағзаның өсіп-өнуі және орталық жүйке жүйесінің қызметін жетілдіруде маңызды рөл атқаратыны баршаға белгілі. Қазіргі заман ғылымы денешынықтыру жаттығуларының орталық жүйке жүйесіне екі бағытта әсер ететінін анықтап отыр:
- денешынықтыру жаттығуларын және спорттық жаттығу сабақтарын дұрыс әрі орынды пайдалану ақыл-ойдың еңбек ету қабілетін жоғарылатуға мүмкіндік туғызады.
- денешынықтыру жаттығулары әртүрлі спорт түрлері бойынша жаттығу сабақтары процесінің өзі, шаршап, қажыған ақыл-ойды қалпына келтірудің бірден-бір жолы болып табылады.
Сонымен, дене мәдениетінің көпшілік бұқара халыққа кең түрде таралуы, адамдардың денсаулығын нығайтумен қатар, дененің шынықтыру дайындығын дамытуға, еңбек ету қабілетін жоғарылатуға, еңбек өнімділігін арттыруға және біздің мемлекеттің ғылымы мен техникасының қуатының өркендеп жетілуіне әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет