Лекция. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық»


- лекция. Өнердегі типтік мәселесі. (2 сағат)



бет2/9
Дата25.05.2023
өлшемі198,5 Kb.
#97285
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекциялар -Қазіргі әдеби үдеріс жане әдеби сын

2- лекция. Өнердегі типтік мәселесі. (2 сағат)
Жоспар:1. Көркем шығармадағы типтік бейне.
2. Жазушының типтік бейне жасаудағы шеберлігі.
3. Типтік бейне ерекшелігі.Типтік жағдайлар мен типтік характердің бірлігі жайлы ғалымдардың ой-пікірлері.
4. Классикалық әдеби типтер және олардың қоғамдық-әлеуметтік негіздері.
Тип дегеніміз –бүкіл бір топ адамдарға тән қасиеттерді бір адамның басына жинақтап, нанымды етіп көрсету. Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Тургенов, Горький тағы басқа ірі жазушылардың шығармаларын тексергенде, олар өмір құбылысының тек қана сыртқы суретін көрсетіп қоймағанын, олардың сол өз дәуірлеріне тән образдар жасағандығын айқын көреміз. Көркем шығармаларда адамның өмірі, олардың өзара қарым-қатынастары, наным-сенімдері, ой-сезімдері, мінез-құлықтары суреттеледі. Бірақ жазушы шығармасында өзіне белгілі бір адамның сиптын көрсетіп қоймайды, сол адамның өмір сүрген кезіне, өскен ортасына дәл келетін көп адамдарға тән іс-әрекет, мінез-құлық, наным-сенімдердің ең керкті екшенділерін теріп алып, бір адамға тән сипат етіп көрсеьеді және солай болуы мүмкін екендігіне оқушыларын сендіреді. Міне адам – образы – тип деп осына айтамыз.
Жазушы бар нәрсені көркем образ арқылы суреттеп, басқаларға жеткізу үшін, ол творчестволық қиялға сүйенеді. Әр адамда болатын ерекшеліктерді жазушылардың бір образда көрсетушіліктері – сол творчесволық қиялдың атқаратын жұмысы. Шығармадағы кейіпкерлер шын мәнінде тап сол қалпында кәдімгідей болған адамдар емес. Бұл образдар – жазушылардың көркем қиялдары арқылы жасалған образдар. Бірақ, бұл образдардың негізінде шындық жатқандығына, олардың қалай жасалғандығының тарихын тексерсек, оп-оңай сенеміз.
Сонымен қатар біз әдебиетте тұп-тура фантазиялық образдарды, фантазиялық дамдарды жиі кездестіреміз. Бірақ бұл образдарды жаағанда да жазушы материалдарды шындық өмірден алады. Фантазиялық образдар шындық өмірде ешбір болмаған болса, жазушы ондай образдарды жасай алмаған болар еді. Фантазия әдісімен жасалған образдар арқылы жазушы шындық өмір құбылысын екінші түрде айтып береді.
Қоғам қатынасындағы және адам баласының психологиясындағы ең ерекше, ең керекті деген нәрселерді әр жазушы өзінің таптық тұрғысынан қарап, әр түрлі түсінеді. Міне, көркем типтердің әр түрлі болып жасалуының негізі осында. Дүни жүзі әдебиетінде кездестіретін әр түрлі типтеріміз де осыдан келіп шығады.
Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалдарды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады.
Типтік образ жасаудың осы шарттарының бәрі, түптеп келгенде, көркем әдебиетте ақиқат шындықтың ең негізгі заңдылықтарын көрсету үшін керек. Мәселен, әдебиеттегі бір байдың образы өмірдегі бірнеше байдың, бір кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшеліктерінен құралады да, тип болады. Сол арқылы ақиқат шындықтағы байлар ортасы мен кедейлер ортасындағы тіршілік-тағдыр заңдылықтары танытылмақ. Итбай мен Игілік, Амантай мен Дәркембай солай жасалған. Әйтпесе, дәл осындай адамдар ақиқат өмірдің дәл осынау сом тұлға, мықты мінез қалпында болды деп ұғу қате. Типтендіру бір адам арқылы өмірдегі мың адамды бір-ақ қамтып көрсетеді. Адам бар жерде мінез бар. Ал өмірдегі алуан түрлі мінездің әдебиетте жинақталған бір тұтас типі бар.
Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізгі және шешуші тенденциясын байқауға болады. Айталық, қазақ қоғамының өткен ғасырдағы ұнамды қасиеттерінің бір алуанын М.Әуезов Абай тұлғасына шоғырлап, тұтастыра танытқан десек, осындай парасат өкілдерінің енді ХХ ғасырдың бас жағында с.Мұқанов Асқар образы арқылы көрсетті. Абай мен Асқар, Мейрам мен Қайрош әрқайсысы әр тұстың типтік тұлғасы, әрқайсысында өзгеге ұқсамайтын, тек өздеріне ғана тән өзгеше мінез-құлық, іс-әрекет, болмыс-бітім бар. Солай болғанмен, осыларда бір-біріне деген ұқсастық бар, бұларда бір түрлі парасат тұтастығы бар; бірін-бірі жалғастыратын, бірін-бірі толықтыратын тәрізді.
Әдеби типтің мынадай жайттарын да ескеру артық емес. Онша дәлелдеуді қажет етпейтін нәрсе – типтің белгілі бір қоғамдық ортадан көп және жиі кездесетін қасиеттен жинақталатыны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет