Лекция. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық»


-лекция. Көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі (2 сағат)



бет6/9
Дата25.05.2023
өлшемі198,5 Kb.
#97285
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекциялар -Қазіргі әдеби үдеріс жане әдеби сын

10 -лекция. Көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі (2 сағат)
Жоспар:
1. Әдеби даму және дәстүр жалғастығы.
2. Дәстүр жалғастығының үш тұрғыда көрінуі.
3. Дәстүр мен жаңашылдық бірлігі.
4. Қазақ әдебиетіндегі көркемдік дәстүрлер.
5. Абай дәстүрі және оның поэзиясындағы жалғастығы.
6. Әлемдік әдебиет дамуындағы озық дәстүрлер ықпалы.
Әдеби процесс – әдеби даму. Көркемдік даму заңдылықтары. Адамзат мәдениетіндегі сабақтастық. Әдеби даму және дәстүр жалғастығы. Дәстүрді шығармашылықпен игерудің жаңашылдыққа әкелетіндігі, ал жаңашылдықтың негізінде жаңа дәстүр туындайтындығы туралы ұғым. Төл әдебиетіміздегі көркемдік дәстүрлер, олардың сөз өнерінің дамып, өсуіндегі мән-маңызы. Дәстүрдің маңызын мойындамайтын көзқарастарға сын.
Көпшілік зерттеушілер дәстүр мен жаңаның әдебиеттегі орнын, тағдырын байқауға ұмтылды. Бір жанрдың ішкі сыры ретінде ғана қаралмай қазақтың байырғы әдебиетінің ұлттық сипаттары жаңа дәуірде жаңа жанрдың туып қалыптасуына қалай әсер еттетінін сөз етеді. Е.Р. Лизунова роман жанрын зерттегенде, қазіргі эпосты айтқанда, оның арғы тегін қазақтың бай эпикалық мұрасынан шығарады, яғни бұрынан күрделі сюжетті, шебер композициялы, сан тұлғалы фольклорлық туындылары болған әдебиеттің жаңа кезеңде өзіне табиғи дәстүрлік әлеуметтерін сақтауы заңды екенін көрсетеді. Әрине қазақ прозасының өсіп амуына басқа да факторлар ықпалын тигізді. Дегенімен, ұлттық дәстүрдің жаңа ролінің орны бөлек..
Жақсы дәстүр ұлттық көркем шығарманың қаны мен сөлі сияқты: оның жақсы мазмұнын да, оған лайық фформасын да аңғартады. Мазмұн мен форма бірлікті байқатса, ұлттық дәстүр сол бірлікті айқындай түсетін фактор. Мұның басты себебі ұлтты мінез-құлықтың, психиканың ұзақ тарихтық түзілісте белгілі бір тұрақтылыққа ие болуынан: дәстүр осының сәулесі, яғни характердің көрінуі.
Дәстүр тек алдымен әдебиеттік, өнерлік көрініс емес. Дәстүр, әдет, салт, үрдіс, тіпті дағды, ғұрып деген сөздер кең мағынада адам мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сінген қылықтар. Демек, ұлттық дәстүр тез өзгеріп немесе жоғалып кете қоймайтын құбылыс.
Әдебиеттегі ұлттық дәстүр әрбір халықтың, ұлттың өмірді көркемдік, образдық жолмен тануынан шығып қалыптасқан.
Абай туындылары қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңалықты толық аңғартады.. Әрине, Абай шығармалары үнемі ескіні бұзып, өзінен бұрынғы жақсы дәстүрлерді де мансұқ етті деген ұғым тумасқа керек.. Қайта Абай өзі халық поэзиясының жарамды дәстүрлерін батыл қабылдап отырған, көп жерлерде оны ұстартып, тереңдетіп падаланар орнын таба білген. Қазақ поэзиясындағы Абайдың ұлы жаңашылдық орнын жаңалық пен дәстүрді бір-біріне қарасы қою арқылы емес, қайта жаңалық сол жақсы дәстүрлер топырағында туып қалыптасқан деп таныта елемыз.
Дәстүр мен жаңалықтың өзінен тек уақыт өлшеміне қарай ғана ажыратуға болғандай. Жаңалық мейлі форма жағынан болсын, мейлі мағына жағынан болсын әдебинттің қаны мен жанына дәл келсе, дәстүрге айналып кетуі де мүмкін.
Сонымен, дәстүр, жаңалық көбіне бірін-бірі толықтырып,бірінің бірі жалғасы болып отырмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет